«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 Қаулысы
(2007.15.01. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2007.15.01. № 19 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін;
Әлихан Асханұлы Смайыловты «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1287 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.15.01. № 19 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Дулат Нулиұлы вице-министрі, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
Ысқақов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Санат Қасымұлы қоғамының тәуелсіз директоры
Сартбаев - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Медет Мақсұтұлы қоғамының тәуелсіз директоры
Джеймс - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Пенни қоғамының тәуелсіз директоры
Сауэр - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Иван Адамович қоғамының тәуелсіз директоры