«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 19 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамдағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін;
Әлихан Асханұлы Смайыловты «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін»;
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
"Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Әлихан Асханұлы министрi
Ысқақов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Санат Қасымұлы қоғамының басқарма төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
Ысқақов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Санат Қасымұлы қоғамының тәуелсіз директоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |