Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары
директорлар кеңестердiң құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 791
Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
мынадай:
"Мисников Владимир Андреевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы, төраға;
Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөнiндегі комитетінің төрағасы;";
2) "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта:
мынадай:
"Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігінің Басшысы, төраға;
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;";
2-тармақта:
"Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмінің меңгерушiсi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi, төраға;";
"Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;" деген жолдағы "төраға" деген сөз алынып тасталсын;
"Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы;";
4-тармақтағы "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;";
6-тармақта:
мынадай:
"Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi, төраға;
Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Темір жол көлiгi комитетінің төрағасы;
Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмінің меңгерушiсi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы;";
"Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы;" деген жол "төраға" деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармақта:
"Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақтан республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушiсi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтеулина Хафиза Мұқтарқызы - Қазақтан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмінің меңгерушiсi;";
10-тармақта:
мынадай:
"Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілiгiнiң Басшысы, төраға;
Мамин Асқар Ұзақпайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi;";
11-тармақта:
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы, төраға;";
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
2-тармақта:
"Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнің көмекшiсi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы;";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы етіп сайлау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Өтеповтің кандидатурасы "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының директорлар кеңесiне ұсынылсын.";
3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесi құрамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 719 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
мынадай:
"Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi, төраға;
Мамин Асқар Ұзақпайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушісi;";
мынадай:
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;" деген жолдар алынып тасталсын;
4) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi № 721 қаулысына:
1-тармақта:
"Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;" деген жол "төраға"" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай:
"Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi;
Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Геннадий Николаевич Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бiрiншi вице-министрi;
Наталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Евгений Евгеньевич Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.";
5) "Маркетингтік-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 981 қаулысына:
1-тармақта:
мынадай:
"Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы." деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушісi, төраға;
Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.";
6) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қазандағы № 1064 қаулысына:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
мынадай:
"Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Могильный Валерий Валентинович - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаментінің директоры;
Оспанов Әмiржан Қайырбайұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Әдiснама және мемлекеттік меншікті басқаруды жетiлдiру басқармасының бастығы;
Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқықтары жөніндегі комитетiнiң төрайымы;
Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы;";
"Төлебаев Алмас Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Импорт алмастыру және сыртқы байланыстар департаментінің директоры;" деген жол алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "Ғұсман Кәрімұлы Әмриннің" деген сөздер "Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын басқарудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысына:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлiмiнің меңгерушiсi;
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары;" деген жолдар алынып тасталсын;
"Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментiнің директоры;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |