Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 911 Қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
V «Қаржы активтерімен жасалатын операцияда бойынша сальдо» бөлімінде:
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
09 «Басқалар» ішкі функциясында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» әкімшісі бойынша:
«2 095 000» деген сандар «4 095 000» деген сандармен ауыстырылсын;
016 «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасында:
«2 095 000» деген сандар «4 095 000» деген сандармен ауыстырылсын;
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
«7 672 436» деген сандар «1 000 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«057 «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» 7 672 436» бағдарламасы алынып тасталсын;
«081 «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» 1000 000» бағдарламасымен толықтырылсын;
«011 «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ-ның капиталын ұлғайту» 2 099 562» бағдарламасынан кейін:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» 4 672 436
014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» 4 672 436»;
3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
1-тармақта:
18) тармақшада:
«259» деген сандар алынып тасталсын;
«262-2» деген сандардан кейін «, 262-3» деген сандармен толықтырылсын;
29) тармақшада «375» деген сандардан кейін «, 375-1» деген сандармен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 259-қосымша алынып тасталсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 262-3-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 375-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 қазандағы
№ 911 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
262-3-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Парасат» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген 081 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; 2007 жылғы 28 ақпандағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1057 «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 758 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған (І кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау:
елімізде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету. Жеке және кәсіпкерлік секторлардың ғылым дамуына қатысуын ынталандыру, соның ішінде ғылыми-зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру жолымен жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды таңдау, талдау, сараптау, мониторингілеу және өзге де іс-шараларын жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ Р/ с | Бағдар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асы- ру мер- зі мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 081 | | «Парасат» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптас- тыру | Ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету мақсатында, соның ішінде ғылыми-зерт- теулер және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржылан- дыру жолымен «Ғылым қоры» АҚ еншілес ұйымының жарғылық капиталын толықтыру үшін «Парасат» Ұлттық ғылыми-техно- логиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | Жыл бойы | Қазақстан Республика- сының Білім және ғылым министрлігі, «Парасат» Ұлттық ғылыми технологиялық холдингі» АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы «Ғылым қоры» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Соңғы нәтиже:
ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдайтын кешенді жүйелер құру; ғылыми-техникалық өнімдер және қызмет көрсету нарығын капиталдандыруды арттыру; 2012 жылға тәжірибелі ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 5 перспективалық жобаны өндіру.
Сапасы:
- «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру;
- елімізде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 қазандағы
№ 911 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
375-1 қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | «Зерде» ұлттық инфокомму- никация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | Ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникация- лық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымының жарғылық капиталын толықтыру үшін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ақпарат- тандыру және байланыс агенттігі |
Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу.
Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы.
Қаржылық—экономикалық нәтиже:
Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды.
Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.