1. Басшылық.
2. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы.
3. Анықтау бөлімшесі.
4. Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бөлімі.
5. Әкімшілік жұмыстары бөлімі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жоспарлар мен шаралардың толық және тиімді орындалуын, белгіленген нормативтер, стандарттар мен ережелер талаптарының сақталуын, лауазымды тұлғалардың, күштер мен құралдардың дайындығын, олардың іс-қимылын тексеру болып табылады.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) болады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар нұсқамалар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында:
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының, әскерилендірілген тау-кен құтқару, газдан құтқару және бұрқаққа қарсы қызметтері мен құралымдардың қызметіне басшылық жасайды;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
авариялардың және өндірістік жарақаттанудың себептері мен жағдайларын талдайды;
қауіпті өндірістік объектілерді есепке алуды жүргізеді;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есеп жүргізеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдерді бекітеді немесе келіседі;
ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдармен бірлесіп, қауіптілігі жоғары өнімдерді (процестерді, қызметтерді) сертификаттау жөніндегі ұйымдар мен сынақ жүргізу зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді жүргізеді;
бақылаудағы салаларда жұмысы ықтимал тәуекелмен байланысты технологияларды, машиналарды, тетіктерді және басқа да бұйымдарды (оның ішінде импорттық) әзірлеуге, жасауға, сынауға және қолдануға тау-кен техникалық бақылау органдарының қорытындылары мен рұқсатын береді;
Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерилендірілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару қызметтері мен құралымдарының жарғыларын, ережелері мен көшіру схемаларын қарайды және келіседі;
пайдалы қазбаларды немесе олардың бөліктерін, мұнай, газ, гидротермалдық және минералдық ұңғымаларды өндіру жөніндегі ұйымдарды тарату мен консервациялау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі бөлігіндегі арнайы жобаларды келіседі;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды келіседі;
ұйымдардағы тау-кен жұмыстарының ағымдағы және перспективалық даму жоспарын келіседі;
халықты және ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы хабардар ету тәртібін белгілейді;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау саласында:
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, барлық ұйымдардағы қауіпті объектілердегі еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, өнеркәсіпте жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді бақылауды, тау-кен бақылауды және Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілерді иеленушілердің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілерді иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын және олардың заңнамада белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіруге - объектіні ұйымдардың құрамына қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді;
өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
егер өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген аварияларды жою жоспарында өзге тәртіп көзделмеген болса, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі жұмысты бақылайды;
қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық процестерінде пайдаланылатын біртекті өнімдер мен жабдықтарды (процестерді, қызметтерді) сертификаттаудың болуын, өндірістердің, технологиялардың жасалуы мен пайдаланылуына рұқсаттардың берілуін бақылайды;
қауіпсіздігі жөнінде жоғары талаптар қойылатын машиналардың, тетіктер мен жабдықтардың, сондай-ақ жарылуға қауіпсіз орындалған электр техникалық бұйымдардың дайындаушы-зауыттарда, жөндеу кәсіпорындарында және пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына, ережелері мен нормаларына сәйкестігін тексереді;
қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау ережелерінің сақталуын бақылайды, өнеркәсіптік жарылғыш материалдардың, жабдықтардың жаңа үлгілерінің сынақтарын өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады, қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық процестерінде пайдаланылатын өнімдер мен жабдықтарды (процестерді, қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
өндірістік объектілердегі авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың әзірленуі мен жүргізілуін, ықтимал авариялар мен олардың салдарларын жоюға ұйымдастыру дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
ұқсатылған тау-кен әзірлемелерін және табиғи жер асты қуыстарын шаруашылық мақсаттарда және минералдық шикізатты қайта өңдеуде пайдалану кезінде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;
тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуі шекарасын белгілеудің дұрыстығын, сондай-ақ шахталар мен кеніштерге сулардың, зиянды және қауіпті заттар ағынының өтуін алдын алу жөніндегі ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне арналған кен жұмыстарының зиянды әсерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін тексеруді жүзеге асырады;
меншік нысанына қарамастан, ұйымдардағы аварияларды жоюға әскерилендірілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құралымдардың жедел және техникалық дайындығын, олардың алдын алу, құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуін бақылайды;
ұйымдарда тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының орындалуын, учаскелер үшін пайдалы қазба кен орындарын әзірлеуге арналған техникалық және жергілікті жобалардың сақталуын, минералдық шикізатты өндіру және қайта өңдеу жөніндегі объектілерді жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың құрылысын салу мен қайта жаңартуға арналған жобаларды, өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлігінде тау-кен әзірлемелерін консервациялау және жою кезінде зиянды заттарды, өндіріс қалдықтарын көмуді және ағынды су төгінділерін бақылайды;
қауіптілігі жоғары өнімдерді (процестерді, қызметтерді) сертификаттау жөніндегі ұйымдар мен сынақ жүргізу зертханаларының (орталықтарының) сертификаттау ережелерін сақтауын тексереді, олардың техникалық құзыреттілігін белгілейді;
қауіпті өндірістік объектілерде нұсқаулықтың, персоналды оқытудың, жұмысқа жіберудің белгіленген тәртібінің сақталуын, мамандарда тау-кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлік, электр техникалық, газбен және басқа да жұмыстарға басшылық жасауға құқық беретін құжаттардың, ал қызметкерлерде жарылыс, газ қаупі бар және қауіптілігі жоғары басқа да жұмыстарды жүргізу құқығына құжаттардың болуын тексереді;
өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуіне тексеру жүргізеді;
мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреті шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізеді.
12. Комитет өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің, Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау, қауіпті өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою туралы міндетті күші бар нұсқамаларды беруге;
2) жабдықтардың, бұйымдардың, заттардың, материалдардың жарылу, олардың өрт қауіптілігі дәрежесін анықтау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебінен өткізілуі үшін міндетті бақылау сынақтарын тағайындауға;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;
4) заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік кесімдерді бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және істерді қарауға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпті өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігін және оны қорғау ережелерінің белгіленген бұзушылықтарын жоюға бағытталған іс-шаралардың мерзімдері мен көлемдері жөнінде келісуге;
6) қауіпті өндірістік объектіде сөзсіз аварияға ұрындыру қаупі бар қызметті осы қауіп жойылғанға дейінгі кезеңге тоқтата тұруға;
7) жобалау-техникалық құжаттаманың, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпті өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігі талаптары мен нормаларына сәйкестігіне сертификаттау, сараптама жүргізу жөніндегі ұйымдарды, зертханаларды және орталықтарды құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
8) жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпті өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін ескермеген, олар мемлекеттік бақылау органдарының талаптарын (нұсқамаларын) орындамаған жағдайда, лицензиарларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісім-шарттардың күшін тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге және осы лицензиялар мен келісім-шарттарға бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алуға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі мемлекеттің оған берген мүлкі есебінен және негізгі қорлар, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
14. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық кесіммен өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы басқарады.
17. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болады.
Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
18. Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын - облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі тағайындайды.
19. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
20. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқамалар береді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитетінің құрылымы
1. Басшылық.
2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы.
3. Әкімшілік жұмыстары бөлімі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Мемлекеттік мекеме
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
Кәсіпорын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
Акционерлік қоғам
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Атом-энергетикалық кешенінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
Кәсіпорындар
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Көмip» әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қарағанды қаласы.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Құтқарушы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Тараз қаласы.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кен» әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Өскемен қаласы.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қарағанды қаласы.
8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Атырау қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірлері 109-4, 109-15, 109-17-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 109-23-1, 109-23-2-жолдармен толықтырылсын:
"109-23-1 "Қазақстан Республикасы
Тау-кен құтқарушылар
ғылыми-инженерлік орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы
109-23-2 "Өнеркәсіп қауіпсіздігi
проблемалары жөніндегi
ұлттық ғылыми-зерттеу
орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу
құқығында) Астана қаласы";
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 109-25-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті
109-25 "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық
қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы".
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне».
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
2-тармақтың 2) және 5) тармақшалары, 3-тармақтың үшінші азат жолы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші азат жолындағы «Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті» деген сөздер «Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасындағы «Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті» деген сөздер «Өртке қарсы қызмет комитеті және Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1381 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.