2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 65-88-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 25 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
65-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 396 122 мың теңге (үш жүз тоқсан алты миллион бір жүз жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 8 мамырдағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері туралы» 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Археология және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 7 шілдедегі № 662 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 20 қазандағы № 1012 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, тарихи-мәдени мұра, ақпарат, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару, полиграфия, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда стратегиялық саясат пен тиімді салааралық үйлестіруді жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық мәдениет пен басқа да халық мәдениеттерін қайта жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерді құруда іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына жағдай жасау. Бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару қызметі, полиграфия, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Кино және бейне өндірісінің реестрін құру. Ұлттық мұрағат қорының құрылу және толтыру көзінің тізімін бекіту. Мәдениет, ақпарат, тіл дамыту және мұрағат істері саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін координациялау мен мәдени және ақпараттық кеңістік саласындағы қызметіне қатысты мәселелерге талдау жасау; Саяси партиялармен, қоғамды бірлестіктермен үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас. Тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру; телевидение және радио хабарларын тарату, басылым және полиграфиялық кәсіпорындар, республикалық мұрағат мекемелері желісін мемлекеттік басқару бойынша ұйымдастыру жұмыстары; бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыру; телевидение және/немесе радио хабарларын тарату ұйымдарының қызметіне лицензия беру. Астана қаласында Халықаралық баспасөз орталығын ашу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Материалдық-техникалық құрал жабдықпен қызметті қамтамасыз ету Астана қаласындағы Халықаралық баспасөз орталығы үшін ұйымдастыру техникасын және жабдықтар сатып алу | Ақпан-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарын әкімшілік ету, сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер төлемі. Телекоммуникациялық қызметтердің төлемі. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету. | Ақпан-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мақсаттарға қол жеткізу үшін алға қойылған міндеттерді толық орындау; оқыту: 80 қызметкерді - мемлекеттік тілге, 55 қызметкерді - ағылшын тіліне оқыту.
Түпкі нәтиже: Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекет қызметінің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдануды кеңейту, республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын дұрыс түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз eту, республикада және әлемде, басқа да қызмет салаларында орын алған қоғамдық-саяси үрдістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету.
Министрлік және комитеттер қызметкерлерін жиһазбен қамтамасыз ету 68,7 пайыз;
министрлік аппараты мен комитеттердің жиһазын жаңарту 9,2 пайыз.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1 мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын 21 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын 10,2 мың теңге.
Уақтылығы: Бекітілген уақытта және келісім шарттар бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: қазіргі таңдағы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру;
мемлекеттік қызметшілердің 30,21 пайызға мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшеді;
мемлекеттік қызметшілердің 30,2 пайызға ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
66-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 238715 мың теңге (екі жүз отыз сегіз миллион жеті жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «Көне Отырарды қалпына келтіру» 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз eту, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы-жер өңдеу мәдениеті мен олардың өзара қарым-қатынас аспектілерін, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үрдістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Мәдениет саласында мына бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу: тарихи-мәдени, мәдени-бос уақыт, театр-концерт, мұражайлық, тарихи, археологиялық, этномәдени және этносаралық. Тарихи-мәдени мұра нысандарында археологиялық зерттеулер жүргізу. Өткен дәуірдің атақты ойшыл ғалымдарының мұраларын зерттеу үшін жақын және шетел қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар қолжазбаларды, сирек кездесетін басылымдарды, кітаптар мен мұрағат құжаттарын табу және сатып алу мақсатында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру. Көне түркі Қағанаттарының алғашқы мемлекеттік құрылымдарының пайда болуы мен дамуын зерттеу және мәліметтер табу мақсатында көне түркі Қағанатының астанасына қазақ-монғол экспедициясын ұйымдастыру. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша қызметтің төлемі. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мәдениеттің ғылыми-әдістемелік қорын нығайту және саланы дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау;
мәдени саясат және этносаралық қатынас саласында 8 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер өткізу, еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 2 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру;
жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған мұражайтану саласында 8 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
27 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру: 1. Бұзоқ қалашығы, 2. Қойлық қалашығы, 3. Талғар қалашығы, 4. Сарайшық қалашығы, 5. Қызыл Ойық әулиетамы, 6. Берел әулиетамы, 7. Шілікті әулиетамы, 8. Мерке әулиетамы, 9. Жайсан әулиетамы, 10. Ақыртас қалашығы, 11. Ақтөбе қалашығы, 12. Тоқтауыл бекеті, 13. Айбас дарасы елді мекені 14. Кент елді мекені, 15. Талдысай елді мекені, 16. Некрополь Чирик Рабат, 17. Тоқсанбай елді мекені 18. Жуан төбе қалашығы, 19. Қараспан төбе қалашығы, 20. Шымкент қалашығы, 21. Сауран қалашығы, 22. Сидақ қалашығы, 23. Отырар қалашығы, 24. Бөріжары моласы, 25. Қошқорған І-III бекеті 26. Шоқтас бекеті, 27. Қырық-Оба сарматтар моласы;
23 нысан бойынша жаңа зерттеулер: Дандыбай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері (1. Қарамеңді, 2. Беғазы, 3. Едрей), 4. Түркістан қалашығы, 5. Майбұлақ бекеті, 6. Қосқұдық, неолиттік елді мекені, 7. Некрополь және Түрген елді мекені, 8. Ежелгі және орта ғасырлық Жанкент - оғыздар астанасы, 9. Хан Ордасы кешені Жошы ұлысының астанасы, 10. Бұланды қалашығы, 11. Арал Асар, 12. Сарыкөл түрік мәдени кешені, 13. Орта ғасырлық көшпенділердің Ой-Жайлау мәдени кешені, 14. Ешкіөлмес әулиетамы, 15. Тамғалы, 16. Арпа Өзен, 17. Қойбағар, 18. Қарақыр, 19. Шу-Іле таулары, 20. Қаратау тауының оңтүстік баурайы, 21. Тілеубалақ, 22. Қазақстанның жартастардағы таңбалары, 23. Әулиекөл қалашығы.
"Көне Отырарды қалпына келтіру" бағдарламасы аясында археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 520-ға тарта қолжазба, 65 сирек кездесетін қолжазба, 420-ға жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Түпкі нәтиже: мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми жобаны іске асырудың орташа шығын құны 11 936,0 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра нысандарына келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
67-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24397 мың теңге (жиырма төрт миллион үш жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Үкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, сәулет және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық, қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту; демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер, сәулет саласындағы үздік жариялымдары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру. Еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолдауға қосқан үлестері үшін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттік сыйлықтар мен гранттар тапсыру. Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия төлеу. Дипломдар мен куәліктерді дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар төлеу:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы;
Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар;
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар - 50 бірлік.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемнің орташа шығыны:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6000 АЕК;
Президенттік бір сыйақы - 1092 мың теңге;
Президенттік бір грант - 1092 мың теңге;
Мемлекеттік бір стипендия - 20 АЕК.
Уақтылығы: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет жұмысында мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
68-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте қалдыру»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте қалдыру | Мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Көрнекті мәдениет қайраткерлерін жерлеу рәсімдерін, ас беруді, салттық қызметтерді, фото-бейне түсіруді ұйымдастыру, БАҚ-на жариялау (көңіл айту, некролог), көрнекті мәдениет өкілдеріне мемориалды тақталар мен ескерткіштерді дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.
Түпкі нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.
Уақтылығы: қажетті шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
69-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 690792 мың теңге (алты жүз тоқсан миллион жеті жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4 , 6 , 16, 17, 19, 21, 23,25-баптары; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
- Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту;
- біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- қазақ терминологиясын жетілдіру;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету;
- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық жағдайларды жасау;
- шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология және Мемлекеттік ономастика комиссияларының бюллетеньдерін шығару; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы терминология комиссиясының жанында салалық секцияларды құру; Республикалық мамандандырылған "Тіл және қоғам" альманағын шығару; Қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөніндегі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарын, терминология және ономастиканың өзекті мәселелері жөніндегі анықтамалықтарды әзірлеу және шығару, сөздіктерді қалыпқа келтіру, қайта өңдеу және шығару; Қазақ тіліндегі "Балапан" журналын шығару; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты" атты жарнамалық-имидждік әлеуметтік роликті мемлекеттік және орыс тілдерінде шығару және жалға беру; Ұлттық-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептері арқылы ұлттық тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету; Республикалық ұлттық-мәдени орталықтарының жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру; Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Үкіметтік комиссия жанындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін сараптама топтарының қызметін ұйымдастыру; Түркі жазбалары, қазақ терминологиясы, тілдік ортаны қалыптастыру, тілдерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша республикалық (халықаралық) ғылыми-теориялық (практикалық) семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар; Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру жөніндегі шараларды өткізу; Қазақстан Республикасы аймақтарының ономастикалық атауларын аудару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі республикалық конкурстар, байқаулар өткізу; Славян жазбасы күндерін өткізу; Қазақстан халықтары тілдерінің IX республикалық фестивалін өткізу; Тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу; "Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" РМҚК арқылы мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тестілеу әдістемесін жасау; Отандастар істері жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізу; Шетелдерде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалі; "Туған тіл" мамандандырылған альманағын әзірлеу және шығару; Қазақ диаспорасының өзекті мәселелеріне арналған әдебиеттер әзірлеу және шығару; Қазақ диаспорасына арналған қазақ тіліне жеделдетіп оқыту бойынша сөздіктер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу және шығару; "Шетелдерде тұратын отандастардың жағдайы олардың қолдануы бойынша" талдамалы баяндамасын әзірлеу; Шетелдерде тұратын отандастар проблемалары жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Қазақ диаспорасының проблемалары жөнінде республикалық (аймақтық) семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу; Қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен өтетін ақындардың халықаралық мүшәйрасын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті |