103. Қазақстан Республикасының депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдары қызметiнен босатылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн, белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарына қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте олардың депутаттық өкiлеттiктерiн атқарған кезеңi еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу, кезектi арнаулы атақ беру және зейнетақы тағайындау үшiн (iшкi iстер органдарынан зейнетақысын ресiмдеп, депутат болып сайлануына байланысты босаған адамдардан басқа) iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 104-тармақ өзгертілді
104. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Iшкi iстер министрінің бұйрығымен, iшкi iстер органдары жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарыла отырып, одан әрi қызмет атқару үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетiне, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарына (халықаралық шарттардың негiзiнде) қызметке жіберiлуi мүмкiн. Қызметке жiберу iшкi iстер органы қызметкерiнiң рапорты бойынша тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiмен жеке түрде жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерi iшкi iстер органдарына қызметке ауысып, қатардағы және басшы құрамының тиiстi лауазымдарына тағайындалған соң, олардың әскери және арнаулы атақтары Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы атақтарына теңестiрiледi, әскери қызметіндегі немесе еңбек қызметіндегі үзiлiске қарамастан оларға әскери және арнаулы атақтар беру, ескерiлген лауазымдарда қызмет iстеген уақыттары есепке алына отырып, iшкi iстер органдарында еңбек сiңiрген жылдарына саналады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен IX-тарау алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 9-бөліммен толықтырылды
IX. Қызмет тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 105-тармақпен толықтырылды
105. Iшкi істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының тәртібі олардың заңдылық, дара басшылық қағидаттарын қатаң сақтауына, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын, антты, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындауына негiзделеді.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 106-тармақпен толықтырылды
106. Қызмет бабында бір-бірiне тiкелей бағынысты болмайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар нақты тапсырмаларды орындау кезiнде аға немесе кiшi қызметкерлер болуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 107-тармақпен толықтырылды
107. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бір-бірiмен, әскери қызметшiлермен кездескен кезде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген тәртіппен және ережелер бойынша сәлем бередi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 108-тармақпен толықтырылды
108. Бастықтың бұйрығы бұлжытпай, нақты және мерзiмінде орындалады.
Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi, егер олардың iс-әрекеттерi заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған болса, арнайы құралдар мен әдiстердi, қару-жарақты қолдану кезiнде келтiрілген зиян үшiн жауапкершілiкке тартылмайды.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 109-тармақпен толықтырылды
109. Қызметтiк борышын атқару кезiнде көрсеткен ерлiгi мен батылдығы, қайсарлығы және мемлекет алдындағы басқа да сiңiрген еңбегi үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 110-тармақпен толықтырылды
110. Көтермелеулер мен тәртiптiк жазаларды бастықтар өздерiне берілген құқықтар шегiнде қолданады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 111-тармақпен толықтырылды
111. Iшкі iстер органдарының қызметкерлерiне терiс қылықтары анықталған күннен бастап бір айдан және терiс қылықтарды жасаған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей тәртiптiк жаза қолданылады.
Жаза қолдану алдында қатардағы және басшы құрамдағы адамнан жазбаша түрде түсiнiктеме алынуға тиiс.
Командир (бастық) тәртiптiк жаза қолдану туралы шешім қабылдар алдында, әдетте, қызметтiк тергеу жүргiзіледi. Ол кiнәлi адамдарды айқындау, терiс қылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 112-тармақпен толықтырылды
112. Қатардағы және басшы құрамдағы адамға бұйрықпен қолданылған тәртiптiк жаза ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, егер осы кезеңде ол басқа тәртiптiк жазаға тартылмаған болса, ол алып тасталған деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 113-тармақпен толықтырылды
113. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың өздерiне қатысты қабылданып отырған шешiмдер мен iс-әрекеттер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.