5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
6. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3 Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі: 198
ведомстволарды қоспағанда,
Министрліктің орталық аппараты 110
Өртке қарсы қызмет комитеті 23
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздіктi
мемлекеттік бақылау комитеті 25
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті 40";
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2 Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі: 3812
ведомстволарды қоспағанда,
министрліктің аумақтық органдары 888
Өртке қарсы қызмет комитеті 2289
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздіктi
мемлекеттік бақылау комитеті 635".