3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халық өмірінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау, ауа райының болжамдарын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу | Мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторингті 256 метеостанцияда, 276 гидрологиялық бекеттерде, 52 агрометеобекетте, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағдарларында болжамдық, режимдік-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін гидрометеорологиялық желінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін барлық шығындар мен ілеспе қызметтерді ескерумен енгізу («Жер беті сулары» бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын енгізу, метеостанцияның және гидробекеттердің орнын ауыстыру; су тасқынынан кейін қираған гидробекеттерді қалпына келтіру; мемлекеттік тапсырысты орындау үшін негізгі құралдар сатып алу; жаңа қадағалау пункттерін құру, стационарлық агрометеорологиялық пункттерді құру). | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 253 гидрометеорологиялық бюллетень, Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 253 гидрологиялық бюллетень, Қазақстан аумағы бойынша ауа райының ай сайынғы 12 бюллетені, 14 облыс және әкімшілік орталық бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 4318 болжамы, 14 облыс және әкімшілік орталық бойынша ауа райының апталық 728 және онкүндік 504 болжамы, облыстар бойынша қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі туралы пайда болуы бойынша апаттық ескертулер, күн сайынғы 97 қар көшкіні бюллетенін шығару, күн сайынғы 50 сел тасқыны бюллетенін шығару, Каспий теңізі бойынша апта сайынғы 52 бюллетень шығару, агрометеорологиялық апта сайынғы 36 бюллетень шығару.
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпарат алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органды (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орташа өлшемді шығындарының есебі: бір метеорологиялық станцияға - 4050,2 мың теңге; бір гидробекетке - 905,5 мың теңге; бір метеобекетке - 680,3 мың теңге; бір агрометеобекетке - 649,6 мың теңге; бір аэрологиялық станцияға - 224789,8 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
345-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 186000 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі; «Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділ сот ісін жүргізуге қол жеткізу туралы конвенцияны ратификациялау туралы« Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауды қолдау және басқару үшін.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау саласында мәліметтерді есепке алуды орталықтандыру, ҚР Қоршаған орта минінің құрылымдық бөлімшелерінің ішінде ақпараттық өзара әрекеттің жеделдік көрсеткіштерін және сенімділігін арттыру, табиғат қорғау іс-шараларын орындауға бақылауды арттыру, экологиялық рұқсаттарды қарастыруды және беруді автоматтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көздер есебінен | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, оның ішінде: «Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, «Табиғат пайдаланушылардың қаржылық-экологиялық қызметіне мониторинг», «Жобалардың экологиялық сараптамасының мемлекеттік жүйесі», «Табиғат қорғау іс- шараларына инвестициялауға мони- торинг», «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік база» ақпараттық жүйелерді дамыту, енгізу және көбейту. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, оның ішінде:
«Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг»,»Табиғат пайдаланушылардың қаржылық-экологиялық қызметіне мониторинг», «Жобалардың экологиялық сараптамасының мемлекеттік жүйесі», «Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялауға мониторинг», «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік база» ақпараттық жүйелерін дамыту, енгізу және көбейту.
Соңғы нәтиже: Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру.
Уақытылық: тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес шарттар жасау.
Қаржылық экономикалық нәтиже: шешімдер қабылдауды қолдау және басқару үшін ақпарат алу, деректерді тапсырған, өңдеген, іздеген және ақпаратты алған кезде жеделдік пен дұрыстығын жоғарылату.
Сапасы: қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару сапасын жоғарылату.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
346-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 558969 мың теңге (бес жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 137, 138, 141-146, 149-151-баптары, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 35, 58, 60 және 84-баптары, «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 46, 48-баптары; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-тарау, 27-бабы; «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы; «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 21-бабы; «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығының 1-тарау, 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасының 3.2.13, 3.2.15-тармақтары; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының аумағындағы бірегей және сирек ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 474 өкімі; «Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысының 7-тармағы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысының 1-3-тармақтары, 5-тармақтың 1-тармақшасы, 6-7-тармақтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысымен бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінің 7-тармақтағы 1, 2, 4-тармақшалары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 55, 68-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының (екінші кезең) 1-тарау, 1.1-бөлімі, 1.2.11-тармақшасы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы; «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халқы мен экологиялық жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізу, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің мемлекеттік жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу | Қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізу, оның ішінде: - қоршаған ортаның жай-күйіне бақылаулардың негізгі желісінде мониторинг жүргізу; - Арал маңындағы қоршаған ортаның жай-күйіне және халық денсаулығына мониторинг жүргізу; -«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - Каспий теңізі қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасының жай- күйіне мониторинг жүргізу; - Щучинск-Бурабай курорттық аймағының қоршаған ортасының жай- күйіне мониторинг жүргізу;- Нұра өзенінің бассейні қоршаған ортасының жай- күйіне мониторинг жүргізу; - уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізу; - Астана мен Алматы қалаларының аэродинамикалық ахуалына мониторинг жүргізу. Ауылды елді мекендерге радиациялық мониторинг жүргізу. Зымыран-ғарыш қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай- күйіне мониторинг жүргізу. Ауылды елді мекендердің экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізу. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күй туралы деректер; 14 көрсеткіш бойынша 42 метеостанцияда атмосфералық жауын-шашынның жай-күйі, оның ішінде 17 қышқылдық (сілтілігі) айқындалады және 35 метеостанцияда қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер; 76 су объектісінде, оның ішінде 18 трансшекаралық су объектісі бойынша 40 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулар жай-күйінің деректері; 5 көрсеткішке дейінгі 17 елді мекендегі топырақтың жай-күйі туралы деректер; радиациялық жай-күйдің деректері (75 бақылау пунктіндегі гамма-аяның өлшеулері, 43 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық түсулердің сынамаларын алу және талдау); Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторингтің деректері; Арал маңындағы, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Шучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі деректер туралы; уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат; Астана мен Алматы қалаларының аэросиноптикалық ахуалының жай-күйі туралы деректер; ауылды елді мекендерге радиациялық мониторингтің жай-күйі туралы деректер; зымырандық-ғарыштық қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректер;
Мемлекеттік органдарға шешімдерді қабылдау және халықты ақпараттандыру үшін ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетеньдердің шығарылуы. 185 ауыл округтарының ауылды елді мекендерінің экологиялық паспорттары.
Соңғы нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін қажетті қоршаған ортаның жай-күйі туралы дұрыс деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы есебінен шығындары мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7604,4 мың теңгені;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3345,2 мың теңгені;
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 407,8 мың теңгені;
айына радиациялық мониторинг бойынша - 337,1 мың теңгені;
1 айға бір станцияда аялық мониторинг жүргізудің құны - 179,4 мың теңге;
1 айға Арал маңындағы қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге;
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1250,5 мың теңге;
1 айға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге;
1 айға Щучье-Бурабай курорттық аймақтың қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге;
1 айға Балқаш көлі бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге;
1 айға Нұра өзені бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге;
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге;
1 айға Астана қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 116,3 мың теңге;
1 айға Алматы қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 150,8 мың теңге;
1 айға ауылды елді мекенді пункттердің радиациялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 4536,7 мың теңге;
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағы учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге;
1 пунктке ауылды елді мекенді пункттердің экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізудің құны - 125,8 мың теңге.
Уақытылық: мемлекеттік органдарды қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын ақпараттандыру.
Сапа: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогенді құбылыстардың кері әсер етуін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін экологиялық мониторингтің тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
347-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2388609 мың теңге (екі миллиард үш жүз сексен сегіз миллион алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 44-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі; 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелердің тозуын болдырмау және экологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы калаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | Облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін дамытуға арналған нысаналы трансферттерді атап өту: - бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және қайта жаңартуға: «Ақтөбе қаласы Елек өзенінде канализациялық тазарту имараттарын қайта қалпына келтіру« (2005 жылғы 24 шілдедегі Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың 2-366/05 қорытындысы); «Ақтау қаласында канализациялық- тазалау имараттарын (КТИ-2) салу» (2007 жылғы 7 мамырдағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 7-216/07 қорытындысы); «Орал қаласында суландыру ағынды канализациялық коллекторын салу» (2007 жылғы 20 шілдедегі Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 11-378/07 қорытындысы), 2008 жылғы 14 ақпандағы № 11-43/08, 2008 жылғы 14 наурыздағы № 11-76/08 «Өскемен қаласында тазалау имараттарын дамыту» (2006 жылғы 27 сәуірдегі Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 9-432/06 қорытындысы); «Балқаш қаласында тазалау имараттарын салудың басталуы» (2007 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 12-156/07 қорытындысы); - мынадай объектілерді салу және қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге: «Ақтөбе қаласы Елек өзенінің тазалау имараттары кешенін қайта жаңарту (ағынды канализациялық коллектор және сыйымдылығы реттейтін торап)» (2006 жылғы 30 қаңтардағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 2-42/06 қорытындысы); «Семей қаласының ағынды суларын биологиялық тазалаумен тазалау имараттарын қайта жаңарту және кеңейту»; «Балқаш қаласының тазалау имараттарын салу» (2007 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың № 12-156/07 қорытындысы). | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 объекті бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, 5 объекті бойынша құрылыс жұмысының орындалу көлемі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.