| | | | 32. Қазақстанда экологиялық ахуалды бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер, табиғи ресурстарды пайдалану деңгейі, қоршаған ортаға шаруашылық қызметтің әсері және оған қолайсыз ықпалды төмендету үшін қолданылатын шаралар және өзге де; 33. Қытай Халық Республикасымен бірге екі тараптарда да бар суды тұтынуды, суды бұруды нормалау, су ресурстарының сапасы мәселелері, суды үнемдеуіш технологиялар, суды пайдалануды оңтайландыру жөніндегі материалдарды бірлесіп зерттеу; 34. Сарқынды және коллекторлық-дренаждық сулардың зерттеулерін өткізу және оларды тиімді тазарту және суаруға қайталама қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 35. Балқаш маңының шөлейтті агроланд- шафттарының жер асты суларын қолданумен оазистік суару жүйелерімен экологиялық орнықтылығын арттыру тәсілдерін әзірлеу; 36. Өңірдің климатының өзгеруін ескерумен Сырдария өзені ағынының болжау әдістемесін әзірлеу; 37. Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінің химияландыру құралдарын қолдану кезіндегі техногендік ластануын және олардың топырақ қасиеттеріне және өңірдің экологиялық жағдайына әсер етуін зерттеу (Тасөткел суару массиві мысалында); 38. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өнеркәсіптік фтор бар шығарындылары ареалында суармалы жерлер топырақтарының қазіргі заманғы экологиялық жағдайын кешенді бағалау және фторидтердің әрекетін төмендету жөнінде ұсынымдар әзірлеу; Жаңа тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер: 1. Шөлейттенудің ғарыштық ақпаратты қолданумен мониторингінің тұжырымдамалық негізін әзірлеу; 2. Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарға көшу мүмкіндігін бағалаумен автомобиль көлігінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми зерттеулер; 3. Экожүйеге биологиялық толыққанды суларды қайтарумен өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін цеолитті фоторезонанстық биобелсендіру қондырғысын әзірлеу және құру; 4. ЕМЕП/КОРИНЭЙР нұсқаулыққа сәйкес есептелетін эмиссиялар мөлшері мен кәсіпорындардың нақты шығарындылары арасындағы сәйкес- сіздікті талдауды өткізу; 5. Қазақстанның қатты тұрмыстық қалдықтарын басқарудың ұзақ мерзімді өңірлік бағдарламалары; 6. Батыс Қазақстан облысының айрықша жанды мұрасын сақтау және табиғи экожүйесін қайта қалпына келтіру жөніндегі іс- шараларды әзірлеу; 7. Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнының экожүйелеріндегі заттар мен энергия айналымының орнықты сипаттамалары және баланстық математикалық модель (50 жылдық мониторинг негізінде); 8. Озон қабатын бұзатын заттардың тұтынушылары секторының қазіргі заманғы дамуын бағалау және олардың озон қабаты мен климаттың өзгеруіне әсері. Секторлардың озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша міндеттемелерді орындау үшін қолданылатын шараларға бейімделудің мүмкіндіктері; 9. Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз кен орындарын өндіру ауданының экологиялық жағдайын ғылыми- техникалық бағалау; 10. Қазақстанда су- жер ресурстарын пайдаланудың шекті рұқсатты деңгейін экологиялық нормалаудың жүйелері; 11. Жабайы жемісті ормандардың биологиялық алуан түрлілігін сауықтырудың, көбейтудің биотехникалық әдістерімен сақтау және Маlus sieveril Ldb. M. Roem., Malus niedzwetzkiana Diesk бағалы генотиптердің реинтродукциясы; 12. Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аумағының қоршаған ортасы үшін жер асты суларының мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануын тәуекелді математикалық модельдеу әдісімен бағалау; 13. Шаған өзенінің әлеуетті әсер ету аймағында радиациялық жағдайды зерттеу; 14. Ластаушы заттарды эмиссияларының ұлттық шекті коэффициентін нақтылау және есепті Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық Комиссияға ұсыну, ЕМЕР бақылауымен шығарындылардың сандық және сапалық құрамын талдау. 15. Өңірлік атмосфералық үдерістерді және ауаның ластануын алыс қашықтыққа трансшекаралық тасымалдауын моделдеу. | | |
| | | | 16. Іле Алатауының таулы тау маңы аймағында сел және лай көшкіні құбылыстарының болуының алдын алу жөніндегі инженерлік- техникалық іс-шараларды әзірлеу; 17. Солтүстік Қазақстан облысы шегінде Есіл өзені бассейніне антропогендік әсерді зерттеу; 18. Солтүстік Қазақстандағы биоалуантүрлілікті экологиялық бағалау және оны оңтайландыру жөніндегі іс- шараларды әзірлеу; 19. 