ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 279 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобалар бойынша көлемді орындау:
1. Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілері мен энергия желілері объектілерін кеңейту және жаңғырту.
2. 4 қосалқы станция салу.
3. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
4. Астана қаласының сол жақ жағалаудағы бөлігінде жылу магистралін салу 3-іске қосу.
5. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Алматы қаласындағы "Орбита" аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту.
7) бекітілген ЖСҚ және Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған жұмыс істеп тұрған қазандықтар мен ЖЭО-ның қуаттарын жаңғырту, жылу желілерін қайта жаңарту,
8. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту;
10) Атырау қаласы мен Атырау облысының электрмен жабдықтау объектілерін салу;
11) Алматы қаласындағы «Алматы жылу желілері» АҚ жылу желілерін қайта жаңарту.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке елді мекендерді жылу және энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
352-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі ведомстволарын көшіру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 444756 мың теңге (төрт жүз қырық төрт миллион жеті жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: комитеттер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Геология және жер қойнауы комитеті мен Атом энергетикасы комитетінің Астана қаласына қоныс аударуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру | Астана қаласына Комитеттердің қоныс аударуын қамтамасыз ету: 1. Буып-түю, тиеу-түсіру бойынша шығын. 2. Телефондар мен байланыс арналарын орнату. 3. Қоныс аударуға байланысты көлік шығыны. 4. Сөрелерді құрастыру және бөлшектеу, геологиялық қор үшін қосымша сөрелерді жасау. 5. Комитет қызметкерлерінің Астана қаласына жол жүру ақысын төлеу шығыны. 6. Өтемақы төлеу шығыны. 7. Тұрғын үй сатып алу (кезең). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету және комитеттер жұмысының тиімділігін арттыру үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен Атом энергетикасы комитетінің Астана қаласына қоныс аударуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
353-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен
жабдықтауды қамтамасыз ету»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 7 380 000 мың теңге (жеті миллиард үш жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электр энергиясының жетіспеушілігін жабу, электр энергиясында бағаның тұрақты деңгейін сақтау кезінде оңтүстік өңірлерде туындаған Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын (бұдан әрі - ЖМАЭС) қосу және оңтүстік өңірлерде туындаған электр энергиясының жетіспеушілігін жабу мақсатында оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары үшін отын жеткізілімі бойынша шығындардың өтемақы жолымен электр энергиясына тұрақты тарифтерді сақтау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету | "ҚазТрансГаз" АҚ қаражаттарын аудару: 1) отын жеткізілімі үшін шығындарды өтеу бойынша шығыстар (2006 жылғы қаңтар-мамыр, қараша-желтоқсан); 2) 2007 жылғы қаңтардан мамырға дейін электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтауға қажетті отынның құны мен тасымалдау шығыстарын ескеріп, Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшін отын сатып алу бағасының арасындағы айырманы жабу шығыстары. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазТрансГаз" АҚ |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ҚҚС табиғи газды бағалау кезінде 2962 млн.кВтс-қа дейінгі көлемде ЖМАЭС шиналармен бірге электр энергиясын жіберу 69,63 $/мың.н.м.куб-қа дейін ($ есептеу курсы бойынша 128 теңге) және/немесе резервтік отынды (мазут) пайдалану.
Түпкі нәтиже: (2900 МВт) күтілетін»ең жоғары»жүктеме шектерінде Оңтүстік Қазақстанды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өндірілген электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтау.
Уақыттылығы: шартқа сәйкес.
Сапасы: 2006-2007 жылдар аралығындағы Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының тұрғындарын электр энергиясымен жабдықтау қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 353-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
353-1-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
027 «Облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін
пайдалануды ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500 000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» (екінші оқылым) 2007 жылғы 19 маусымдағы № 94-ІІІ ҚРҮ Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2007-2008 жылдардағы жылу беру маусымына Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қостанай облысы Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерін отынмен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру- ға арналған нысаналы трансферттер | «Арқалық ЖЭК» МКК үшін 2007-2008 жылдарда жылу беру маусымына отындық мазутты сатып алуға Қостанай облысының облыстық бюджетіне нысаналы трансферттер-ді аудару. | шілде - желтоқ- сан | Қазақстан Республика- сы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіҚостанай облысының әкімдігі, Арқалық қаласының әкімдігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: 2007-2008 жылдарда жылу беру маусымына Арқалық қаласында жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 22,3 мың тоннадан кем емес көлемде отындық мазут сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: «Арқалық ЖЭК» МКК-нің тиімді жұмыс істеуі және жылумен жабдықтау қызметтерін үздіксіз ұсынуы.
қаржы-экономикалық тиімділігі: республика үшін экономикалық тиімділікке Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: нормалар мен ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
354-ҚОСЫМША (өте құпия)
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 354-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
354-1-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
029 «Қазақстан Республикасында өндіру салалары қызметтерінің ашықтық бастамаларын іске асыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13 000 мың теңге (он үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 63-бабы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 52-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2005 жылғы 5 қазандағы «Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өндіруші салалар қызметінің және Қазақстан Республикасына өндіруші компаниялардан түсетін кірістің транспаренттігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 029 | | Қазақстан Республика- сында өндіру салалары қызметтері- нің ашықтық бастамала- рын іске асыру | 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен өндіруші компаниялар ұсынған бюджетке түсетін төлемдердің есептерін салыстыруға аудиторлық компания тарту. | Екінші жарты жылдық | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: баспасөзде жарияланатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен өндіруші компаниялар ұсынған бюджетке түсімдер мен төлемдер туралы аудиторлық компанияның тәуелсіз есебі.
Түпкілікті нәтиже: өндіруші салалар қызметінің және Қазақстан Республикасына өндіруші компаниялардан түсетін кірістің транспаренттігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: елдің рейтингін көтеру және өндіруші салаларға инвестиция тарту.
Уақтылылығы: шартпен және техникалық тапсырмалармен анықталған мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 354-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
354-2-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
036 «Түркменстан шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының
борышын өтеу жөнінде іс-шараларды жүргізу» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1849826 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Парламентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194-III ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: борыш міндеттемелері мен талаптарын реттеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Түркменстан ұйымдарының алдында берешектерді өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Түркменстан шаруашылық жүргізуші субъектіле-рі алдында Қазақстан Республи- касы заңды тұлғалары- ның борышын өтеу жөнінде іс-шаралар-ды жүргізу | Түркменстан шаруашылық жүргізуші субъектілері алдында «Қазақстанэнер- гия ҮЭЖ» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының берешектері бойынша талаптар құқығын сатып алу жөніндегі іс-шараларға «ДостықЭнерго» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру; Олар: 1) 1996-1997 жылдары жеткізілген электр энергиясы үшін «Кувват» ТГЭК; 2) 1993-1994 жылдары газ және электр энергиясын тұтыну үшін мөлшері «Туркменгалланумлеи» нан өнімдері ассоциациясына. | шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру.
Түпкілікті нәтиже: Түркменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында борышты өтеуі.
Уақытылығы: осы паспорттың 6-тармағына сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау.
Сапасы: борыш міндеттемелерін өтеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 354-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
354-3-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстарминистрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі
2007 жылға арналған
049 «Атомэнергетикасын дамыту жөніндегі дайындық жұмысы»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 151974 мың теңге (бір жүз елу бір миллион тоғыз жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: »Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 14 сәуірдегі Заңы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуір № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жоспарланып отырған техникалық-экономикалық негіздемеге қол жеткізу және одан әрі инвестициялаудың орындылығы туралы шешімді қабылдау үшін Ниет туралы декларацияны және техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі НтД және ТЭН) әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Құрылыс инвестицияларының шаруашылық қажеттілігі, техникалық мүмкіндігі, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік орындылығы туралы шешім қабылдау үшін, АЭС құрылысының таңдауға актісін алу және жобаны іске асыру жөніндегі алдағы жұмыстарды орындау үшін нақты мәліметтер алу негізделген.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағ- дар- лама-ның коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) аталуы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламаны) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 049 | | Атом энерге- тикасын дамыту жөнінде- гі дайындық жұмысы | 1. Атом электр станциясы жобасына, реакторлық қондырғы (РУ), турбиналық қондырғы (ТУ) Технологиялық процеспен басқарудың автоматтандырыл- ған жүйесінің (ТПБАЖ) техникалық жобаларына Техникалық тапсырма (ТТ)әзірлеу. 2. Ниет туралы декларация әзірлеу. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республика- сының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен бірлескен қазақстан- ресей кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелері:
тікелей нәтиже: АХ, реакторлық қондырғы, трубиналық қондырғы, технологиялық процеспен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жобаларына әзірленген техникалық тапсырма. Ниет туралы декларация;
түпкілікті нәтиже: алынған, негізделген мәліметтер алу құрылыс инвестицияларының шаруашылық қажеттілігі, техникалық мүмкіндігі, коммерциялық, экономикалық және орындылығы туралы шешім қабылдауға, АЭС құрылысының алаңын таңдау актісін алуға және жобаны іске асыру жөніндегі алдағы жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді;
қаржылық-экономикалық тиімділігі: АЭС салу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады, өйткені ол атом энергетикасы секторын ғана қамтамасыз етіп қоймай, электр энергиясын тұтынушы Қазақстан Республикасы экономикасының басқа секторларына да, жұмыспен қамтылған біліктілігі жоғарғы деңгейдегі қызметкерлерге жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, шағын және орта қуатты АЭС салу бойынша. Әлемдік нарықтық қолайлы жайғасқан конъюктурасы аталған АЭС-ті референттік ретінде Қазақстан Республикасында жобалаудағы, салудағы және пайдаланудағы жинақталған тәжірибені халықаралық нарықтарға ВБЭР-300 энергоблоктары бар АЭС жобасын шығару үшін нақты алғышартын құрайды;
уақтылығы: жобаның өзекті мәселесі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелеріне, органикалық отынның әлемдік бағасы өсуінің тұрақты үрдісіне, оның қорының азаюына, сондай-ақ әлемдік энергия өндіруде атом энергетикасы ролінің артуына байланысты;
сапасы: жұмыс ҚР, РФ-дағы қолданыстағы нормативтік құжаттамаларға сәйкес және де МАГАТЭ ұсыныстарымен орындалатын болады.