«электрондық үкіметтің» қызметтеріне қол жеткізілімді қалыптастыру және қамтамасыз ету;
заманауи ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен азаматтарға тиімді жаппай ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
«электрондық үкімет» инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
деректерді беру ашық желілері арқылы қорғалған электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкіншілігімен әртүрлі банкалық төлем жүйелеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдаланушылардың сәйкестендірілген қол жеткізілім тетігін құру.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік деректер базасын құру | 1. Жобаны басқару жөніндегі қызметтерді сатып алу, «Е-лицен- зиялау» МДҚ әзірлеу, дамыту және енгізу. 2. Жоба алдындағы зерттеу. 3. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесін құруға Техникалық тапсырманы әзірлеу. 4. Техно-жұмыстық жобалау. 5. Жүйенің функционалдық моделін әзірлеу. 6. Пайдаланатын құжаттамаларды әзірлеу. 7. Е-лицензиялау порталының дизайны және ақпараттық толтыру. 8. Техникалық құралдарды сатып алу. 9. «Жылжымайтын мүлік тізілімі» МДҚ дамыту және енгізу жөніндегі қызметтерді сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
3 | | 102 | Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру | 1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» порталына бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту. 2. Рұқсат етілетін есеп саласында АБА АЖ құру. 3. Лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 4. Техникалық құралдарды сатып алу. 5. Жүйенің аудиті. 6. Жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді сатып алу. 7. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 9. Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін Біріктірілген ақпарат жүйесін құру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
4 | | 106 | "Government to Government", "Government to Consumer" қызметтерін көрсететін кешенді жүйе құру | 1. Интернет-порталды дамыту. 2. Техникалық тапсырманы, технжұмыстық жобаны жетілдіру. 3. Оқыту, жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді сатып алу. 9. «Электрондық қызметтердің порталы» модулін кеңейту және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
5 | | 108 | Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау | Қазақстан Республикасы ұлттық сәйкестендіру ашық кілттерінің инфрақұрылымын құрудың үшінші кезеңін іске асыру: 1. Жобаны басқару. 2. Техникалық құралдарды сатып алу. 3. Лицензиялы бағдар- ламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 4. Ұлттық куәландырушы орталығын дамыту. 5. Байланыс қызметін төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
6 | | 109 | «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру | «Электрондық үкімет» инфрақұрылымын қорғау жүйесін құрудың үшінші кезеңін іске асыру: 1. Техникалық құралдарды сатып алу. 2. Лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 3. Қорғау құралдарын орнату және күйге келтіру жөніндегі қызметтер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7 | | 112 | «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» автоматтандырылған жүйесін құру | 1. Веб-портал БҚ дамыту, жетілдіру, «Төлемді шлюз» қолданбалы БҚ әзірлеу. 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Техникалық құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Рұқсат берілетін құжаттарды есепке алу саласындағы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін пайдалануға енгізу. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне бір нүктеден қол жеткізуді қамтамасыз ету. Интерфейстің, қауіпсіздікті және сенімділікті пайдаланушылық қарапайымдылығы ретінде осындай функционалдық емес талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасының адамзат әлеуетін дамытуға, Қазақстан Республикасы халқының ортасында Интернет желілерін пайдаланушылар санын арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасында Интернет желісін пайдаланушыларының санын жоғарылататын веб-порталды әзірлеу; Мемлекеттік органдар үшін куәландырушы орталығының үзіліссіз жұмыстарын қамтамасыз ету, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және ЭҚАБЖ қатысушыларына тіркеу куәліктерін беру; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін Ұлттық куәландырушы орталығын құрудың 3-ші кезеңін іске асыру: Ұлттық куәландырушы орталығының Резервтік жүйесін құру, 10 құру және 18 Тіркеу Орталықтарын дамыту; Е-үкімет ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерін болжау, айқындау, ескерту мен болдырмау және олардың ықпал ету салдарын жою мүмкіншілігі. Жылжымайтын мүлік және оған құқықтар туралы орталықтандырылған дерекқор қалыптастыру. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рұқсат беру құжаттарын беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
378-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 852952 мың теңге (сегіз жүз елу екі миллион тоғыз жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;
2) бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және мерзімдік талдауын жүргізу;
3) мамандандырылған оқыту орталықтарын құру және АТ-мамандардың біліктілігін арттыру;
4) Интернет желісінің қазақстандық сегментін толтыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ақпаратты-танымдық бағдарламаларды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Бағдарламасы іс-шараларының қоғамдық қолдауын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | 1. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 1) Компьютерлік сауаттылықтың күрделі деңгейімен деңгейлеріне сәйкес компьютерлік сауаттылықты растайтын құжатты әзірлеу; 2) Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау жөніндегі жобаны басқару; 3) Қазақстанның өңірлерінде аймақтарында Интернет желісіне қол жеткізім қызметтер; 4) Қазақстан өңірлерінде техникалық жабдықтарға жүйелік техникалық қызмет (ТЖҚ) көрсету. 2. Бағдарламаны іске асырудың жай-күйінің мониторингі: 1) Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижелерін талдау мониторингін жүргізу жөніндегі жобаны басқару. 3. Отандық АТ-мамандарды даярлау: 1) Ақпараттық технологиялар мен менеджмент саласында қашықтан және күндізгі оқыту оқу-консалтингтік орталығын дамыту; 2) Ақпараттық технологиялар мен менеджмент саласында қашықтан және күндізгі оқыту оқу-консалтингтік орталығының жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны басқару; 3) Ақпараттық технологиялар Интернет-университетінің қазақстандық ақпараттық-білімдік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу. 4. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру: 1) Ақпаратты-танымдық және іздеу порталдарында ақпараттық ресурстарды зияткерлік іздеу жүйесін дамыту; 2) Ақпараттық технологиялар саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталды дамыту; 3) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бейнеконференциялар, семинарларды ұйымдастыру; 4) БАҚ арқылы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысын жариялау: - ҚР ақпараттық теңсіздікгі төмендету бағдарламасының іс- шараларын іске асыру барысын БАҚ арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде (жарнамалық материалдарды, РR-мақалаларды, ТД-роликтерді, баспа материалдарды-үнпарақтарды, плакаттарды және с.с. пайдалана отырып), Веб-сайттарды, «дөңгелек үстелдерді» жариялау; - жобаны басқару. 5. Техникалық құралдарды сатып алу. 6. Лицензиалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, астана, Алматы қалаларында компьютерлік сауаттылыққа оқытылған халық 6,4%-дан кем емес;
2) отандық АТ-мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
3) халық үшін Интернет желісінде ақпараттарды ыңғайлы және сапалы іздеу;
4) халыққа веб-портал арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті және танымдық ақпараттарды беру;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысын мемлекеттік және орыс тілдерінде ірі ауқымды жариялау.