2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беретiн тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II Заңымен 348-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-1-бап өзгертілді
348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттік тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенімгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы
349-бап. Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 350-бап жаңа редакцияда; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 350-бап өзгертілді
350-бап. Салық есептілігi
Төлеушi заңды тұлғалар (бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ көлiк декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.
14-бөлім. Мүлік салығы
61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге
салынатын мүлік салығы
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Салық төлеушiлер
1. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар , сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қажеттілік нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттілік нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;
6) дiни бiрлестiктер.
Осы тармақтың 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 352-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
352-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келісім бойынша салық төлеушi сенімгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеушi бола алады.
4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 353-бап өзгертілді
353-бап. Салық салу объектiсi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) осы Кодекстiң 326 және 327-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;
2) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған негiзгi құралдар;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
5) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізгі құралдардың құрамдас бөліктері.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 354-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
354-бап. Салық базасы
1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күніндегі салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің қалдық құнына кірмейді.
3. Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 355 - бап өзгертілді
355-бап. Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.
1-1. Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.
2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар;
5) мемлекеттік меншiкке жататын және мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.
2-1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 356-бап өзгертілді
356-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртібі осы Кодекстің 385-390-баптарында белгiленген.
3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 8-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
7. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.
8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 357-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша салықты жеке кәсiпкер осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 358-бап өзгертілді
358-бап. Салық кезеңi
1. Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн белгiленедi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық есептілігi
1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi.
Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептілігiн табыс ету тәртібі осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептілігiн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2 тармақ өзгертілді
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5)-тармақшаcында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.
360. 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды
62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 361-бап өзгертілді
361-бап. Салық төлеушiлер
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қа?арманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.
Осы тармақта аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi анықтау
1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келісімi бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келісіммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 363-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
363-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi мынадай объектiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 364-бап өзгертілді
364-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. алып тасталды
3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 365 - бап жаңа редакцияда
365-бап. Салық ставкалары
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі: