2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 113-1, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 138-1, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
101-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 7 509 995 мың теңге (жеті миллиард бес жүз тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орман және су шаруашылығы агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: стратегиялық жоспарды қалыптастыру және жүзеге асыру, реттеуші салада мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды, нормативті құқықтық актілерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, құжаттардың түрлерін әзірлеу және бекіту; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді құрудың негізін жасау; Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-кеңістік қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/c | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Агроөнеркәсіп кешені, орман және су шаруашылығы саласында нормативті құқықтық актілер әзірлеу; эпизоотикалық мониторингті, диагностиканы және ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды жүргізу; карантинге жатқызылған өнімге импорттық карантиндік рұқсаттар беру; өсімдіктерді қорғау және карантин саласында мониторингті жүргізу және бақылау; Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың реттелетін сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында бақылау объекттеріне бару; ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарды бақылауды жүзеге асыру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік тіркеуді, тракторларды техникалық тексеруді, емтихандарды қабылдауды және тракторларды басқару құқығына куәлік беруді жүргізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Он тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) өсімдіктерді қорғау және карантин; 2) ветеринария; 3) техникалық инспекция; 4) тұқымдық және астық инспекциялау; 5) мал тұқымын асылдандыру ісі; 6) балық шаруашылығы; 7) орман шаруашылығы; 8) су шаруашылығы; 9) ауыл шаруашылығына ақпаратты-маркетингтік қызмет көрсету; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік басқару негізін қолдану. Мемлекеттік тілді оқыту. | Ақпан-қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5 | ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Уәкілетті органның агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласында ары қарай қызмет істеуі үшін материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | - ақпарат жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету; - Интернет желісіне ену қызметі; - компьютер жабдықтарына және ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсету; - 1С:бухгалтерияны қолдау және пайдалану; - «ЦИФС» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бағдарламалық өнімдерін қолдау; -материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: орман және су шаруашылығы агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейді арттыру - 500 адам, оның ішінде аумақтық органдарда - 450 адам;
мемлекеттік тілді оқыту - 1000 адам, оның ішінде аумақтық органдарда - 900 адам.
Түпкі нәтиже: бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін жасау, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 25 734 теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 38 598 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау және бекітілген келісім шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімді ескере отырып іс-шараларды толық көлемде 100% сапалы орындау;
- кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру; мемлекеттік тілді оқыту курсын өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге өтетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 12,7%; біліктілікті арттыру курстарын өткеннен кейін жоғарғы лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,3%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
102-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 188398 мың теңге (бір жүз сексен сегіз миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 95, 135-баптары; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: суармалы жерлерге және жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріне, жерді қалпына келтіру мен су ресурстарын басқару жобасына мониторинг, Қазақстан Республикасының суармалы жерлерінің мелиориативтік жай-күйін бағалау, гидромелиоративтік және су шаруашылығына бағытталған жобалау-іздестіру жұмыстарына әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту | | | |
2 | | 100 | Гидрогеология-мелиоративтік экспедициялар | Штаттық саны 92 адам болатын «Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемені мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: 700 000 гектар суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу, оның ішінде Алматы облысында 662 000 гектар, Жамбыл облысында 38 000 гектар және жобаның объектілерінде 21332 гектар жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру, оның ішінде мынадай аймақтарда: Жетісу (бас) экспедициясында - 13 495 гектар; Солтүстік бөлімінде - 7 837 гектар; ыза сулардың деңгейдік-тұздық режиміне стационарлық гидрогеологиялық бақылаулар - 8 400 өлшеу; коллекторлық-дренаждық су ағымына гидрогеологиялық бақылау - 550 өлшеу; ұңғымаларды ағымдағы жөндеу - 490 ұңғыма; 7000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық анализдер - 5 000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық материалдарын құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Негізгі құралдарды сатып алу: арнайы машина, арнайы автокөлік, бағдарламалық қамтамасыз ету, оргтехника, аспаптар мен жабдықтар. Штаттық саны 85 адам болатын «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедиция» мемлекеттік мекемені мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: 618093 гектар суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу (оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 512500 гектар, Жамбыл облысында - 105593 гектар) және жобаның объектілерінде 9637 гектар жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру және 39300 гектар алаңда су ресурстарын басқару жобасы мен жерлерді қалпына келтіру; ыза сулардың деңгейдік-тұздық режиміне стационарлық гидрогеологиялық бақылаулар - 30472 өлшеу; коллекторлық-дренаждық су ағынына гидрогеологиялық бақылау - 2168 өлшеу; ұңғымаларды ағымдағы жөндеу - 155 ұңғыма; 20000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық анализдер - 7607 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық материалдарын құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Негізгі құралдарды сатып алу: арнайы автокөлік, аспаптар мен құралдар. Штаттық саны 50 адам болатын «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемені мынандай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: 300000 гектар суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу және жобаның объектілерінде 1034 гектар жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру; ыза сулардың деңгейдік-тұздық режиміне стационарлық гидрогеологиялық бақылаулар - 10000 өлшеу; коллекторлық-дренаждық су ағымына гидрогеологиялық бақылау - 200 өлшеу; ұңғымаларды ағымдағы жөндеу - 143 ұңғыма; 2000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық анализдер - 3000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық материалдарын құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Негізгі құралдарды сатып алу: автокөлік, арнайы автокөлік, лабораториялық жабдықтар, жоғары жылдамдықты модем. | Қаңтар - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | «Қазагромелиосу шаруашылығы» республикалық әдістемелік орталығы | Штаттық саны 23 адам болатын Республикалық әдістемелік орталық «Қазагромелиосушар» мемлекеттік мекемесін мынандай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: - жобалау-іздестіру жұмыстарын республикалық бірыңғай нормативтік-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету және әзірлеу; - гидромелиоративтік және су шаруашылығына арналған жобаларды бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу; - гидромелиоративті және су шаруашылығына арналған жобаларды сараптау және қорытындысын беру; - өңірлік жобалау-іздестіру кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру; - су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіруге инвестиция тарту. | Қаңтар - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жалпы ауданы 1689396 гектар жерге жүргізілген іс шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі туралы ақпарат алынды, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылды, жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту жөнінде нұсқаулар мен іс-шаралар әзірленді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау-іздестіру жұмыстарына нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және бекіту жоспарлануда. Мемлекеттік мекемелер жарақтандырылатын болады: Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы машина - 1 бірлік, арнайы автокөлік көлік - 2 бірлік, бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жинақтама, оргтехника - 5 бірлік, аспаптар мен құралдар - 13 бірлік. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы автокөлік - 1 бірлік, аспаптар мен құралдар - 2 жинақтама.
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: автокөлік - 1 бірлік, арнайы автокөлік - 1 бірлік, лабораториялық жабдықтар - 1 бірлік, жоғары жылдамдықты модем - 2 бірлік.
Түпкі нәтиже: жерді, суармалы суды тиімді және ұтымды пайдалану, тұзданудың, сортаңдаудың, суландыру эрозиясы мен топырақ құнарлығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарын сапалы және тиімді орындау, келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 97,4 теңге/гектар. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 млн. теңге (есеп материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алмай жүргізілген).
Уақтылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну.
Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайынғы ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өсімдіктерді қорғау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3095812 мың теңге (үш миллиард тоқсан бес миллион сегіз жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) республика аумағында фитосанитариялық ахуалға жүйелі түрде бақылау жүргізу;
2) ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау;
3) ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарындағы ерекше қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін төмендету;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Өсімдіктерді қорғау | | | |
2 | | 100 | Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу | кемінде 3,5 млн. га алаңда химиялық өңдеуді қамтамасыз ететін, республикада қолдану үшін тіркелген пестицидтер сатып алу, оның ішінде пестицидтердің запасын сатып алу. Пестицидтерді арнайы автокөлікпен белгіленген жерге, оның ішінде пестицидтердің запасын да жеткізу. Сатып алынатын пестицидтерді тиісті жағдайда, оның ішінде пестицидтердің запасын сақтау. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде анықталған зиянкестер мен ауруларға қарсы шамамен 2,9 - 3,1 млн. га алаңда биологиялық тиімділігі 80-85% болатын химиялық өңдеулер жүргізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Фитосанитариялық диагностика және болжамдау республикалық әдістемелік орталығы | 943 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау. Шамамен 86,6 млн. га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің қоныстануына (залалдануына); 4,6 млн. га алаңда зиянды организмдерінің пайда болуына, дамуына және таралуына; 1,7 млн. га алаңда ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының пайда болуына, дамуына және таралуына; 2,0 млн. га алаңда арам шөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу. 2007 жылдың есебін және 2008 жылы Қазақстан Республикасы аумағына ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына болжам жасау. Автокөлік құралдарын, лабораториялық жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, кеңселік жиһаз, автометеокешен сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 86,6 млн. га алаңда ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау.
8,3 млн. га алаңда зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу;
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығын: 13 бірлік автокөлік құралдарымен, лабораториялық құралдармен: микроскоп бинокуляр - 13 бірлік, лабораториялық центрифуга - 13 бірлік, оргтехникамен: компьютерлер - 39 бірлік, басқа да жабдықтармен: кеңселік жиһаздар - 13 жинақтама, автометеокешені - 13 бірлік жарақтандыру.
2,9 - 3,1 млн. га алаңда ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу.
кемінде 412 мың га аспанға аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы пестицидтер қорын толықтыру.
Түпкі нәтиже: ерекше қауіпті зиянды организмдердің қоныстанғаны анықталған алаңдармен салыстырғандағы химиялық өңдеулермен қамту алаңдарының пайызы:
ерекше қауіпті зиянкестер бойынша - 100%;
бидайдың аурулары (тат және септориоз) бойынша - 40,3%.
2,9 - 3,1 млн. га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
2008 жылға арналған қажетті қор көлемінің кемінде 54 % көлемінде аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы пестицидтер қорын құру
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде бақылау және зертеу жүргізудің 1 га жалпы шығыны - 5,88 теңге;
ауыл шаруашылығы дақылдарының және алқаптардың 1 га ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жүргізуге жалпы шығыны - 1000 теңге.
Уақтылығы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімде жүргізілген химиялық өңдеулердің пайызы - 100%.
Сапасы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің уақтылығы мен сапасына қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайызы - 80% жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№1220 қаулысына
104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өсімдіктер карантині»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 838596 мың теңге (сегіз жүз отыз сегіз миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік объектілердің таралуының алдын алу мен оған жол бермеу және қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: карантиндік объектілердің бар ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою, олардың бұдан әрі таралуының алдын алу және оны болдырмау, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау, себілетін және отырғызылатын материалдағы жасырын залалдануды анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Өсімдіктер карантині | | | |
2 | | 100 | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік мекемелер | Республикалық карантиндік зертхана: 35 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; карантинге жатқызылған өнімге және үлгілерге зертханалық фитосанитарлық сараптама жүргізу, оның ішінде биологиялық объектілердің болуын анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау; ұйымдастыру техникасын, лабораториялық приборлар мен құрал-жабдықтарды сатып алу; Республикалық жеміс-жидек дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі: 12 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; жеміс-жидек дақылдарындағы зиянкестерді, өсімдік ауруларын және арамшөптерді анықтауға сараптамалар мен талдау жүргізу, өсімдіктердің жетілу кезеңінде (қалемшелер, көшеттер, тұқымдар, түйнек, жуашық, тамыртүйнек, жеміс үлгілері) карантинге жатқызылған материалды зерттеу; жеміс-жидек және басқа да дақылдардың тірі өсімдіктерін өсіру, тексеріліп жатқан карантинге жатқызылған материалдарды күту жөніндегі агротехникалық іс-шаралар жүргізу; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін отырғызу, егу немесе тұқымдық сау материал шығару; ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі: 18 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; дәнді, дәнді-бұршақты дақылдардың, жүгерінің және басқа да дақылдардың келіп түскен импорттық сорт үлгілерінің карантиндік объектілермен жасырын залалдануына сараптамалар мен талдау жүргізу; дәнді, дәнді бұршақты, жүгері және басқа дақылдардың импорттық сорт үлгілерін өсіру және сараптама; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін сау тұқым материалын шығару; ұйымдастыру техникасын, ауыл шаруашылығы техникасын, зертханалық құрал-жабдықтарын сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Карантиндік зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою | Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тізбе бойынша объектілердің таралу ошақтарын айқындау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде: - карантиндік объектілердің болуына 3000 - 3200 мың гектар аумағында зерттеулер жүргізу; - химиялық препараттар сатып алу: карантиндік зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде запасты жаңарту және толықтыру үшін инсектицидтер; карантиндік арамшөптерге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде запасты жаңарту және толықтыру үшін 165 - 210 мың гектар алаңға гербицидтер; - химиялық препараттарды, оның ішінде запасты сақтау; - химиялық препараттарды, оның ішінде запасты белгіленген жерге жеткізу; - 195,0 - 220,0 мың гектар алаңда карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі |