“Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы
(2006.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 10 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
13) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекітілсін.
2. Мыналарға:
ҚР Yкіметiнiң 2005.06.09. № 899 (бұр. ред. қара); 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің екі, орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының екі орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi төрағасының екi орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитеті төрағасының екi орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi төрағасының екі орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) қойылған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен жүктелген функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiң аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетiн саладағы, атап айтқанда ауыл, балық және су шаруашылығы, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң өсiмiн молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнiмдер мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеу бөлiгiнде өңдеу өнеркәсiбiн, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (iрiсiнен басқа), агроөнеркәсіп кешенiн техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жердi суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерiн қалыптастыру және iске асыру;
2) бәсекеге қабілеттi ауыл шаруашылығы тауары өндiрiсiн құрудың негізiн жасау, Қазақстан Республикасының азық-түлiктік қауiпсiздiгі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
4) агроөнеркәсіп кешенiн ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету болып табылады.
3. Министрлiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттiң және ?кіметтің кесiмдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар iстерi комитетi.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiк қабылдайтын шешімдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
7. Министрлiктiң толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесi.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары, мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болады.
Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, реттелетiн саладағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзiрлейдi, қалыптастырады және үйлестіредi;
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлейдi, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етедi, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделi ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты және реттелетін сала мәселелерi бойынша халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысуды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, реттелетiн сала мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік және әдiстемелiк құжаттарды, құжаттама нысандарын әзiрлейдi, бекiтедi және келiседi;
4) табиғи ресурстарды қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты түрде пайдалану жөніндегі iс-шараларды әзiрлейді;
5) ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберу үшiн елдi мекендердiң, жекелеген өңiрлердiң экономикалық перспективалылығын анықтауға негiзгi өлшемдердi айқындайды;
6) ауыл халқын оңтайлы қоныстандырудың схемасын әзiрлейдi;
7) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлейді;
8) реттелетін салада ғылыми кадрлар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестаттаудан өткен субъектiлер үшiн субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квотаны белгiлейдi;
10) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды бекiтедi;
11) көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әрбiр түр бойынша және әрбiр субъект тұрғысында субсидиялауға жататын сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квоталарын белгiлейдi;
12) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген Селекциялық жетiстіктердiң мемлекеттік тiзілімiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
13) астық қолхаттарының нысандарын, оларды берудiң, айналымының және өтеудiң тәртібін бекiтедi;
14) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемдерiн болжайды;
15) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне мемлекеттік тiркеу, көрсетiлген көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларға тiркеу жүргiзудiң және есепке алудың тәртібін белгiлейдi;
16) тиiсті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргізудің тәртібін белгілейдi;
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi басқару құқығына емтихандар қабылдаудың және куәлiктер берудiң тәртібiн белгілейдi;
18) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінiң бақылауындағы жүктерді тасымалдауды (өткiзудi) жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;
19) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп карантиндік шаралар әзiрлейдi;
20) аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi туралы үлгілік ереженi, жолдаманың үлгілiк нысанын бекiтедi;
21) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi;
22) балықтың бекiре түрінің уылдырығы саудасына арналған марканың нысанын бекiтедi;
23) ауыз сумен қамтамасыз етудің баламасыз көздерi болып табылатын сумен қамтамасыз етудiң аса маңызды топтық жүйелерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су және ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнына субсидия берудiң тәртібін әзiрлейді;
24) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік стандарттар әзiрлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
11. Министрлiк мемлекеттік саясатты iске асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларды, реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асырады;
2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, сусындарды (алкоголь өнiмi мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігіндегi өңдеу өнеркәсiбi саласындағы өнiмдердi, былғары (илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеудiң бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын (iрiсiнен басқа) жасауды дамыту, астық рыногын реттеу жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асырады;
3) агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік тiркеу, қолдау және есеп беру жөніндегі iс-шараларды үйлестірудi жүзеге асырады; ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың қызметiн және аграрлық ғылымды басқарудың ұйымдық құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар, реттелетiн саладағы ғылыми зерттеулердiң iргелi және қолданбалы бағдарламаларын әзiрлейдi және қалыптастырады;
4) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырады;
5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiн жүргiзедi;
6) ауыл шаруашылығы бейінiндегі ғылыми зерттеу ұйымдарының және тәжiрибелiк кәсiпорындардың ғылыми зерттеулер бағдарламаларын орындау қызметiне әдiстемелiк басшылықты және үйлестірудi жүзеге асырады;
7) реттелетiн салада білім тарату және ғылыми әзiрлемелердi енгізу тетіктерiн жасайды;
8) агроөнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жасайды және мүдделi мемлекеттік органдарға ақпарат бередi;
9) ведомстволық бағыныстағы тәжiрибелiк-эксперименталдық кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiн талдауды, оларды дамыту және реформалау перспективаларын әзiрлеудi жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының шетелдермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан Министрлiктiң құзыретіне кiретін мәселелер бойынша жоғарғы және үкiметаралық деңгейдегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
11) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру көлемiмен теңгерімділіктi қамтамасыз ету мақсатында iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы ахуалды зерттейдi;
13) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарларға алдын алу, диагностика және емдеу жөніндегі ветеринариялық iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
14) жануарлардың аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг ұйымдастырады және эпизоотиялық жағдайды зерделейдi;
15) республикалық меншiктегi тұрған ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне және мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
16) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік кiтабын, асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тiзiлiмiн және өндiрiсте пайдалануға рұқсат берілген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргізедi және басып шығарады;
17) бекiтілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебін жүргізеді;
18) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстіктердi сынауды және сапасын анықтауды жүргiзедi;
19) карантиндiк объектілердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнінде iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады;
20) аса қауiптi зиянкес организмдерге және карантиндiк объекттерге қарсы күресуге арналған пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасайды;
21) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үлестіреді;
22) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша зиянды және аса қауiпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық іс-шаралар, пестицидтерді зарарсыздандыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырады; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзудегi қызметін, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстар ұйымдастырады және үйлестiредi;
23) фитосанитариялық есеп жүргізуді және есеп берудi ұйымдастырады;
24) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объекттердiң болуы және олардың таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын жасайды;
25) селекциялық жетістiктердiң патенттік қабілеттiлiгiне және шаруашылық пайдалылығына сараптама мен сынақ ұйымдастырады және жүргізеді;
26) субсидия беруге жататын тұқымдарды сатудың шектi бағасын аттестатталған тұқым өндiрушілер үшiн белгiленген квоталардың шегiнде белгiлейдi;
27) сорттардың оригинаторларын тіркейді;
28) республиканың тұқым ресурстары мониторингін жүзеге асырады;
29) астық рыногының мониторингін жүргiзедi;
30) астық пен тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;
31) реттелетiн саладағы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу жөнiндегі iс-шараларды ұйымдастырады;
32) ақпараттық-консультациялық орталықтар құруды, көрме-жәрмеңкелер өткiзудi және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілердiң өнiмiн жарнамалауды, оқыту семинарларын, соның iшiнде қазiргi заманғы аграрлық технологияларды таратуды, мамандандырылған жинақтар, журналдар, тақырыптық басылымдар шығаруды, жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған ұйымның базасында қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар енгізудi және дамытуды қоса алғанда, агроөнеркәсiп кешенiнiң бiрыңғай ақпараттық-консультациялық жүйесiн қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етедi;
33) ДСҰ-ға кіру жөнiнде келiссөздер жүргізу үшiн агроөнеркәсiп кешенiнiң мәселелерi бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
34) ауыл шаруашылығы кредит серiктестіктерiнiң жүйесiн дамыту, агроөнеркәсiп кешенi субъектілерiнiң кредит ресурстарына қол жеткiзуiн жақсарту үшiн жағдай жасайды.
12. Министрлiк мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды, хаттамалар жасайды және нұсқамалар бередi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда лицензиялауды, аттестаттауды, лицензиялардың, сертификаттардың, куәлiктердiң, аттестаттардың және рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұруды, қайтарып алуды, берудi жүзеге асырады;
4) тиiсті құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеудi, көрсетiлген көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тiркеудi және есепке алуды жүргізеді;
5) тиiстi құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргiзедi;
6) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдердi, өздiгінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi басқару құқығына емтихандар қабылдайды және куәлiктер бередi;
7) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бір жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат береді;
8) тұқым шаруашылығы саласында астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) астық пен тұқымның мемлекеттік ресурстарының сақталуына, сандық-сапалық жай-күйiне бақылауды жүзеге асырады;
10) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
11) ветеринариялық препараттардың партияларын (серияларын), приборларды, аспаптарды, азықтарды және азықтық қоспаларды жарнамалау кезiнде олардың сапасын анықтауды, тiркеу сынақтарын, бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
12) жаңа ветеринариялық препараттарға, приборларға, аспаптарға, азықтар мен азықтық қоспаларға қорытындылар және тiркеу куәлiктерін бередi;
13) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтан өткiзудi және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн бередi;
15) өсiмдіктердi қорғау және олардың карантинi бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
16) әкелiнетiн және әкетілетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң өндiрілген аумағы мен орнын, сондай-ақ жiберiлетiн пунктін ескере отырып карантиндiк тексерiс, зертханалық сараптама және фитосанитариялық сертификаттау жүргізеді;
17) интродукциялық-карантиндік питомниктердегi импорттық карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндік объектілермен және бөтен тектес түрлермен жасырын зақымданудың болуына тексеру ұйымдастырады;
18) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттарының негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп әзiрленген карантиндік шараларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
19) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық, карантиндiк сертификаттар мен импорттық карантиндік рұқсаттар береді.
13. Негізгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Министрлiкке жүктелген міндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
2) аграрлық азық-түлiк секторы үшiн салық, кеден-тариф және қаржы-кредит саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3) мүдделі тұлғаларға реттелетiн саладағы нормативтік құқықтық кесімдер туралы ақпарат беруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өзiнiң иелiгіндегі мемлекеттік мүлiкке иелік етудi және пайдалануды жүзеге асыруға;
5) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн сала мәселелерi жөніндегі заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен олардың бақылау объектiлерiне кедергiсiз кіруге;
6) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасын бұзудың анықталған фактілерін жою туралы жеке және заңды тұлғаларға нұсқамалар шығаруға;