1:1 000 000 масштабында Қазақстан Республикасының мамандандырылған экологиялық карталарының жиынтығын құру және басып шығаруға дайындау; 20. Балқаш өзенінің экожүйесінің техногендік ластануын төмендету; 21. Қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің технологиялық үдерістерін әзірлеу және параметрлерін негіздеу; 22. Сәулеленуге ұшырау дозаларын анықтау үшін аппаратуралық-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; 23. Қазақстан Республикасын экологиялық аймақтау; 24. Қазақстан қалаларының экологиялық атласы; 25. Арал маңындағы экологиялық апат аймақтарында тұратын халықтың әлеуметтік-маңызды аурулардың себеп-салдарлық байланыс- тарын анықтау; 26. Гептилмен ластануға бақылаудың тиімді технологиясын әзірлеу және Байқоңыр ғарыш айлағында ғарыштық зымырандары баспалдақтарының құлау орындарында гептилдің адамға, жануарларға және өсімдіктерге әсерін зерделеу. 27. Шекті-рұқсатты деңгей нормативтерін белгілеу мақсатында қоршаған орта жай-күйіне радио жиілік диапазондарының электр магниттік өрістің әсерін зерттеу; 28. Қазақстан Республикасы атмосферасының техногенді ластануы деңгейіне олардың ықпалын болжау үшін шаруашылық қызметі объектілерінен эмиссияның сапалық және сандық құрамына жете зерттеулер жүргізу; 29. Қазақстан Республикасының барлық өңірлері (салалары) үшін орнықты даму индикаторлары (нысаналы көрсеткіштері) жүйесінің ғылыми негіздемесі; 30. Қазақстан Республикасы жағдайы үшін ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін арттыру моделін әзірлеу; 31. Су бассейндерінің, судың сапасы мен қасиетін зерделеуге кешенді тұрғынның ғылыми негіздемесі (Еуразиялық су орталығын құру мақсатында); 32. «Серпінді технологиялар және жобаларды» енгізу перспективасының ғылыми-экологиялық негіздемесі; 33. Елді мекендер аумақтарында қоршаған ортаның сапасын халықаралық стандарттармен үйлестірудің ғылыми негіздемесі; 34. Республикалық деңгейдегі объектілер үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу; | | |
| | | | 35. Орал-Каспий орнықты даму аймағы үлгісінде жеті экожүйелік аймақты құрудың ғылыми негіздемесі. 36. Шөлейтті жайылымдар фитомелиорациясының агроклиматтық негіздемесі; 37. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты ұсақ сорларды химиялық мелиорациялау үшін фосфогипсті қолданудың экологиялық қауіпсіз технологияларын әзірлеу; 38. Ақтөбе облысындағы шелейттену үдерістерінің қоршаған ортаның сапасы мен халық ден- саулығының жағдайына әсер ету қауіпінің нысаналық көрсеткіштерін және бағалау критерийлерін әзірлеу; 39. Батыс Қазақстан бойынша шөлейттену процесінің индикаторларын әзірлеу және мәліметтер банкін құру; 40. Экологиялық дағдарыс ошақтарында шөлейттену үдерістерін бағалау әдістерін және күрес шараларын әзірлеу; 41. Қазақстандағы қуаңшылықтарды зерттеу және болжау; 42. Қазақстанның құмды шөлдеріндегі дефляциялық үдерістер жиілігін зерттеу; | | |
| | | | «2007-2009 жылдарға арналған Балқаш- Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде: 1. Антропогендік факторлардың Балқаш -Алакөл бассейні халқының денсаулығының нашарлау тенденциясына әсерін зерделеу және бағалау; 2. Трансшекаралық су ағындарының ағындарын шекаралас елдердің суды алу көлемін ескерумен болжау әдістемесін әзірлеу (Іле және Ертіс өзендері мысалында); 3. Іле атырауының экожүйесін зерттеу және Іле өзені атырауындағы және Балқаш көліндегі биоалуантүрлілікті сақтау және өсімін молайту, Іле өзенінің төменгі саласының экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу; 4. Тентек өзені атырауы мен Сасық- көл - Алакөл өзендерінің экожүйесін зерттеу және өзендердің төменгі салаларының экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; | | |
| | | | 5. Балқаш-Алакөл бассейнінің рекреациялық әлеуетін кешенді игеру сызбасын ғылыми қамтамасыз ету; 6. Жер беті сулары ресурстарының күтілетін өзгерістері шарттарында БалқашАлакөл бассейнінің табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін әзірлеу; 7. Балқаш-Алакөл бассейні аумағының табиғи-ресурстық потенциалы және экологиялық жағдайы карталарының кешенін құру; 8. Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайының азық-түлік нарығының қауіпсіздігі мен сапасына әсерін бағалау; 9. Балқаш-Алакөл өңірі экожүйелерінің орнықтылығын арттырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Іске асыру мерзімі - ақпан-желтоқсан. Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес капиталдық трансферттерді есеп аудару. Іске асыру мерзімі - сәуір-желтоқсан. | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілген 89 тақырып, оның ішінде 47 жалғастырушы, 42 жаңа тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөнінде есептер мен ұсынымдар;
Қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерді және өндіріс қалдықтарының жинақталуын тұрақты деңгейде сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі және шекара маңындағы қазіргі заманғы экологиялық жағдайды бағалау, ірі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қолдану үшін ұсынымдар мен әдістемелерді әзірлеу; орнықты даму индикаторларының ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;
Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларын шешу.
Ғылыми-зерттеулік базаны дамыту үшін экология мен климаттың ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынатын болады.
Түпкі нәтиже: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, ел дамуының орнықтылығын арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдайлар жасау, елдің экологиялық жағдайдың әрі қарай нашарлауының және халық денсаулығына нақты және әлеуетті қауіптері алынатын болады; халықтың климат пен озон қабатының өзгеруінің, биоалуантүрліліктің қысқаруының, топырақ жамылғысының, судың, ауаның ластануының проблемалық мәселелерін қоса жаһандық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы ақпараттандырулығының артуы, бұл экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік көрнеулікті төмендетуге ықпал ететін болады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3 647 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: қоршаған ортаның сапасын оның тозу қарқынын азайту және анағұрлым қауіпті процестер мен үрдістерді тұрақтандыру жолымен сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
342-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1360243 мың теңге (бір миллиард үш жүз алпыс миллион екі жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстардың қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, елдің экономикалық әлеуетін ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи ресурстардың сарқылуы мен ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу, және реконструкциялау | Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұлттық метеорология орталығының құрылысы« (2007 жылғы 11 наурыздағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 23-70/07 қорытындысы); «Жамбыл облысы Тараз қаласында ағынды суларды толық биологиялық тазалау кешенінің құрылысы» (2005 жылғы 30 қарашадағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 7-602/05 қорытындысы). | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұлттық метеорологиялық орталығы құрылысының жұмыстар көлемін орындау, Жамбыл облысы Тараз қаласында ағынды суларды толық биологиялық тазалау кешені құрылысын басталуы.
Соңғы нәтиже: экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорын ұлғайту.
Уақыттылығы: жұмыстың орындалу жоспар-кестесіне және келісім-шартқа сәйкес.
Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
343-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1174880 мың теңге (бір миллиард бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) ратификациялау туралы 2004 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы 2003 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 920 қаулысы; «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында жерлердің шөлейттенуі және азып-тозуы процесін тоқтата тұру және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қуаңшылық жағдайларында жерді пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың азып-тозуымен күресу; «көмірсутегі квоталарымен» халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін бағалау; биологиялық алуантүрлілікті кеңейту; табиғи ресурстардың сарқылуының және ластануының алдын алу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көз- дер есебі- нен | Балқаш-9 қаласын- да «Дарьял-У» радио локальды станциясының конденсаторларын кәдеге жаратуға бастапқы дайындық жөніндегі учаске» жобасын іске асыру (Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың 2006 жылғы 28 шілдедегі № 2-403/06 қорытындысы) | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
3 | | 006 | Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен | Қарағанды облысы Шет ауданында «Қуаң жерлерді басқару» жобасын іске асыру, Астана қаласындағы және Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна кентінде Жобаны Басқару Тобының офистерін ұстау, оның ішінде операциялық шығындар, жалақы төлеу, іс- сапар шығындары, ұстауға, қызмет етуге, ғимарат, үй-жайды ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды, автокөлікті, ауыл шаруашылық техникасын және өзге негізгі құралдарды жөндеуге шығындар; байланыс қызметін төлеу; жылу үшін, электрэнергия, БАҚ-на жазылуына төлемақы, «1С: Бухгалтерия» сүйемелдеуін төлеу, брокерлік қызметті төлеу. Автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар төлеу. Тұқымды, бұта көшеттерін, тыңайтқыштар, ЖЖМ, гербицидтер, кеңсе тауарларын және құрауыш қосалқы заттар, ҚҚС төлеу, кедендік баж өзге де төлемдер түрі. Күн батареясын, биогаз қондырғысының су көтеру құрылғылары бар бес генераторын және екі тұқым тазалау машиналарын сатып алу, жарнамалар жариялау, теміржолдың тұйықталған басын жалға алу, автокөліктің техникалық қарау, консалтингтік қызметтерді сатып алу, фермерлерге ауылшаруашылық техникасына жөндеу. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
4 | | 018 | Грант есебінен | Қарағанды облысы Шет ауданында «Қуаң жерлерді басқару» жобаны іске асыру, Астана қаласындағы және Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна кентінде Жобаны Басқару Тобының офистерін ұстау, оның ішінде операциялық шығындар, жалақы төлеу, іссапар шығындары, ұстауға, қызмет етуге, ғимарат, үй-жайды ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды, автокөлікті, ауылшаруашылық техникасын және өзге негізгі құралдарды жөндеуге шығындар байланыс қызметін төлеу; жылу үшін, электрэнергия, БАҚ жазылуына төлемақы; «1С: Бухгалтерия» сүйемелдеуін төлеу, брокерлік қызметті төлеу. Автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар төлеу. Тұқымды, бұта көшеттерін, тыңайтқыштар, ЖЖМ, гербицидтер, кеңсе тауарларын және құрауыш қосалқы заттар, ҚҚС төлеу, кедендік баж өзге де төлемдер түрі. Күн батареясын, су көтеру құрылғысы бар бес генератор, биогаз қондырғысын және басқа да тұқым тазалау машиналарын сатып алу жарнамалар жариялау, теміржолдың тұйықталған басынжалға алу, автокөліктің техникалық қарау, консалтингтік қызметтерді сатып алу, фермерлерге ауылшаруашылық техникасына жөндеу. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12000 га тыңайған жерлерді қайта қалпына келтіру, 2300 га фитомелиорантарды жолақты егістікті жүргізу, 3,0 га көлемге бұта-көшеттерді өндіру үшін питомниктер салу, 3 га көлемге бұта көшеттерін отырғызу жөнінде жұмыстар жүргізу, сүт өнімдерін тапсыру көлемін арттыру және 15 млн. теңге мөлшерінде халыққа қосымша кіріс, мал шаруашылық және өсімдік шаруашылығының өнімін арттыру халықты қамтамасыз етудің 150 бірлік артуына әкеледі; мал асырау үшін 60 тонна жем дақылдарын тазалау, 5 фермер шаруашылығын күн батареясымен және биогаз қондырғысымен қамтамасыз ету, істемейтін 5 құдықты қалпына келтіру Жобаны бұдан әрі жылдары іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу (топырақ дайындау, тұқымдар және жабдықтар сатып алу).
«Дарьял-У» әскери базасында құрамында полихлордефинил бар (берік органикалық заттар) 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату.
Түпкі нәтиже: жерді қайта қалпына келтіру және оның тозуының алдын алу жөніндегі үлгілі жобаны іске асыру, жердің қуаңданумен және тозуымен күрес мәселелері жөнінде шешімдерді қабылдау үдерісіне халықтық барлық жіктерін қатысуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға полихлордефинилдың өтіп кетуінің алдын алу.
Қаржылық-экономикалық нәтижелер: жобалар қайтарымсыз негізде республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру қажеттігімен коммерциялық емес, шығынды болып табылады.
Уақыттылығы: жер танаптарын жобаны іске асыру жоспарына сәйкес өңдеу. Жұмыс кестесіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттамаға келісті әскери базада конденсаторларды кәдеге жарату.
Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттай араласусыз) кемінде 50 жыл қажет, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар осы кезеңді 20 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғары өнімділігі жердің табиғи түрде қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңірудің 3-4 есе көбеюін қамтамасыз етеді. Балқашқа полихлордифенилдің жайылу қауіпі жойылады.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
344-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1946921 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық алты миллион тоғыз жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 137-, 138-, 141-, 146, 149-151-баптары; 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 59-бабы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 16-1-бабы; «Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысының 2-3-тармақтары, 4-тармақтың 1-тармақшасы, 5-6-тармақтары; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесінің 59-бабындағы 1-4-тармақтары.