67. Қызметкерлердi аттестациялау кемiнде үш жылда бір рет, сондай-ақ жоғары лауазымдарға тағайындау кезiнде, төменгi лауазымдарға тағайындау және тәртіптiк жазалау ретiнде лауазымынан босату кезiнде, терiс қылықтары үшiн және аттестациялық тәртiппен iшкi iстер органдарынан босатылған кездерде жүргізіледi.
68. Министрдiң шешiмi бойынша қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялау басқа мерзiмде де өткiзiлуiне болады.
69. Аттестацияланушы адамның атқаратын лауазымына сәйкес келмейтiнi туралы алдын ала тұжырымдалса, аттестация мiндеттi түрде оның қатысуымен өткiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 70-тармақ өзгертілді
70. Министр мен оның орынбасарлары заңдарға сәйкес аттестациялауға жатпайды.
Ішкi iстер органдарында 1 жылдан кем қызмет атқарған қызметкерлер жоғары тұрған лауазымға жылжытылған немесе оқуға жiберiлген жағдайлардан басқасында, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қатарындағы қызметкерлер екiқабат және үш жасқа дейiнгi бала күту кезiнде аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейiн кемiнде бір жылдан соң аттестацияланады.
71. Аттестациялау комиссияларын кадрлар аппаратының ұсынысы бойынша iшкi iстер органдарының басшылары құрады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 72-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
72. Аттестациялау комиссиясы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды атқаратын лауазымына сәйкес емес деп таныған жағдайда лауазымы төмендетiлуi немесе iшкi iстер органдарынан шығарылуы мүмкiн.
Аттестациялау комиссиясының қорытындысын iшкi iстер органдарының басшылығы бекiтедi.
73. Аттестация жүргiзу, оның қорытындыларын жүзеге асыру, сондай-ақ аттестациялау кезіндегі бұзушылықтарға берiлген шағымдарды қарау тәртібі мен шарттарын министр белгiлейдi.
VI. Демалыстар
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
74. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына:
а) кезектi;
б) қысқа мерзiмдi;
в) сырқаттануы бойынша;
г) оқуына байланысты;
д) қосымша (зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны үшiн немесе қызметiнiң айрықша сипаты үшiн);
e) жүктілiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге), үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар;
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен ж) тармақшамен толықтырылды
ж) шығармашылық демалыстар берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 75-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
75. Демалыстардың ұзақтығы тәулiкпен есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезiнде заңмен демалыс күндерi болып белгiленген жалпы мемлекеттік мереке күндерi есепке алынбайды.
Демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде, қатардағы және басшы құрамдағы Қазақстан Республикасының шегiнде демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететiн уақыты есепке алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 76-тармақ жаңа редакцияда
76. Ақылы шығармашылық демалыстар күндiзгi адъюнктурада оқып жүргендердi немесе докторантурада дайындықтан өтiп жатқандарды қоспағанда, диссертациялық жұмыстарды аяқтау, оқулықтар жазу үшiн және Министр белгiлеген тәртiппен басқа да жағдайларда берiледi.
77. Демалыс күндерi заңмен белгiленген тәртiпте жұмыс күнi деп жарияланған кезде, бұл күндер кезектi демалысқа қосылады.
78. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға берiлетiн кезектi демалыстың ұзақтығы 30 тәулiк.
79. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша ақылы демалыс Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң желісі бойынша зейнетақы тағайындау кезiнде ескерiлетiн еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбемен есептегенде):
а) он жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 5 тәулiк;
б) он бес жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 10 тәулiк;
в) жиырма жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 15 тәулiк мерзiмге берiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 80-тармақ өзгертілді
80. Биiк таулы мекендерде (1500 м биiктiкте және одан жоғары), тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен экологиялық апат аймағы деп жарияланған аймақтарда, туберкулез мекемелерiнде, бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде), сондай-ақ ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД-пен ауыратындарды ұстауға арналған мекемелерде, бөлiмшелерде (учаскелерде) қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ұзақтығы мен беру тәртібі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалатын жыл сайын қосымша демалыс алуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 81-тармақ өзгертілді
81. Кезектi демалыс күнтiзбелiк жылдың iшiнде демалыстар кестесiне сәйкес берiлуi тиiс.
Кезектi демалыс кезiнде сырқаттанып қалған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалысы олардың емделуде болған күннiң санына ұзартылады.
Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға жiберiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, кезектi демалысы оқу орнына кеткенге дейiн берiледi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органына қызметке кiрген жылындағы кезектi демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет өткерген уақытына пропорционалды түрде, қызмет өткерген әрбір толық айы демалысының 1/12 бөлiгi болып есептеледi. Бұл ретте ұзақтығы 10 тәулiк және одан көп демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүруiне демалыстан тыс уақыт берiледi. Ұзақтығы 10 тәулiкке жетпейтiн кезектi демалыс, аталған адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша келесi жылы кезектi демалысымен бір мезгiлде берiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда
82. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақытқа демалыстың бір куәлiгiне ғана берiледi.
83. Басқа министрлiктер мен ведомстволардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген бойда, iшкi iстер органдарына қызметке қабылданған адамдарға ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 84-тармақ өзгертілді
84. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жеткiлiктi негiзсiз, кезектi демалыстан шақырып алуға тыйым салынады. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда тiкелей бастықтың - облыстың, көлiктегi, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң бастығы, оған тең және жоғары тұрған бастықтарға дейiн - жазбаша бұйрығы негiзiнде, бұл адамдарды кезектi демалыстан шақырып алуға рұқсат етiледi. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi, әдетте, ағымдағы жылы немесе келесi жылдың бірiншi тоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi 10 тәулiк және одан көп болса, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүру үшiн демалыстан тыс уақыт берiледi. Қатардағы және басшы құрамдағы адамның қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылғы кезектi демалысына қосылуы мүмкiн.
85. Жасының келуi, сырқаттануы, штаттың қысқаруы бойынша iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша сол жылы өздерi нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне кезектi демалыс берiледi немесе босатылатын жылы пайдаланбаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына, бірақ 45 тәулiктен аспайтын, пропорционалды ақшалай өтемақы төленедi.
Iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға (осы тармақтың 1 бөлiгiнде аталған адамдардан басқа) босатылған жылы пайдаланылмаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет атқарған уақытына пропорционалды түрде, бірақ 45 тәулiктен аспайтын уақытқа ақшалай өтемақы төленедi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 86-тармақ өзгертілді
86. Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуiне байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулiкке дейiн берiледi.
Қысқа мерзiмдi демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 87-тармақ өзгертілді
87. Сырқаттануы бойынша демалыс қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы негiзiнде берiледi.
Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы ауруының сипатына қарай анықталады. Сырқаттануына және емдеу мекемелерiнде емделуiне байланысты үздiксiз демалыста болу уақыты, қолданылып жүрген заңдармен жекелеген сырқаттар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайлардан басқасында төрт айдан аспауы тиiс. Емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде тiкелей бастықтың - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көлiктiң iшкi iстер департаментiнiң Iшкi iстер министрлігі Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастығынан, оған тең және жоғары тұрған бастықтың шешiмiмен бұл мерзiм тағы да ұзартылуы мүмкiн. Сырқаттануы және емделуi бойынша демалыста үздiксiз болудың белгiленген мерзiмi өткен соң аталған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнiң әрi қарай қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландырылуынан өтуге тиiс.
Қызмет бабындағы мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландырылуға емделiп болған соң немесе сырқатының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi.
Жиi және ұзақ ауыратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды, егер, әдетте, еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны сол бір сырқат бойынша үзiлiссiз 4 айға дейiнгінi (12 айда) немесе жыл iшiнде әртүрлi сырқаттар бойынша 5 айға дейiнгiнi құрайтын болса, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң ұсыныстары бойынша iшкi iстер органдарының кадр аппараттары, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн, әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.
Сырқаттануы бойынша берiлген демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң емдеу мекемесiнiң жолдамасы бойынша емделу орнына бару және қайту жолы iшкi iстер органдарының қаржысы есебiнен төленедi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатқан кезде сырқаттануы бойынша демалыс берiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 88-тармақ өзгертілді
88. Iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай демалыстар берiледi.
а) ұзақтығы 14 тәулiктiк - қысқы каникулдық демалыс;
б) ұзақтығы 30 тәулiктiк - жазғы каникулдық демалыс;
в) оқу орнын бiтiруiне байланысты - ұзақтығы 30 тәулiктiк.
Iшкi iстер органдары жүйесіндегі оқу орындарының сабақтарын тапсыра алмаған курсанттары мен тыңдаушыларына сабақтарын тапсырғаннан кейiн оқу бағдарламаларында белгiленген демалыстарды өткізу мерзiмi шегiнде каникулдық демалыстары берiледi.
Осы Ереженiң 80 және 89-тармақтарымен көзделген қосымша демалыстар тыңдаушылар мен курсанттарға берiлмейдi.
Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орнын күндiзгi оқу нысаны бойынша бiтiруiне байланысты демалыс, оқу бiтiрушiлерге оларды iшкi iстер органдарына лауазымға тағайындағаннан кейiн, олар жеке бөлiнген жер бойынша берiледi.
Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңiне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бірақ бір жылдың iшiнде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары берiледi, бұл ретте шет елдердiң құқық қорғау (полицейлiк) органдарының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын тыңдаушылар (курсанттар) мен сырттай оқу нысаны бойынша 1шкi iстер министрлігінiң немесе басқа мемлекеттiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ біліктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оқу орнына теміржол көлiгiмен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледi. Бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк төленедi және тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледi.
Өзге оқу орындарында сырттай (кешкi) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу оқу орнына бару, демалыстар беру мәселелерi "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттеледi.
Адъюнктураға түсетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы 30 тәулiк, ал азаматтық жоғары оқу орындарына түсетiндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн еңбекақысы сақталмайтын оқу демалысы берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
89. Қосымша демалыстар және жүктiлiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн демалыстар, үш жасқа дейiнгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi демалыстан тыс берiледi.
Қызметiнiң айрықша сипатына байланысты қосымша демалыс 10 тәулiкке дейiн берiледi, iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қалауы бойынша кезектi демалысқа қосылып және онымен бір мезгiлде немесе жеке берiлуi мүмкiн, бұл ретте кезектегi және қосымша демалыстың жалпы үздiксiз ұзақтығы күнтiзбелiк 55 күннен аспауы тиiс.
Зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны және қызметiнiң айрықша сипаты үшiн бір уақытта қосымша демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бір негiз бойынша ғана берiледi.
Жүктілiгi мен босануына байланысты берiлетін демалыстарды, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетін демалыстарды, үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстарды беру және оған ақы төлеу шарттары, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртiпте белгiленедi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне демалыс өткізу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, кезектi, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар, сырқаттануына, жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алған мөлшерде төленедi.
VII. Қызметтен босату
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 90-тармақ өзгертілді
90. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен:
а) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшiн "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен белгiленген шектеулi жасқа жетпесе - запасқа (әскери есепке қойыла отырып);
б) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдардың запаста болуы үшiн "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген шектеулi жасқа жеткен болса әскери есептен шығара отырып жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 91-тармақ өзгертілді
91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен запасқа (әскери есепке қойыла отырып):
а) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
б) осы Ереженiң 13-тармағымен өздерi үшiн белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
в) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы (қаулысы) негiзiнде - денсаулық жағдайы бойынша;
г) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымды пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
д) контрактiнi бұзуға байланысты (қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың кiнәсiнен контрактiнi қызмет атқару мерзiмi аяқталғанша бұзған кезде олар, соның iшiнде үлгермегенi және басқа терiс себептермен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша, пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
е) өзiнiң қалауы бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өзiнiң қалауы бойынша босатылған кезде, зейнетақы алуға құқылы адамдардан басқа, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
ж) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
з) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
и) әскери-қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
к) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуi бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
л) iшкi iстер органдарының қызметкерi атағына нұқсан келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
м) заңды күшiне енген соттың айыптау үкімінiң шығуына байланысты шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287; 2005.03.11. № 1093 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 92-тармақ өзгертілді
92. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мына негiздерде әскери есептен шығарыла отырып қызметтен:
а) тиiстi әскери атақтары бар адамдардың запаста болу үшiн "Әскери міндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген шектi жасқа жетуi бойынша;
б) әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыздығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде - сырқаттануы бойынша жiберiледi.
93. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
94. Қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында мемлекеттік қызметтiң абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер, атап айтқанда: iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық орындарда мас күйiнде (айналасындағыларға айқын көрiнетiндей) болуы; тергеудегi, сотталған адамдармен рұқсат етiлмеген байланыстар жасау; тергеуге зиян келтiретiн жедел сипаттағы ақпаратты жария ету; заңсыз әрекеттер жасаған азаматтарға жәрдемдесу; қызмет бабын жеке пайдакүнемдiк ниетпен пайдалану; қызметкерлердiң, оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының арасында терiс қоғамдық резонанс тудырған жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасау; кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен айналысу, оның iшiнде коммерциялық делдалдық жасау, сондай-ақ қызмет бабын пайдалана отырып жұмыс жасау және қызметтер көрсету және т.б. iс-әрекеттер жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының и) тармақшасына сәйкес iшкi iстер органдарының беделiне дақ түсiретiн қылықтар жасағаны үшiн қызметтен босатылады.
Санамаланған негiздер бойынша босатылған адамдар iшкi iстер органдарындағы қызметке қайта қабылданбайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 95-тармақ өзгертілді
95. Зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша, өзiнiң қалауымен қызметтен босайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар жоспарлап отырған кететiн күнiнен кемiнде бір ай бұрын өзi қабылдаған шешiм туралы iшкi iстер органының тiкелей бастығына ескертiп, ол туралы команда бойынша рапорт бередi.
Осы Ереженiң 92-тармағының "а", "б", "в", "г" тармақшаларымен көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылатын адамдар бұл туралы, әдетте, босатылардан кемiнде екi ай бұрын хабардар етiледi.
96. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуға министр осы құқықты берген бастықтар жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 97-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
97. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды әскери есепке қою және әскери есептен шығару арқылы босатуды:
а) полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және республика астанасындағы, көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнің, Iшкi iстер министрлігі жүйесi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
б) полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда, сондай-ақ жоғары басшы құрамдағы адамдарды - Министр жүргiзедi.
98. ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен алынып тасталды
99. Iшкi iстер органдарынан босатылған, қайтыс болған, қаза тапқан, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен қатардағы және басшы құрамдағы адамдар министр белгiлеген тәртiпте iшкi iстер органдарының кадрларынан шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1093 қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
100. Iшкi iстер органдарынан босатылғаннан кейiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жергiлiктi әскери басқару органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленген тәртiпте әскери есепке қояды.
VIII. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың
жекелеген санаттарының қызмет өткеру
ерекшелiктерi
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 101-тармақ өзгертілді
101. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға қызметке жiберiле алады.
Iссапарға жiберiлген iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары орнын баса алатын республиканың мемлекеттік, өкiлеттi және атқарушы органдарындағы лауазымдардың тiзбесiн, iссапарға жiберу тәртібін, көрсетiлген санаттағы адамдардың қызмет өткеру ерекшелiктерiн, оларға арнаулы атақтар берудi, оларды аттестациялауды, қызметтен босатуды, еңбекақы төлеу шарттарын, киім-кешекпен және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
102. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жағдайларда олардың жасына қарамастан, бірақ 50 жастан аспаған, бұрын iшкi iстер органдарының кадрында болмаған мемлекеттік, өкiлеттi және атқарушы органдардың, прокуратураның, әдiлет органдарының мамандарын, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерi мен оқытушыларын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындау үшiн жiбере алады, бұл ретте олардың еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу мен зейнетақы тағайындау үшiн мамандығы бойынша бұрынғы жұмыс стажы, соның iшiнде аспирантура мен докторантурада оқыған уақыты белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi. Бұл адамдарға арнаулы атақтар осы Ережемен көзделген тәртiпте берiледi.