Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қолданыстағы заңнамада белгіленген штат санының лимиті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті:
оған өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау, өрттер туралы істер бойынша анықтау және өрт сөндіруді ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне;
оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетіне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағаларына екі орынбасары болуына рұқсат берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар
саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің қайта
ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Ақмола облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Атырау облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Жамбыл облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Батыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
8. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қарағанды облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қызылорда облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Маңғыстау облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Павлодар облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
15. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Астана қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі - Комитет) өрт қауіпсіздігі саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өрт бақылау, өрттер туралы істер бойынша анықтау және өрттерді сөндіруді ұйымдастыру болып табылады.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) бар.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға оның құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті түрде күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызметі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Комитет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында:
құрамына басқару органдары, күштер мен құралдар, өртке қарсы құралымдар, өрт-техникалық оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері кіретін өртке қарсы қызмет органдарын басқарады;
өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіреді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы зерттеу қызметін, білімді насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы сертификаттауды жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргізуге және қызметтер көрсетуге лицензиялар береді;
өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келіседі;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау саласында:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады;
өрттер және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүргізеді;
елді мекендерде және ведомстволық тиесілігіне қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
салынып жатқан объектілерді олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексереді;
елді мекендерде, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдарда өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауларын бақылауды жүзеге асырады;
заңнамада белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асырады.
12. Комитет өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) азаматтарға, кәсіпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар береді;
2) жер учаскелерін бөлу және кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысуға;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;
4) заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және істерді қарауға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі мемлекеттің оған бекітіп берген мүлкі есебінен және негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
14. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық кесіммен өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
17. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
18. Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі тағайындайды.
19. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы yшін жеке жауап береді.
20. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқамалар береді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің құрылымы