Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы
(2005.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 2 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет атқаруы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 қаңтардағы № 73 қаулысының;
"Iшкi iстер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери атағы бар Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы қызметкерлерiнiң қызмет атқару тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 қазандағы № 861 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 39, 591-құжат) 2-тармағының екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1644 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
қызмет өткеруi туралы
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi) қызмет атқару тәртібін, олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлігінiң әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының әскери қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Оларға жеке бастары мен өкiлеттiлiктерiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктер мен жетондар берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:
қатардағы құрам
қатардағы милиционер;
кiшi басшы құрам
полиция кiшi сержанты, полиция сержанты, полиция аға сержанты, полиция старшинасы;
орта басшы құрам
полиция кiшi лейтенанты, полиция лейтенанты, полиция аға лейтенанты, полиция капитаны;
аға басшы құрам
полиция майоры, полиция подполковнигi, полиция полковнигi;
жоғары басшы құрам
полиция генерал-майоры, полиция генерал-лейтенанты.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Iшкi iстер органдарына қызметке ұлтына, жынысына, әлеуметтiк жағдайына, дiни көзқарасына қарамастан өздерiнiң iскерлiк, жеке және адамгершiлiк қасиеттерi, білімi мен денсаулық жағдайы бойынша қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi, 18 жасқа толған және 40 жастан аспаған (қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына - 32 жастан аспаған) Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарында оқуға орта білімi бар, 18 жасқа толмаған адамдар қабылдана алады.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына қабылдаудың тәртібін тиiстi түрдегі Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес министр белгілейдi.
Бұрын iшкi iстер органдарынан босатылған және қызметке қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас шектеулерi, осы Ереженiң 13-тармағының талаптарына сүйенiп белгiленедi. Ерекше жағдайларда, жекелеген тәртiппен, министрдiң шешiмi бойынша iшкi iстер органдарына қызметке Қазақстан Республикасының 40 жастан асқан азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Iшкi iстер органдарына қызметке қабылданушы азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн, мiндеттi түрде iшкi iстер органдары әскери-дәрiгерлiк комиссияларының медициналық куәландыруынан өтедi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Егер, Қазақстан Республикасының азаматы:
сотпен белгiлi бір мерзiмнiң iшiнде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған;
күшiне енген сот шешiмiмен әрекет жасауға қабiлетсiз немесе әрекет жасау қабiлетi шектеулi деп танылған;
соттылығы бар немесе бұрын болған және қылмыстық жауаптылықтан ақтауға жатпайтын негiздер бойынша босатылған;
мемлекеттік қызметке орналасар алдындағы бір жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
қызметке орналасар алдындағы бір жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
бұрын жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен шығарылған;
алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретiнде денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарында есепте тұратын;
науқасы бойынша мерзiмдi әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери (саптық) қызметке жарамсыз не шектеулi жарамды ретiнде есепте тұратын;
осы Ереженiң 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтiн болса, iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана алмайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Iшкi iстер органдары қатардағы және басшы құрамының лауазымдары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеке келісім-шарттар жасасу жолымен, сондай-ақ лауазымға тағайындау арқылы атқарылады.
Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына кемiнде орта білімi бар және мерзiмдi әскери қызмет атқарған азаматтар, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейiнге қалдыру құқығы бар азаматтар қабылданады. Бұл ретте олар жергiлiктi әскери басқару органдарына растайтын құжаттар ұсынған жағдайда әскери есептен шығарылады және Iшкi iстер ргандарына арнаулы есепке берiледi. Қажет болған жағдайларда қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдары Қарулы Күштердiң запасында тұрмаған әйелдермен жасақталуы мүмкiн.
Орта басшы құрамның лауазымдарына арнаулы орта, жоғары білімi бар немесе жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқитын азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады). Ерекшелiк ретiнде жедел қызмет және арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерге орта басшы құрамның лауазымдарына Министр бекiткен бағдарлама бойынша арнаулы курстарды бiтiрген, орта білімi бар азаматтар қабылдана алады.
Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақыру жасындағы азаматтар орта аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары білімi болған жағдайда ғана қабылдана алады. Көрсетiлген азаматтар,оларды орта және аға басшы құрамның лауазымдарына аттестациялағаннан және жергіліктi әскери басқару органдарына растау құжаттарын ұсынғаннан кейiн әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарына арнаулы есепке берiледi.
Аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары білімi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады).
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаруға үмiткерлердi iрiктеудiң тәртібі мен шарттарын, шарт (контракт) жасауды министр айқындайды. Шартта (контрактiде) оның iстеу мерзiмi, тараптардың мiндеттемелерi тараптардың алған мiндеттемелерiн орындамауына байланысты заңды салдарлары, оның мерзiмiн ұзарту немесе қайта жасау мен өзге де шарттары көзделуi тиiс.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олардың мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкелiп соқтыратын iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер қабылдайды. Аталған шектеу жазбаша нысанда көрсетiледi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға, одан босатуға әкеп соқтырады.
8. Iшкi iстер органдарының қызметiне қабылдау, мемлекеттік қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салу және азаматтардың арнаулы тексеруден өту шарттары арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау министрi берген құқықтарына сәйкес тиiстi iшкi iстер органдары немесе бөлiмшелерi бастығының бұйрықтарымен ресiмделедi. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қойдыру арқылы жарияланады.
10. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған немесе кадры қатарына алынған әскери мiндеттiлер, iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгiленген тәртiпте әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнаулы есебiнде тұрады.
ҚР Үкіметінің 1997.16.05. № 847; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн арнайы алғашқы оқудан және тағылымдамадан өтедi, олар үшін сынақ мерзiмi белгіленуi мүмкiн.
Арнайы алғашқы оқудан, тағылымдамадан және сынақ мерзiмiнен өту тәртібі мен шарттарын Министр белгілейдi.
Конкурстық iрiктеуден өткен және арнайы алғашқы оқуға қабылданған адамдарды ұстау тиiстi қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар, сондай-ақ ішкі iстер органдарының қаражаты есебiнен оқуға ақы төлей отырып, Iшкi iстер министрлігінiң жолдамалары бойынша шет мемлекеттердiң iшкi iстер органдарының жоғары оқу орындарына түсетiн адамдар оқу орнындағы оқу мерзiмiне және бір мезгілде оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында әскери қызметшілер, орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтiзбелiк есеп бойынша бес жылға қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелерi мен жауапкершілiктерi белгiленедi. Келісім-шарт iшкi iстер органдарының оқу орнына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келісім-шарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгілейдi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол оны оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома келісім-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi әрбір толық қызмет атқармаған айға пропорционалды түрде есептеледi.
Шақырылу жасына жеткен және сабаққа үлгермеушілiгi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгіленген мерзiмiн өтемесе, әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар мемлекетке оларды оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома оқу орнында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледi.
Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өндiрiп алу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына күндiзгi оқу бөлiмiне қабылданған адамдар әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнайы есепке алынады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының кәсiби орта, кәсiби жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқудың толық курсын бiтiрушілер үшiн оқу уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiріледi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының, өзге де мемлекеттердiң iшкi iстер органдары оқу орындарының түлектерi бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жiберіледi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн iшкi iстер органдарына жiберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан өту кезеңiнде лауазымға тағайындалады.
Күндiзгi адъюнктураға тiкелей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен қабылданған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының 70%-ы мөлшерiнде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшiн қосымша ақы төленедi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) жазғы каникулдық демалысын өткізу орнына автомобиль, темір жол және су көлiгiмен баруға және кейiн қайтуға жол жүру құны төленедi.
Iшкi iстер органдарының кәсiби жоғары білiмi бар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының заңнамада белгіленген тәртiппен iшкi істер органдары жүйесiнiң оқу орындарында екiншi кәсiби жоғары білім алуына болады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар 45 жасқа дейiн iшкi iстер органдарының қызметiнде бола алады.
Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар мынадай жас шегiне дейiн iшкi iстер органдарына қызметте болады:
полиция кiшi лейтенанттарынан бастап полиция подполковниктерiне дейiн қоса алғанда - 45 жас
полиция полковниктерi - 53 жас
полиция генерал-майорлары, полиция генерал-лейтенанттары, - 58 жас
Қажет болғанда қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың келісімiмен қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқы берiлген бастықтар, олардың қызмет өтеу мерзiмiн бес жылға дейiн ұзартуы мүмкiн.
Ерекше жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар басшының шешiмi бойынша аға басшы құрамдағы адамдардың осы мерзiмi жоғарыда айтылған тәртiппен қайтадан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежесi немесе атағы бар кейбіреулерiнiкi - он жылға дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде, қызметкерлер мiндеттi түрде олардың қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшiн медициналық комиссияға жiберiледi.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Ережемен көзделген негiздер бойынша iшкi iстер органдарынан босатылу мүмкiндiгiн жоймайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары біліктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы уәкiлетті органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн және ғылым кандидатына бір айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде және ғылым докторларына екi айлық ең төменгі жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.
15. Кәсiптiк даярлық деңгейiне және мамандығы бойынша дербес жұмыс iстеу стажына қарай, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте кластық біліктiлiк берiлуi мүмкiн.
16. Iшкi iстер органдарында министр белгiлеген тәртiпте және шартпен, мамандықтарды (лауазымдарды) немесе уақытша орнында жоқ қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың мiндетiн қоса атқаруға рұқсат етiледi.
17. Iшкi iстер органдарындағы қызметтi тоқтату үшiн мыналар негiз болып табылады.
а) iшкi iстер органдарынан босату;
б) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
в) iшкi iстер органдарының қызметкерiн белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеткен деп тану;
г) iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қайтыс болуы (қаза табуы).
18. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың соғыс уақытында қызмет өткеру тәртібі заңмен белгiленедi.
II. Құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда
19. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен, антпен, жарғылармен, iшкi iстер органдары басшыларының бұйрықтарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленедi.
20. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк актілеріне сәйкес ант қабылдайды.
21. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және ведомство iшіндегі бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы хабарласа немесе өтiнiш жасаса немесе мұндайды тiкелей өзi көрсе, құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқық бұзушыларды ұстау және көмек қажет ететiндерге жәрдем мен оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегi iшкi iстер органына хабарлау үшiн өзiне берiлген барлық құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 22-тармақ өзгертілді
22. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген мөлшерлерде және нормалар бойынша ақшалай ұстауды және өзге де үлес түрлерiн алады, сондай-ақ ақысыз негiзде, үлгiлерiн қатардағы және басшы құрам үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі, ал әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның әскери қызметшiлерi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн нысанды және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етiледi.
Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен зейнеткерлерiне, 1992 жылғы 14 ақпанда Минск қаласында қол қойылған "Әскери қызметшiлердiң, әскери қызметтен босаған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген әскери қызметшiлерге арналған салық жеңiлдiктерi қолданылады.
Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киім-кешектiң орнына ақшалай өтемақы төленуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда
23. Қатардағы және басшы құрамның адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді
24 ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
25. ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен алынып тасталды
26. ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда
27. Қатардағы және басшы құрамның адамдары iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарында, басқа да жоғары және арнаулы орта, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi оқу орындарының күндiзгi, сырттай, кешкi факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) және қайта даярлау, біліктiлiгін арттыру курстарында оқи алады.
Оқуға жiберу осы біліктiлiктегi мамандарға қажеттiлiкке сәйкес iшкi iстер органы басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
28. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қатарындағы жүктi әйелдер мен аналар, сондай-ақ анасыз (ол қайтыс болған, ата-аналар құқығынан айырылған, ұзақ мерзiмде емдеу мекемесiнде болған жағдайда және басқа аналық қамқорлығы болмаған жағдайларда) бала тәрбиеленушi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi - әкелер, қолданылып жүрген заңдармен осы санаттағы адамдар үшiн белгiленген барлық құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 29-тармақ өзгертілді
29. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар тиiстi республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мiндеттi түрде жеке сақтандырылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
30. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, абыройы мен намысын, мүлкiн қылмысты қол сұғудан қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделеді.
Қызметтiк мiндетiн атқаруына байланысты қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян белгiленген тәртiпте өтеледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 31-тармақ өзгертілді
31. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың өздерiмен бірге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ зейнеткерлiкке шығарылған iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн емделуге құқылы.
Қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет немесе тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдары жүйесiнiң медициналық мекемелерi болмаған кезде немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, қажеттi мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетiледi.
Қызметтiк борышын немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiккен немесе сырқаттанған қатардағы және басшы құрамның адамдарын емдеуге жұмсалған қаражатты iшкi iстер органдары, заңнамада белгіленген тәртіппен өтейдi.
32. ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді
33. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметте болған уақыты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, олардың жалпы және үздiксiз еңбек стажына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стажына есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
34. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңға сәйкес белгiленедi.
Қажет болған жағдайда қатардағы және басшы құрамдағы адамдар белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс, сондай-ақ түнде, апталық демалыс күндерi мен мереке күндерi қызметке тартылуы мүмкiн.
Ұзақтығы белгiленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстегенi үшiн және апталық демалыс күндерi мен мерекелiк күндерi жұмыс iстегенi үшiн ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi немесе Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте басқа демалыс күндерi берiледi.
35. Iшкi iстер органдарындағы, сондай-ақ оқу орындарындағы (оқу бөлiмшелеріндегі) iшкi тәртiптi әртүрлi қызметтер мен бөлiмшелердiң қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың басшылары белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
36. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнен кәсiптiк, әлеуметтiк-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қызмет жасайтын қоғамдық бірлестiктер құра алады.
Iшкi iстер органдары жүйесiнде саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестiктер құруға рұқсат етiлмейдi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай болғанда да саяси партияларды қолдануға тиiс емес.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандат пен басқа да ақы төленетiн лауазымдармен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе бақылаушылар кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ереуiлдер ұйымдастыру мен оларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады.