Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
340-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жылу-энергетика кешенін дамыту»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60520 мың теңге (алпыс миллион бес жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8-бабы; «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 7 , 11-баптары; «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 18, 21, 22, 26-баптары; «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
1) көмір өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және көмір саласының халықаралық стандарттарға көшуіне жағдай туғызу;
2) Қазақстан Республикасында электр және жылу энергиясының сапасына тұрақты бақылау жүйесін құру, энергия кәсіпорындарының қондырғыларын пайдалану кезінде энергиямен жабдықтау сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) атом энергиясын пайдалану үшін тұрақты қадағалау жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) көмір саласының нормативтік құжаттарын халықаралық талаптармен үйлестіру;
2) электр энергетика саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қайта қарау;
3) атом энергиясын пайдалану объектілерінде тергеу және бүліну есебі бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жылу энергетика кешенін дамыту | | | |
2 | | 101 | Көмір саласының халықаралық стандартқа көшуін қамтамасыз ету | 1. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу: 1) ҚР СТ. Шаң-тозаң түрінде жағуға арналған Қазақстанның көмірлері. Жалпы техникалық талаптар. 2) ҚР СТ. Кокстауға арналған Қазақстанның көмірлері. Жалпы техникалық талаптар. 3) ҚР СТ. Цемент өндірісіне арналған Қазақстанның көмірлері. Жалпы техникалық талаптар. 4) ҚР СТ. Әк өндірісіне арналған Қазақстанның көмірлері. Жалпы техникалық талаптар. 5) ҚР СТ. Кірпіш өндірісіне арналған Қазақстанның көмірлері. Жалпы техникалық талаптар. 6) ҚР СТ. Қу-Шоқы кенорнының көмірлері. Техникалық шарттар. 7) ҚР СТ. Бөрлі кенорнының көмірлері. Техникалық шарттар. 8) ҚР СТ. Майкөбе бассейнінің көмірлері. Техникалық шарттар. 1-бөлім. Шөптікөл кенорны. 9) ҚР СТ. Майкөбе бассейнінің көмірлері. Техникалық шарттар. 2-бөлім. Сарыкөл кенорны. 10) ҚР СТ. Майкөбе бассейнінің көмірлері. Техникалық шарттар. 3-бөлім. Талдыкөл кенорны. 11) ҚР СТ. Қатты отын. Гранулометрикалық құрамын анықтау. 12) ҚР СТ. Көмір. Петрографикалық талдау. 1-бөлім. Терминдер сөздігі 13) ҚР СТ. Көмір. Петрографикалық талдау. 2-бөлім. Үлгілерді дайындау. 14) ҚР СТ. Көмір. Петрографикалық талдау. 3-бөлім. Мацеральдық топ құрамын анықтау. 15) ҚР СТ. Көмірлерді жіктеу. 2. Қолданыстағы стандарттарға № 1 өзгерістерді әзірлеу: 1248-2004 ҚР СТ. Қатты минералдық отын. Сапасы бойынша қабылдау тәртібі. 3. Көмір өнімінің каталогтары мен жіктеуіштерін әзірлеу: 1) "Бөрлі" кенорны 2) "Сарыкөл" кенорны 3) "Талдыкөл" кенорны. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 102 | Электроэнергетика және мұнай өңдеу саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу | 1. Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамаларды талаптарға сәйкес әзірлеу. 1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бөлімшелері мен ұйымдарында еңбекті қорғау жай-күйін зерттеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар; 2) Қазақстан Республикасы жылу электрлік станцияларында көмірді түгендеу жөніндегі әдістемелік сілтемелер; 3) жалпы мәнді электр жүйелеріндегі электр энергиясының сапасын бақылау мен талдау жөнінде әдістемелік сілтемелер; 4) мұнара градиренін қабылдау мен пайдалану жөніндегі типтік нұсқаулық; 5) жылу электр станцияларының отын беруін пайдалану жөніндегі типтік нұсқаулық; 6) ішкіқазандық қондырғыларын тексеру және қабылдау бойынша басқарушы сілтемелер; 7) жылу электр станциясының бу турбиналық жабдықтарын және АЭС қыздырылған ауамен консервациялау бойынша әдістемелік сілтемелер; 8) жылу электр станцияларында су-химия режимін химиялық бақылауды ұйымдастыру және көлемі бойынша әдістемелік сілтемелер; 9) атмосфералық және жоғары қысымдағы деарациялық бағаналарды жаңарту жөніндегі әдістемелік сілтемелер; 10) электрстанцияларына механикалық сынама алғыштарды пайдаланумен түсетін қатты отынның сапасын кіріс бақылауы бойынша әдістемелік сілтемелер; 11) жылу электр станцияларының бу турбиналық цилиндрлердің жылулық ұлғаюын нормаландыру жөнінде әдістемелік сілтемелер; 12) өндірістік ғимараттарды салу конструкциялары мен жылу электр станцияларының ғимараттарын зерттеу бойынша әдістемелік сілтемелер. 1-бөлім. Темір бетонды және бетонды конструкциялар; 13) өндірістік ғимараттарды салу конструкциялары мен жылу электр станцияларының ғимараттарын зерттеу бойынша әдістемелік сілтемелер. 2-бөлім. Металл конструкциялар; 14) жылу электр станцияларында темір бетонды бу трубалары мен газ тасушыларды пайдалану жөніндегі сілтеме; 15) қолданыстағы жылу электр станцияларының басты корпустарының кровелді жабындарының өрт қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстар; 16) сұйық отын мен суды сақтау үшін метал резервуарларды пайдалану жөніндегі типтік нұсқаулық; 17) жылу желілері құбыр жолдарының коррозиялық зақымдану сипатын анықтау жөніндегі әдістемелік сілтемелер. 18) бу турбиналық қондырғылардың техникалық жай-күйін жөндеуге дейін және кейін және жөндеу аралық кезеңде бағалау әдістемесі; 19) мазут сақтау үшін металл және темір бетон сұйыққоймаларды жөндеу мен қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсыныстар; 20) жылу электр станцияларының негізгі жылу энергетикалық жабдықтарын жіберу (тоқтау) сапасын талдау жөніндегі басқарушы сілтемелер. 2. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде орынданушы сәулелену көздерімен айналысу кезіндегі радиациялық авария мен оқиғаларды қоса бүлінгендерді тергеу мен есепке алу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу: 1) ядролық реактор қондырғылар жұмысындағы бұзылымдарды тексеру және есепке алу тәртібі; 2) ядролық отын циклді кәсіпорындардың жұмысында бұзылымдарды тексеру және есепке алу тәртібі; 3) шаруашылық қызметінде пайдаланылатын радиактивті заттектерімен жұмыс істеу кезінде бұзылымдарды тексеру және есепке алу тәртібі; 4) зерттеушілік ядролық қондырғылар үшін сапаны қамтамасыз ететін бағдарламаға талап қою; 5) зерттеушілік ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін дәлелдеу жөніндегі есептің мазмұнына талап қою. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) 2007 жылы және бағдарламаны орындаудан бастап 15 мемлекеттік стандарт және қолданыстағы стандарттарға 1 өзгеріс, 24 стандарт және қолданыстағы стандарттарға 5 өзгеріс әзірленді;
2) Бөрлі, Талдыкөл, Сарыкөл кен орындары көмір өнімдерінің каталогтары мен жіктеуіштері әзірленді;
3) 2007 жылы және бағдарламаның орындалуынан бастап - 123 және электр энергетикасы саласындағы 20 нормативтік-техникалық құжат әзірленді;
4) атом энергиясын пайдалану объектілерінде бұзылушылықтарды тергеу және есепке алу жөніндегі 5 нормативтік-техникалық құжат әзірленді.
Түпкі нәтиже:
1) тұтастай алғанда, көмір саласы тиісті халықаралық талаптарға 21,3% стандарттармен қамтамасыз етілетін болады;
2) тұтастай алғанда, электр энергетикасы нормативтік-техникалық құжаттамамен 13,7%-ға қамтамасыз етілетін болады;
3) атом энергетикасы нормативтік-техникалық құжаттамамен 2,5% толық қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: әзірленімнің орташа құны: мемлекеттік стандартқа - 1466 мың теңге, қолданыстағы стандартты өзгертуге - 1011 мың теңге, каталог пен жіктеуішке - 2140 мың теңге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжатқа - 1430 мың теңге, нормативтік-техникалық құжатты қайта әзірлеуге - 500 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы: отын-энергетикалық кешен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық талаптарға сәйкес нормативтік-құқықтық, ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
341-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 456000 мың теңге (төрт жүз елу алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4 , 5 , 13-баптары; «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы; «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағындағы қазіргі радиациялық жағдайды және халық үшін радиологиялық ахуалды бағалау; кейінгі радиоэкологиялық мониторингті жүргізу үшін радиациялық-ластанған аумақтар мен алаңдарды белдемдеу; зерттеулер нәтижелері бойынша радионуклидтермен ластанған аумақтарды оңалту және нормативтен жоғары радиоактивтік сәулелену жағдайларынан халықты қорғау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; Ертіс химия-металлургия зауытына (бұдан әрі - ЕХМЗ) іргелес аумақтарда радиоактивтік заттар мен қалдықтардың бақылаусыз таралуын болдырмау; оның аумағының ерекшеліктерін ескерумен шаруашылық қызметін жүргізу үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының (бұдан әрі - ССП) радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ССП аумағындағы ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтарының қорларын бағалау, бұрынғы ССП аумағында ядролық жерасты сынақтарын өткізу орындарының ағымды сейсмикалық жағдайын зерттеу, радиоэкология мәселелері жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 1. Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды зерделеу: 1) 185,0 мың км2 алаңда масштабы 1:1000 000 өңірлік радиогидролито-химиялық түсіру; 2) әрбірінің алаңы 2,3 мың км2 Атырау облысының 1-ші типтік учаскесінде және Маңғыстау облысының 1-ші типтік учаскесінде масштабы 1:200 000 -1:100 000 орта масштабты радиоэкологиялық зерттеулер; 3) Батыс Қазақстанның аумағында 5 радиоактивтік ластану учаскесінде және 15 жоғары радиациялық тау-кен үйінділері бар учаскелерде 15000-1500 масштабты егжей-тегжейлі радиоэкологиялық зерттеулер. 2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытының (ЕХМЗ), радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінде және оған іргелес аумақтардағы радиациялық қауіпті жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу: 1) Первомай ауылдық округының аумағын радиациялық зерттеу аяқтау, оны белсенділігі жоғары және орташа иондаушы сәуле көздерден (ИСК) және радиоактивті қалдықтардан (РҚ) тазарту; 2) 2005 жылы табылған траншеялық көмулерде табиғатты қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары; 3) жұмыс құжаттамасын әзірлеу және технологиялық учаскелерді құру. 3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 1) бұрынғы ССП-ны аумағының шекараларын тексеру және жайластыру; ядролық сынақтар жүргізілген негізгі алаңдарда бұрынғы ССП аумағына рұқсатсыз кіруді шектеу жүйесін әзірлеу. Радиациялық-ластану учаскелерінің шекараларын нақтылау. Қоршалған объектілердің аумағына негізгі өту жолдарынан тыс кедергілерді құру (қалпына келтіру). Ескерту белгілерін орнату; 2) ССП аумағында шаруашылық жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік тәртібін регламенттейтін нормативтік-техникалық база әзірлеу. Әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу кезінде нұсқаулықтар мен талаптарды әзірлеу. ССП аумағы үшін типтік санитарлық-гигиеналық паспортты әзірлеу. Бақылаушы органдарда дайындалған құжаттарды келісу; 3) ССП аумағындағы шаруашылық қызметінің мониторингі. Жер қойнауын пайдалануға рұқсатты растайтын құжаттарға сәйкес мәлімделген аумақтармен жұмыс жүргізу орындарына орай бақылауды қоса алғанда, рұқсат етілген шаруашылық қызметті бақылау. Полигон аумағы бойынша автокөліктің қозғалу бағыттарын келісу; Рұқсат етілмеген етілген шаруашылық қызметін табу. Бақылаушы органдарды хабардар ету; Рұқсат етілмеген етілген шаруашылық қызметінің масштабтарын азайту жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру; Шаруашылық жүргізуші субъектілердің дерекқор базасын дамыту; 4) Ядролық және радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұрынғы ССП аумағында орналасқан реакторлық кешендердің физикалық қорғаныш жүйесін жаңғырту; ядролық және радиациялық қауіпті объектілерде болуы мүмкін аварияларды үлгілеу және болжамдау, объектілердің ядролық және радиациялық қауіпсіздік жүйесі мониторингін әзірлеу; 5) ССП аумағында жерасты ядролық жарылыстар жүргізілген орындардың қазіргі сейсмикалық жағдайын зерттеу. Сары-Өзен алаңының табиғи-техногендік сейсмикалығын зерттеу жөніндегі далалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Балапан және Дегелең алаңдарының табиғи-техногендік сейсмикалығының мониторингі. Нәтижелерді талдау; 6) Балапан және Сары-Өзен алаңдарының бұрғылау ұңғымаларын паспорттау. Бірқатар бұрғылау ұңғымаларының маңайында жарылыс құбылыстарынан кейін далалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Камеральдық жұмыстар. Бұрғылау ұңғымалары бойынша дерекқор құру. ГИС-ке нәтижелерді енгізу; 7) ядролық және радиоактивті материалдарды таратпау және заңсыз айналымын болдырмау жөнінде зерттеулер жүргізу және жұмыстарды ұйымдастыру. Радиоактивтік және ядролық материалдармен заңсыз айналысуға қарсы әрекетке бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық және ядролық материалдармен заңсыз айналысуға қарсы әрекеттердің және таратпау режимін ұстау шаралары, техникалық шешімдері мен әдістері жүйесін әзірлеу; 8) қалдықтармен және уытты қалдықтармен қауіпсіз айналысуды қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу; Радиоактивтік және улы қалдықтарды және ядролық қызметтің қалдықтарын сақтау объектілерінің мониторингі әдістерін әзірлеу. Оның инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескерумен ССП аумағында оларды ұзақ уақыт сақтаудың қауіпсіздігінің негіздемесіне зерттеулер жүргізу; 9) ССП аумағындағы ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтарының қорларын бағалау. Мәртебесі ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтарының болуымен шарттасатын радиациялық-қауіпті объектілердің орналасуын анықтау құрамын анықтау (ЯҚҚ). Осы объектілердің ауданында және ЯҚҚ қорларын бағалаудағы жергілікті учаскелерінде радиоактивтік ластануды түгендеу бойынша далалық зерттеулерді жүргізу. Осы объектілердің тұтастығы бұзылған жағдайда радиациялық жағдайды өзгертулерді зерттеуді қорытындылайтын мониторингті жүргізу. Радиациялық-қауіпті объектілерге радиациялық-гигиеналық паспорттарды құру. Радиациялық-қауіпті объектілердің дерекқор базасын дамыту; 10) Бұрынғы ССП аумағындағы радиациялық жағдайдың шынайы картасын жасау мақсатында қосымша радиоэкологиялық зерттеулер. Радиоактивтік ластанудың бұрын табылған учаскелерін түгендеу үшін егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары. Алаңдық радиациялық ластанумен аз зерттелген аумақтарда тексеру желісін жиілету. Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінің тритиймен ластану деңгейі мен сипатын зерттеу. Қоршаған орта объектілерінің бұрын зерттелмеген радионуклидтермен (хлор-36, технеций-99, плутоний -241 және т.б.) ластану деңгейін зерттеу. Радионуклидтік ластанудың алаңдық бөліну картасын жасау; 11) Жерасты ядролық жарылыстарды өткізу орындары бассейндерінің сарқынды суларының радионуклидтік ластануының мониторингі жүйесін жасау. Су мониторингі желісін құру (1 кезек). Зерттеулерді жүргізу және аумақтың гидрологиясы мен гидрогеологиясын анықтау. ССП-нің жалпы гидрогеологиялық үлгісін жасау. Жерасты ядролық жарылыстарды өткізу орындарында жер бетіндегі сулардың радионуклидтік ластануының мониторингі желісінің пункттерін құру. Құрылған мониторинг жүйесі базасында үстіңгі су ағындарының су мониторингін жүргізу. Су пайдаланудың су объектілерінің жағдайының жүйесін құру және мониторинг жүргізу. Су мониторингін дерекқор базасын дамыту; 12) ССП шегінен тыс радионуклидтердің көшу мүмкіндігін азайту және болдырмау жөніндегі зерттеулер мен жұмыстарды жүргізу. Жерасты сулары бассейнінің радионуклидтермен ластануын зерттеу. Жүк түсіру саласында жерасты суларымен радионуклидтердің көшуінің мүмкін жолдарын анықтау үшін гидрогеологиялық үлгісін жасау. ССП шегінен тыс радионуклидтердің түсу мүмкіндігін бейтараптандыру әдістемесін негіздеу; 13) Ақпараттық жүйелерді дамыту және ССП аумағын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау жүйесін құру. ССП аумағында 1:100 000 масштабында топографиялық карталарды векторлау; 14) Бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін ақпараттық қамтамасыз ету. Халықты радиоэкология мәселелері және ССП аумағын пайдалану мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Жұмыс нәтижелерін ақпараттық түсіндіру; 15) Құпия. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды зерттеу:
1) өңірлік зерттеулер бойынша Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағы бойынша 185 000 мың шаршы км. алаңда масштабы 1:1000 000 радиогидролитохимиялық түсіру орындалатын болады, 2006 жылдың далалық жұмыстары бойынша барлық зертханалық талдаулар аяқталатын болады, 2006 жылдың далалық жұмыстары бойынша барлық зертханалық талдаулардың аяқталуын ескерумен Қазақстан Республикасының тұрғындарына радиациялық жүктеме картасы жасалынатын болады;
2) орта масштабты зерттеулер бойынша радиациялық факторлар жиынтығы бойынша олардың радиациялық кернеуліктерін бағалау үшін осы учаскелерге радиациялық паспорттардың макеттерін жасаумен Атырау облысының 1-ші типтік учаскесінде және Маңғыстау облысының 1-ші типтік учаскесінде жан-жақты зерттеу аяқталатын, сондай-ақ 2006 ж. жұмыстар бойынша (Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары) типтік учаскелерге 2 радиациялық паспорт жасалатын болады;
3) Батыс Қазақстанда 5 тау-кен өндіруші объекті және 15 радиоактивтік ластану учаскесі егжей-тегжейлі зерттелетін және осы объектілерге радиациялық-гигиеналық паспорттардың макеттері жасалатын болады;
4) Қазақстанның 4 облысы бойынша масштабы 1:1000 000 топырақ пен судың радиациялық-химиялық ластану карталары, барлығы 45 карта жасалатын болады;
5) орындалатын жұмыстар бойынша санамаланған карталар мен паспорттардың қосымшасымен бірге ақпараттық есеп жасалатын болады.
2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауыты (ЕХМЗ) аумағында, радиоактивтік қалдықтарды көму пункттері мен оған іргелес аймақтарда радиациялық-қауіпті жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу:
Первомай ауылдық округының радиациялық зерттеуді, Первомай кентіне іргелес Барашки ауылының, Северный кентінің, № 5 кенті қосалқы шаруашылығының аумағын ИСК-тен және РАҚ-тан тазартуды және іздестіруді жүргізу; жер астындағы және ағын сулардың радиациялық мониторингінің инфрақұрылымын әзірлеу; 2006 жылғы жобаға сәйкес траншеялық көмулерді (9) радиациялық-қауіпсіз жағдайға келтіру; 22а цехының ластанған технологиялық жабдығын бұзу және оны дайындау, жеткізу, қабылдау бойынша өндіріске арналған стандарттық емес жабдыққа жұмыс құжаттамасын әзірлеу және 2006 жылғы жобаға сәйкес сынақтары радиоактивтік қалдықтарды сақтау пунктінің аумағында ұзақ қауіпсіз сақтауға РАҚ-ты орналастыруға, сұйық радиоактивтік қалдықтарды (СРҚ) қайта өңдеуге, қатты радиоактивтік қалдықтарды (ҚРҚ) буып-түюге, дезактивтендіруге, дефрагментациялауға арналған жабдықтар, жұмыс регламенттері әзірленетін болады.
3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
Ядролық сынақтар жүргізілген негізгі алаңдардың аумағына рұқсатсыз кіруді шектеу жүйесі құрылды. 3 сынау алаңының шекараларын белгілеу (жалпы ауданы 10 000 м.кв. 10 учаскені). Бұрын орнатылған, бұзылған белгілерді қалпына келтіру.
- әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу кезінде нұсқаулықтар мен талаптар әзірленді;
- су объектілері мониторингінің регламенті;
- ССП аумағында градиентсіз учаскелерді зерттеу жөніндегі нұсқаулық;
- ССП аумағында градиентті учаскелерді зерттеу жөніндегі нұсқаулық;
- ССП аумағы үшін типтік санитарлық-гигиеналық паспорт әзірленді.
Бұрынғы ССП-тің табиғи ресурстарын ұтымды пайдаланудың және онда шаруашылық қызметінің рұқсат етілетін және тиімді тұжырымдамасы әзірленді;
шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздіктің талаптарын қамтамасыз ету мониторингінің жаңа деректері;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің дерекқорын дамыту;
Байкал реакторлық кешенін физикалық қорғаудың қазіргі жүйесін ішінара жаңғырту бойынша іс-шаралар орындалды және ядролық объектілердің қауіпсіздігі, ядролық және радиациялық-қауіпті объектілерде авариялардың мүмкін болатын түрлерін үлгілеу мен болжамдау саласында нәтижелер алынды;
радиологиялық зерттеулердің жаңа деректері, радионуклидтік ластанудың анықталған карталары;
бұрынғы ССП аумағында су мониторингінің желісі құрылды және жер астындағы суларымен радионуклидтердің көшуінің жалпы гидрогеологиялық үлгісі әзірленді;
Сары Өзен алаңының қазіргі сейсмикалық жағдайы туралы, Дегелең және Балапан алаңдарының қазіргі сейсмикалық жағдайының мониторингі туралы жаңа деректер алынды;
Балапан алаңының бұрғылау ұңғымаларын паспорттау орындалды және Балапан алаңының бұрғылау ұңғымалары бойынша дерекқор құрылды;
бұрынғы ССП аумағында ядролық сынақтар өткізілген жерлердегі ядролық қарулану әрекетінің қалдықтарын табу жөнінде жаңа деректер алынды;
ядролық қызмет қалдықтарын оқшауландырудың әдістері мен жобалары әзірленді;
барынша ластанған және әлеуетті қауіпті аумақтардың оқшауланған учаскелерін ремедиациялау мүмкіндігін техникалық-экономикалық зерттеу орындалды;
ядролық қару-жарақ қызметінің қалдықтарын, радиоактивтік және уытты қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау негізіне техникалық-экономикалық зерттеу орындалды;
ГАЖ шешім қабылдау жүйесінің бір бөлігі ретінде жаңа ақпараттық қабаттармен толықтырылды;
бұрынғы ССП өңірінің тұрғындарын ақпараттандыру және түсіндіру.
Түпкі нәтиже: бағдарламаны іске асырудан бастап, Қазақстанның барлық аумағының 37% кем емес алаңында нормативтен жоғары сәулелену жағдайларынан халықты қорғау;
2009 жылы бұрынғы Ертіс ЕХМЗ аумағында, радиоактивтік қалдықтарды көму пункттерінде және оған іргелес аумақтарда радиациялық-қауіпті жағдайды жою;
ССП шекаралары қалпына келтірілді және белгіленді, техникалық алаңдардың радиациялық ластану картасы жасалды; ССП аумағында шаруашылық қызметін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық база және осы қызметтің мониторинг жүйесі қалыптастырылды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: радиациялық жағдайды белгіленген нормаларға сәйкес келтіру және оны халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз ету.