материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) азаматтарды тiркеу және оларды әскери қызметке шақыру кезiнде медициналық куәландырудан өткізудi;
2) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізудi және оларды әскери қызмет өткеру үшiн жөнелтудi;
3) шақыру (жиын) пункттерiн жабдықтауды, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен, автомобиль көлiгiмен, сондай-ақ байланыс құралдарымен жабдықтауды;
4) қызмет көрсететiн персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердiң қажеттi санын;
5) денсаулық сақтау ұйымдарында орындарды қамтамасыз етеді.
2. Iшкi iстер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi.
3. Соғыс уақыты жағдайларында жұмылдыруды жүргізу жоспарларын орындау үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен әскери мiндеттілердi хабардар ету штабтары немесе учаскелерi, оларды және техниканы жинау пункттерi құрылады.
4. Шақыру учаскелерi мен жиын пункттерiнде жұмыс iстеу үшiн iссапарларға жiберiлген, азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу жөніндегі комиссиялардың, шақыру комиссияларының мүшелерiне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы мiндеттердi атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметi және жалақысы сақталады.
Егер аталған адамдардың өз міндеттерін атқаруы іссапарлармен байланысты болса, жергілiктi атқарушы органдар олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және қайтуға, тұрғын үй жалдауына жұмсаған шығыстарын, сондай-ақ iссапар шығыстарын өтейдi.
45-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн әскери қызметшiлермен әскери қызмет өткеру туралы жасалған келісімшарттар, олар жасалған мерзімдер iшiнде қолданыста болады.
2. Әскери қызметтi өткерiп жүрген, келісім-шарттар жасаспаған әскери қызметшiлер оларды осы Заңда көзделген тәртiппен жасасады.
3. Осы Заңмен әскери қызметте болуының шектi жасы өзгертiлген әскери қызметшiлер мынадай шектi жастарға:
1) полковниктер (бірiншi дәрежелi капитандар) - елу жасқа;
2) генерал-майорлар (контр-адмиралдар), генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) - елу бес жасқа;
3) генерал-полковниктер (адмиралдар) және одан жоғарғылар - алпыс жасқа жеткенде әскери қызметтен босатылуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн әскери қызметке шақырудан босатылған немесе әскери қызметке шақырылуы кейiнге қалдырылған азаматтар берілген босатулар мен кейiнге қалдыруларды олардың қолданыс мерзiмi өткенге дейiн пайдаланады.
5. Запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшiлер мен азаматтардың осы Заң қолданысқа енгізiлгенге дейiн берiлген әскери атақтары сақталады.
46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 7-баптың 4-тармағын және 35-бапты қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 56-құжат; № 13-14, 173-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат; № 6, 71-құжат);
2) "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" 2001 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 8, 57-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. шілденің 8-і.
№ 74-III