3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидті жоғары, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшылау | 1. Каспий теңізінің су басу аймағында мұнай ұңғымасын жою және консервациялау. 2. Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) құрлықта және Каспий теңізінің су басу аймағында 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап 76 мұнай ұңғымасы, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 82,6% құрайтын 8 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;
2) 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 16,3% құрайтын 360 өздігінен ағатын 117 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.
Түпкі нәтиже: жер қойнауының мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластану қауіпін төмендету, сондай-ақ 242,2 мың т.м/күн көлемінде табиғи су ресурстарының ысырабын азайту, алаңы 1680,3 мың ш.м астам аумақты құрғату.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- теңізде бір ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 80000 мың теңгені құрайды;
- бір гидрогеологиялық ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 5220,7 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекітетін объектінің жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.
Сапасы: жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды және құрамында ТЖМ, ҚОҚМ, санэпидқадағалау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар мемлекеттік комиссия қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
346-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ
көмірсутегін тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу кезінде мемлекет
мүддесін білдіру»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мұнай операцияларына келісім-шарттардың сақталу мониторингін ұйымдастыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттарды қамтамасыз ету, мұнай-газ жобаларын сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша жобаларды іске асырумен байланысты мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіру, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу кезінде мемлекет мүддесін білдіру | 1. Мұнай операцияларына келісім-шарттар талаптарының орындалу мониторингін консультациялық сүйемелдеу. 2. Мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау. 3. Мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша консультанттарды тарту, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі. 4. Даулы мәселелерді шешу, мұнай операцияларын жүргізудің шарттарын мердігерлердің орындауы және мұнай-газ жобаларын іске асыру кезіндегі басқа мәселелер жөнінде консультанттарды тарту. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) мұнай операцияларын жүргізуге арналған кем дегенде 70 келісім-шарттардың мониторинг нәтижелері бойынша есептер;
2) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау кезінде, сондай-ақ саны кем дегенде 6 келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша құзыретті органның қажеттілігін қамтамасыз ету;
3) нормативтік құқықтық актілердің жобалары, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сатуды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сату саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар (5-тен кем емес);
4) мұнай-газ саласының жобаларын, сондай-ақ консультанттарды тарту жолымен көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату жөніндегі жобаларды іске асыруға байланысты даулы мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: мұнай-газ салаларының өнімдері мен қызметтерінің қауіпсіздігін мұнай операцияларын жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жолымен табиғи ресурстарды пайдаланудың ашық саясатын қамтамасыз ету, мұнай операцияларын жүргізуге, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату келісім-шарттарды іске асыру кезінде мемлекеттің шығындарының алдын-алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар тарту.
Уақтылығы: анықталған шарттар мен техникалық тапсырмалар мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
347-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қарағанды шахталарын тарату» РМБК-ке берілген, жабылған шахталар
қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны. 125 810 мың теңге (бір жүз жиырма бес миллион сегіз жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 47-тарауы (Ерекше бөлім).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемінде азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемін өз уақытында төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | "Қарағанды шахталарын тарату" РМБК-ке берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу | 1. Жойылған шахталар қызметкерлеріне индексацияны ескере отырып, залалдың орнын толтыру жөніндегі ай сайынғы төлемдері. 2. Сомаларды жеткізу және жіберу шығындары. | Ай сайын | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 703 адам санымен "Қарағандышахтатарату" РМБК-ге берілген, жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемдері.
Уақтылығы: ай сайын 25-дейін уақтылы төлем.
Сапасы: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемі - 100%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
348-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мәртөк ауданында жеткізуші
газ құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 783215 мың теңге (жеті жүз сексен үш миллион екі жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының елді мекендерін арзан отын түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұзындығы 69,8 км. Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мәртөк ауданында жеткізуші газ құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысының жобасын іске асыру үшін бекітілген ЖСҚ-ге сәйкес ("Мемсараптама" РМК-нің 2006 жылғы 24 маусымдағы № 2-313/06 қорытындысы) Ақтөбе облысының облыстық бюджетін дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.
Түпкі нәтиже: Мәртөк ауданының елді мекендерінің арзан отынға (ілеспе газға) қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ құбырларын пайдалануға қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының елді мекендерін отынның арзан түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Жобалық-сметалық белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген құжаттамаға сәйкес Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жургізуші жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларға сәйкес паспорттардан көрінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
349-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар жөнінде ақпараттық
жүйені дамыту» деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 211037 мың теңге (екі жүз он бір миллион отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 55-61-баптары; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауы туралы деректердің мемлекеттік банкін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік органдардың жедел шешім қабылдауға арналған сандық геологиялық ақпараттарын қалыптастыру; ішіне бастапқы геологтық-геофизикалық ақпараттар ене, жер қойнауы туралы ақпараттық материалдардың бүтіндігін, жинақталу мүмкінділігін, стандарттау және рұқсатпен енуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар жөнінде ақпараттық жүйені дамыту | 1. Жер қойнауы туралы деректер Банкі шеңберінде геологтық-геофизикалық материалдардың электрондық архивін ұйымдастыру (І-кезең): 1) геологтық ақпараттың іздеу мен сұранымдарды орындалуының автоматтық жүйесін жасау. 2) компьютерлік жабдықты сатып алу (сервер, плоттерлер). 3) қызметтерді электрондық архивпен жұмыс істеуге үйрету. 2. Жер қойнауы туралы деректер Банкі шеңберінде геологтық-геофизикалық материалдардың электрондық архивін ұйымдастыру (II-кезең): 1) жер қойнауы туралы деректер Банкі шеңберінде бағдарламалық қамсыздандыруларды жасау мен біріктіру; 2) Қазақстан Республикасы картографиялық ақпараттың банкін құру; 3) компьютерлік техниканы сатып алу (табақшалық массив, сканер, кросс-шкафы); 4) лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруларды сатып алу. 3. Жер қойнауы туралы деректердің аумақтық компьютерлік банктерін ұйымдастыру (І-кезең): 1) компьютерлік техниканы сатып алу (үздіксіз қоректену көздері, принтерлер, бағыттауыш, компьютерлер, ноутбук); 2) лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруларды сатып алу; 3) аумақтық басқармаларды арнаулы бағдарламалық қамсыздандырулармен қамтамасыз ету. 4. "Электрондық үкімет" порталы үшін деректер даярлаудың компьютерлік жүйесін жасау: 1) арнаулы бағдарламалық қамсыздандыруларды жасау; 2) ақпараттық ресурстарды біріктіру мен, "электрондық үкімет" порталына деректерді беруді жүргізу. 5. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ситуациялық орталығын құру: 1) техникалық проекті жасау; 2) компьютерлік жабдықты сатып алу (үздіксіз қоректену көздері, принтерлер, бағыттауыш, компьютерлер, ноутбуктер); 3) бағдарламалық қамсыздандыруларды жасау; 4) жер қойнауы туралы деректердің банкін СО-ның комплексіне икемделу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Геологтық-геофизикалық материалдардың электрондық архивін құру; аумақтық компьютерлік орталықтарын құру; «Электрондық үкімет» порталы үшін деректер даярлаудың компьютерлік жүйесін жасау; Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ситуациялық орталығын құру.
Түпкі нәтиже: 2300 өңдеуге мүмкіндіктері бар геологиялық есепнамалар; ОДБ-на қосылған 1 аумақтық басқарма.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Геологиялық ақпаратты іздеу мен көбейту шығындарын 50%-ға қысқарту; геологиялық ақпарат құнын 5%-ға, жер қойнауын пайдалану объектері мен минералдық-кешенінің тартымдылығын бүтіндей жоғарылату.
Уақтылығы: электрондық архив жүйесін пайдалануға жіберу; аумақтық басқармаларды ОДБ-на қосу; геология комитетінің ситуациялық орталығын жіберу.
Сапасы: жасалып жатқан бағдарламалар халықаралық стандарттарға сай, осы заманғы технология мен техникалық база негізінде жасалған; пайдаланатын бағдарламалық қамту лицензиялық болып табылады; геологиялық материалдарды толтыру осы заманғы компьютерлік технологияларды пайдалану мен осы заманғы магниттік тасымалдау негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
350-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арнайы бақылау станцияларында тіркелген ядролық жарылыстар
мен жер сілкіністерінің тарихи сейсмограммаларының мұрағатын
қағаздағы жазбадан электрондық жеткізушілерге көшіру»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26000 мың теңге (жиырма алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысымен бекітілген «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы».
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық жарылыстар мен жер сілкіністері туралы ақпаратты сақтау мен берудің сенімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: геофизикалық зерттеулер институтының бөлімшелерінде (Бурабайда, Курчатовта, Ақтөбеде) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселқорғау" кәсіпорнының басқаруына көшкен (Семей, Талғар станциялары) мұрағатта 1965-1998 жылдардағы ядролық жарылыстардың мұрағаттық жазбаларына түгендеу жүргізу.
Бурабайда, Курчатовта АҚ-қа мұрағаттық қағаз жазбаларды қазіргі цифрлық форматтарға көшіру үшін технологиялық желілер құру (бұрын мұрағатталатын жазбаларды тіркеу кезінде пайдаланылған аппаратураның ерекшеліктерін ескере отырып).
1965-1998 жылдардағы мұрағаттық жазбаларды кезең-кезеңмен қазіргі заманғы халықаралық форматтардағы жаңа (электронды) тасығыштарға көшіру.
Электронды станциялардың мұрағаттарын жасау, оларды арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының (бұдан әрі - АСАЖӨО) дерекқорына біріктіру және ядролық жарылыстар жөніндегі дерекқорларды пайдалануға енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Арнайы бақылау станцияларында тіркелген ядролық жарылыстар мен жер сілкіністерінің тарихи сейсмограммаларының мұрағатын қағаздағы жазбадан электрондық жеткізушілерге көшіру | 1. Шамамен 1965 жылдан 1975 жыл аралығындағы кезеңдердегі қағаз жеткізуішілер (Семей, Бурабай, Талғар станциялары және басқалар) мен магнитті жеткізушілердегі (Ақтөбе, Курчатов, Бурабай, Талғар станциялары және басқалары) мұрағаттық сейсмограммаларды тексеру, іріктеу және құжаттау. 2. Магнитті мұрағаттық сейсмограммаларды (1970 жылғы жазу стандарты) жаңа жеткізушілерге қайта жазу үшін аппаратуралық-бағдарламалық кешен жасау. 3. Іріктелген мұрағаттық қағаз сейсмограммаларды цифрлау. Мұрағаттық магнитті сейсмограммаларды қазіргі заманғы форматтарға қайта жазу. 4. АСАЖӨО-ға деректерді байланыс арналары бойынша беру, ядролық сынақ полигондарына жақын жерасты ядролық жарылыстарының, химиялық зерттеу жарылыстарының және жер сілкіністерінің цифрланған және цифрлы жазбаларының бірыңғай базасын жасау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1965-1975 жылдардағы станциялар тобы бойынша қағаз және магнитті жеткізушілерге арналған ядролық жарылыстардың мұрағаттық сейсмограммаларының каталогы жасалды;
Курчатовта және Бурабайда (1970 жылғы жазу стандартына арналған) магнитті жеткізушілерге сейсмограммаларды қайта жазу үшін қолданылатын технологиялық желілер;
қағаз және магнитті жеткізушілерден ядролық жарылыстардың цифрланған/қайта форматталған мұрағаттық сейсмограммалары;
2005-2007 жылдары цифрланған/қайта форматталған жерастындағы ядролық жарылыстардың толықтырылған жазбалар базасы.
Түпкі нәтиже: 2010 жылы жұмыстарды бітірумен ұлттық деректер орталығы мәртебесі бар, АСАЖӨО дерекқорына біріктірілген ядролық сынақ полигондарына жақын жерасты ядролық жарылыстарының, химиялық зерттеу жарылыстарының және жер сілкіністерінің цифрланған және цифрлы жазбаларының бірыңғай базасы;
қағаз жеткізушілерден ядролық жарылыстардың мұрағаттық жазбалары цифрланды.
Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қажетті көлемде ақпаратты алуға және беруге уақытты едәуір қысқарту.
Сапасы: ұсынылатын ақпараттың сенімділігі және толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
351-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 31 565 046 (отыз бір миллиард бес жүз алпыс бес миллион қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жылу желілерінің жабдықтарын кеңейту және жаңғырту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 279 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты даму трансферттерін "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалар шегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген ЖСҚ тәртібіне сәйкес мынадай инвестициялық жобаларды іске асыруға аудару: 1. Астана қаласының 2-ЖЭО, жылу желілері мен электр желілері объектілерін кеңейту және жаңарту (Мемсараптау» РМК-ның 2005 жылғы 10 қазандағы № 2-705/05; 2003 жылғы 4 шілдедегі № 2-239/2003 ЖСҚ бойынша қорытындысы); 2. Астана қаласында 2*40 МВА және ЛЭП ПОкВ трансформаторлар тізбегінде айырғыштары бар 110/10 кВ»Степная» ҚС (Мемсараптау РМК-ның 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 2-827/05 ЖСҚ-ка қорытындысы); 3. Астана қаласындағы 2*40 МВА және 110 кв ЛЭП трансформаторлары бар № 17 (Жұлдыз) тұрғын ауданындағы 110/10 ПС-ның кернеулі құрылысы (Мемсараптау РМК-ның 2006 жылғы 28 наурыздағы № 2-145/06 ЖСҚ қорытындысы); 4. Астана қаласында» 14 Тұрғын үй аймағы (Жаңа жол) 110/10 кВ ҚС құрылысы; 5. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып 2-ЖЭО кеңейту және қайта құру (Мемсараптау» РМК-ның 2005 жылғы 23 маусымдағы № 2-364/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 6. Астана қаласының сол жақ жағалау бөлігінде жылу магистралінің құрылысы, 3-іске қосу (Мемсараптау» РМК-ның 2006 жылғы 6 шілдедегі № 2-338/06 ЖСҚ қорытындысы); 7. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. Астана қаласында 2*63 МВА және ЛЭП110 кВ трансформаторлары бар» Заречная-Новая» 110/10 кВ ҚС құрылысы (Мемсараптау» РМК-ның 2005 жылғы 14 шілдедегі № 2-437/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 9. Алматы қаласындағы "Орбита" аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 19 мамырдағы № 7-53-2/2005 ЖСҚ қорытындысы). 10. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған жұмыс істеп тұрған қазандықтар мен ЖЭО-ның қуаттарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оларды жаңғырту, жылу желілерін қайта жаңарту («Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 2-122/06 қорытындысы) 11. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 18-33/2007 қорытындысы); 13. Атырау қаласы мен Атырау облысының электрмен жабдықтау объектілерін салу (ТЭН бойынша «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 2-113/06 қорытындысы); 14. Алматы қаласындағы «Алматы жылу желілері» АҚ-ның жылу желілерін қайта жаңарту. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері |