376-бап. Жалпы ережелер
1. Оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiштi заңды тұлға мемлекеттік тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына бередi.
Жаңадан құрылған жеке кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеуге қойылған күнi өтiнiш береді.
Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.
2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) жеке кәсіпкерлер үшiн:
жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 4500,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiн қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшедi.
Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.
4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібінен оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептіліктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 377-бап өзгертілді
377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртібі
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң
орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгiленген ең төменгi айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей
болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.
5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.
Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Оңайлатылған декларация есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептілігi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 377-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
377-1-бап. Жекелеген салық түрлерін және жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу
ерекшеліктері және олар бойынша есептілікті табыс ету
1. Салық төлеуші оңайлатылған декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде:
1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті;
3) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.
2. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді табыс етпейді.
65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған
арнаулы салық режимI
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 378-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
378-бап. Жалпы ережелер
1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату жөніндегі қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.
2. Жеке меншiк құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есепті кезеңнен кейінгі салық мерзімінен бастап салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде көшеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы арнаулы салық режимі қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан (бірінші салық кезеңінде) кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.
Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi деп есептеледi.
20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
5. Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
6. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 379-бап өзгертілді
379-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерiн:
1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқылы.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктің (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептілігiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл тармақтың ережесi осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
380-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.
Жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзіледi.
3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөніндегі декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.
Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 25 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 25 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын (салық салу объектiсiнiң өзгеруiн есепке ала отырып) есептейдi және төлейдi.
381-бап. Жер учаскелерiн жалға берген (алған) кезде салық салу ерекшелiктерi
1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.
Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап белгiленедi.
Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алып тасталды (бұр. ред. қара)
23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 382-бап өзгертілді
382-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша салық есептілігi
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация тапсырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (бiрiншi салық кезеңiнде) мынадай құжаттарды:
1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;
2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшірмелері;
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн табыс етедi. Кейiнгi жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеушi оны алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн салық комитетiне табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3) жер қатынастары жөніндегі уәкiлеттi орган берген жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актiнiң нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн табыс етедi. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құнын негiзге ала отырып анықталады;
4) әлеуметтiк салық сомаларын есептеу үшiн қажеттi деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, қызметкерлердi алдағы салық кезеңiнде жалдау туралы мәлiметтер табыс етедi.
Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етедi.
3. Осы арнаулы салық режимiн таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебi мен арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы баптың 2-тармағында аталған құжаттарды табыс етедi.
4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн он бес күн мерзiмде өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсыруға мiндеттi.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 383-бап өзгертілді
383-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған тиісті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуы тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең.
Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнің және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.
3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 384-бап өзгертілді
384-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық есептілігiн табыс ету
Бiрыңғай жер салығын төлеушілер бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны беру үшiн белгiленген мерзiмдерде:
1) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
2) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
3) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын;
5) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға
арналған арнаулы салық режимі
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 385-бап өзгертілді
385-бап. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимi патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейдi және заңды тұлғалардың:
1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткізу жөніндегі;
2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылады.
2. Мыналардың:
1) еншiлес ұйымдары, филиалдары мен өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) филиалдардың, өкілдіктердің;
3) осы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн (бұдан әрi - арнаулы салық режимi) қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
3. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметiне қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және қызметтiң мұндай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді