Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы
агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
арасындағы Сенiмгерлiк қордың Гранттық келісімiн (Қуаң жерлердi
басқару жөніндегі жоба) жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 920 қаулысы
Жердi тиiмдi пайдалану жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк Қордың Гранттық келісімiнiң (Қуаң жерлердi басқару жөніндегі жоба) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi Айткүл Байғазықызы Самақоваға Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Сенiмгерлiк қордың Гранттық келісімiн (Қуаң жерлердi басқару жөніндегі жоба) жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |