Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Душанбе қаласында тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі қызметін атқару кезінде қаза болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне Монумент орнату
Түпкі нәтиже: елдің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты ұлттық мәдениеттің сақталуы мен жаңғыруы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 нысанды қайта жаңартудың орташа шығын құны 30,3 млн.теңге.
Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес қайта жаңарту жұмыстарын орындау, қалпына келтіру, консервациялау, негізгі активтерді сатып алу, ескерткіштерді уақытында жасау, үнемі сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тіркеу және танымал ету.
Сапасы: тарих және мәдениет көне ескерткіштерінің көпғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
73-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Ұлттық фильмдер шығару»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 994682 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан төрт миллион алты жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық кинематографияны дамыту, республика тұрғындарының мәдени-эстетикалық, рухани қажеттілігін қанағаттандыру, ұлттық фильмдердің халықаралық имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның даму болашағы мен бүгінгі күнгі жағдайын, тарихын бейнелейтін әралуан түрдегі және жанрдағы киношығармашылығын жасау жолы арқылы ұлттық киноөнерін дамытуды қамтамасыз ету;
қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптасқан терең философиялық-рухани негіздері мен құндылықтарын бейнелеу, гуманистік идеалдарға, адамгершілік пен патриотизмге негізделген кинематографиялық тақырыптарды игеру;
әлеуметтік-қоғамдық, саяси, экономикалық, мәдени өмірдегі қазақ халқының қазіргі жетістіктерін деректі, көркем, анимациялық кино құралдары арқылы көрсету;
өмірді дәлелдететін ұстанымды Замандас бейнесін бейнелейтін киношығарма жасау үшін шығармашыл зиялыларды біріктіру және шоғырландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Ұлттық фильмдер шығару | Ауыспалы көркем фильмдер өндірісі: "Махамбет қанжары", "Мұстафа Шоқай", "Ауылым" комедиясы, "Айнұр", "Қош бол Гүлсара", "Келін", "Ауылым әнім", "Ең жақсы". Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілген тақырыптық жоспарға сәйкес көркем, деректі және анимациялық (мультипликациялық) фильмдерді шығару. Үздіксіз кинотехнологиялық үрдісті қамтамасыз ету - фильм түсіруге, шығаруға және басуға арналған, сондай-ақ алғашқы фильм материалдары мен фильм көшірмелерін сақтауды қамтамасыз етуге арналған шикізат пен материалдарды сатып алу. Ұлттық фильмдерді дубляждау. Сценарийлік резервті қалыптастыру. Ұлттық фильмдерді сақтау. Ұлттық фильмдерді таралымдау және дистрибьюциялау - жалға беруге және сатуға шығарылатын фильмдердің қажетті мөлшерін көшіру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильдермен фильм қорын молайту;
тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген 8 ауыспалы көркем фильм шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 5 деректі фильм шығару;
қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 анимациялық фильм шығару;
6 жаңа көркем фильм шығару.
Түпкі нәтиже: республика тұрғындарының идеологиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру.
Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын кинематография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: көркем фильмді шығарудың орташа құны - 62 117 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны - 3600,0 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны - 5 000,0 мың теңге.
Уақтылығы: тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді түсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.
Сапасы: халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
74-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 274505 мың теңге (екі жүз жетпіс төрт миллион бес жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қатынастар деңгейі арасындағы өкілеттікті шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы; 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 «2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың жүйелі кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оны ғылымды, мәдениетті дамыту мақсатында қолдану, азаматтар мен мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру, мемлекеттің мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін одан әрі жетілдіру және дамыту үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, сақталуды, мемлекеттік есепке алу және арнайы пайдалануды, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Мұрағат қорын сақтауды қамтамас ыз ету | | | |
2 | | 100 | Мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету | Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында орталық заңнамалық атқарушы, сот органдары мен басқа республикалық заңды тұлғалардың қызметіне арналған құжаттарды сақтау; өз саласы бойынша жинақталған құжаттар бойынша ғылыми ақпарат алу және жариялау, оның арнайы пайдаланылуын ұйымдастыру. Жоба сметалық-құжаттама мен мемлекеттік сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында, республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қызметіне арналған кинофотофоноқұжаттар және бейнефонограммаларды сақтау, ғылыми әзірлемелер дайындау және пайдалану; өз саласы бойынша құжаттарды пайдалану, жариялау, ғылыми ақпараттар алуды ұйымдастыру. Қамтамасыз ету: Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ғылыми-техникалық құжаттамаларын пайдалану, ғылыми әзірлемелер дайындау, сақтау; өз саласы бойынша құжаттарды жариялап, пайдаланып, ғылыми ақпарат алуды ұйымдастыру. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс кешенін орындау; мұрағат құжаттары көшірмесінің, құжаттардың және мемлекеттік мұрағаттармен даярланған басқа да баспа өнімдерінің типографиялық басылымы мен көбеюінің мемлекеттік сақтау қорын құру; Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: анықтамалық-ақпараттық қорды (ААҚ), мұрағаттану, құжаттану, қосымша тарихи пәндер теориясы мен тәжірибесі саласында ақпаратты есепке алу мен жүйелеуді құру жұмысы. Қамтамасыз ету: шетелден әкелінген Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттық құжаттармен (көшірмелерімен) Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорын толықтыру, мұрағаттану, құжаттану, археография және деректану мәселесі бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер дайындау жұмысы. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатында, Ұлттық компаниялар мен жеке мұрағаттардағы орталық заңнамалық, атқарушы, сот органдары мен басқа да республикалық заңды тұлғалардың қызметіндегі мұрағат құжаттарының барлық түрлерінің сақталуы мен толықтырылу жұмысы. Негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті ғылыми-техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Шағын фильм жасау және мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдарды қалпына келтіру орталық лабораториясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты |
3 | | 101 | Мұрағат істерін және құжаттама жүйелерін дамыту | Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарлар, мұрағат құжаттарымен басылымдардың көрмелерін өткізу, "Қазақстан мұрағаттары" веб-сайтының жұмыс жасауын қамтамасыз ету, мұрағат құжаттарын іздестіру үшін шет ел мемлекеттерінің мұрағаттарына ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, шетел мемлекеттерінің мұрағаттарында, ғылыми орталықтарында, институттарда мұрағат ісі мамандарын тәжірибе алмасуға жіберу. Қазақстан Республикасында тарихи құндылығы бар Сирек қолжазбаларды, аса құнды құжат коллекцияларды сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының 1654000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу;
- «Қазақстан Мұрағаттары» журналын 1000 дана тиражбен шығару;
- 45 саяхат өткізу;
- 4 семинар өткізу;
- Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу;
- Мұрағат құжаттарының 220 000 бірлігін қайта қалпына келтіру;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 520 000 шағынфильмдерінің сақтандыру қорын құру;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 520 000 микрофильмдерінің пайдалану қорын құру;
- шет елдердегі мұрағаттарға, кітапханаларға ғылыми экспедиялар (ic сапарлар) ұйымдастыру;
- 263 толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру;
- әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, соның ішінде, 1700 ұсыныстарды орындау;
- 150 тақырыптық ұсыныстарды орындау;
- БАҚ-та 30 мақала жариялау;
- зерттеушілерге 22500 сақтау бірлігін оқу залы арқылы беру;
- Тұрақты сақталатын 6000 істер тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиясында бекіту;
- Халықаралық мұрағаттар кеңесі Еуразиялық аймақтық бөлімшесінің 8-жалпы конференциясын өткізу;
- мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және жұмыс тәжірибесіне халықаралық тәжірибені ендіру үшін шетел мемлекеттерінің мұрағаттарына, ғылыми орталықтарына және институттарына мұрағат ісі саласындағы қызметкерлерді тәжірибе алмасуға жіберу;
- «Қазақстан Мұрағаттары» веб-сайты қызметінің құралдары арқылы мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы жаңа нормативтік және әдістемелік әзірлемелермен ақпараттандыру;
Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеудің 2 кезеңін аяқтау.
Сатып алу:
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті мемлекеттік мұрағаттардың деректі материалдарын шағынфотокөшірмелеу және қайта жаңғырту орталық зертханасына: мұрағаттық құжаттарды шағынфотокөшірмелеу үшін құралдарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 40 жабдық; серверлер - 2 бipлік, көшірме аппараты - 2 бірлік; 15 сейф, шағын нысандарды оқу үшін қондырғы - 1 бірлік, экспозициялық витриналар - 30 бірлік.
Тарихи және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей қолжазбаларды, құжаттар көшірмелерін, аса құнды құжаттық коллекцияларды, жеке қорларды сатып алу (шағын фильмдер жасау).
Соңғы нәтиже: ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызмет ету, материалдық-техникалық базасын жетілдіру, мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін әрі қарай дамыту және жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтау (басқару, ғылыми-техникалық құжаттама істері, бюкс, негатив және позитив кадрлер, магнитті диск, слайд, шағынфиша, жеке қор құжаттары) 118 теңгені құрайды.
Уақтылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: мемлекет пен қоғам сұранысын өткенді шолатын ақпаратпен қанағаттандыру және сақталу жағдайын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
75-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 295 923 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу | Әлеуметтік маңызды және мәдени ic-шараларды ұйымдастыру мен өткізу: "Елім менің" республикалық патриоттық әндер байқауы; "Жас Қанат" республикалық жас орындаушылар байқауы; Балалар шығармашылығының республикалық байқаулары; "Үлгілі мәдениет жұмыскері" атты мәдениет жұмыскерлері кәсіби шеберлігінің республикалық байқауы; Қазақстандық орындаушылардың халықаралық байқауларға қатысуы және дарындар мен көрнекті орындаушылардың әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуі; Шығармашылық ұжымдардың шетелдерде халықаралық театр фестивальдеріне қатысуы; Қазақстан фильмдерінің халықаралық кинофестивальдер бағдарламасына қатысуы; Ә.Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы; Халықаралық вокалистер байқауы; "Астана - Бәйтерек" ұлттық байқауы; XV Республикалық драма театрлар фестивалі; "Алматы - менің бірінші махаббатым" фестивалі; Қуыршақтар театрларының халықаралық фестивалі; "Опералия" халықаралық фестивалі; Қазақстанның өнер одақтарымен бірлесе отырып қоғамдық-маңызды көркем шығармаларын жасауға арналған гранттарды алу бойынша байқаулар өткізу; Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы әуендер фестивалі; Шернияз Жарылғасынұлының 200 жылдығы; Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдығы; Сүгір Әлиұлының 125 жылдығы; Ғали Ормановтың 100 жылдығы; Әлжаппар Әбішевтің 100 жылдығы; Дихан Әбіловтің 100 жылдығы; Наурыз мейрамы; Халықаралық әйелдер күні; Қазақстан халықтарының бірлік күні; Жеңіс күні; Конституция күні; Республика күні; Тәуелсіздік күні; Өзбекстандағы Қазақстан мәдениеті күндері; ҚХР-дағы Қазақстан мәдениет күндері; Қазақстандағы Тәжікстан мәдениеті күндері; Украинадағы Қазақстан жылы бойынша іс-шаралар; Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі іс-шараларына қатысу; ТЮРКСОЙ іс-шараларына қатысу; Шетел шеберлерінің қатысуымен театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумы (Астана қаласы); "Бүгінгі ауыл мәдениеті: жағдайы мен болашағы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу; Жетекші театр режиссерларының, менеджерлерінің, сахна қоюшыларының, дирижерлардың, балетмейстерлерінің қатысуымен мастер-класстар; Шетелге кәсіби көркем ұжымдарының күшімен Қазақстанның өнер жетістіктерін көрсету; Қазақстанға гастрольге жетекші шығармашылық ұжымдарды, солистерді, орындаушыларды шақыруды ұйымдастыру; Жақын және алыс шет елдеріне Қазақстан кино күндерін өткізу; "Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет және өнер" атты халықаралық симпозиум өткізу; Қазақстанда Третьяков галереясы (Ресей Федерациясы) қорларынан өнер туындыларының көрмесін ұйымдастыру; Жақын және алыс шет елдері мұражайларында республикалық мұражай қорларындағы өнер туындыларының және республиканың жетекші суретшілерінің көрмелерін ұйымдастыру; Александрия кітапханасында (Мысыр) Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы қорынан көрме ұйымдастыру; Алматы қаласында өнер туындылары аукционын ұйымдастыру; Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен ресми кездесулер шеңберінде концерттік іс-шараларды өткізу; Орталық Азияда "Ақпаратты қоғамда ақпараттық сауаттылық және ақпараттық мәдениет" атты кітапханалар форумын (халықаралық оқу конгресін) өткізу; "Жібек Жолы меруерті" атты фотокөрме өткізу Еуразия-2007 халықаралық кинофестивалі. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылым саласындағы зиялыларының екінші форумы; Мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: келесі іс-шараларға қатысу және өткізу: кемінде 7 байқау, 6 мерейтойлық іс-шаралар, 8 фестиваль, 7 мерекелік күндер, 25 басқа да іс-шаралар.
Түпкі нәтиже: халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 24 644 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.
Сапасы: адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.