сотталғандардың өндiрiстегi мiнез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзуде инспекцияға жәрдемдесу;
осы Кодексте көзделген жазаны өтеудiң ережелерiн сақтау;
қылмыстық-атқару инспекциясына сотталушыға қолданылған көтермелеу және жазалау шаралары туралы, оның жазаны өтеуден жалтаруы туралы хабарлап отыру, сондай-ақ басқа қызметке ауыстырылуы мен босатылуы туралы алдын ала хабарлау жүктеледi.
40-бап.Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу тәртібі
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы, сотталушының өзi немесе ол жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгi оның материалдық жағдайы нашарлаған ретте жалақысынан ұстап қалу мөлшерiн кемiту туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Ұстап қалу мөлшерiн кемiту туралы шешiм сотталушының барлық табыстары ескерiле отырып шығарылады.
2. Ұстап қалу жалақы төлеу кезiнде әрбiр жұмыс iстелген ай үшiн атқару құжаттары бойынша, сотталушыға талаптардың болуына қарамастан, негiзгi жұмыс орны бойынша жалақының барлық түрiнен жүргiзiледi.
3. Сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу кезiнде оның ақшалай және заттай бөлiгi ескерiледi. Ұсталған ақша сомалары ай сайын мемлекет кiрiсiне аударылып отырады.
4. Ұстап қалу әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру тәртібімен алатын жәрдемақылардан, бiр жолғы сипаттағы төлемдерден жүргiзiлмейдi.
5. Түзеу жұмыстарына сотталғандарға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы сот үкімімен тағайындалған ұстап қалу шегерiлiп тасталғандағы жалақысынан есептеледi.
6. Iстiң қысқартылуымен сот үкімінiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда сотталушының жалақысынан артық ұсталған сомалар оған толық қайтарылады.
7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғандардың жалақысынан дұрыс және мерзiмiнде ұстап қалуға және ұсталып қалған соманың мемлекет кiрiсiне аударылуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
Өзiнiң түзелгенiн көрсеткен сотталғандар осы Кодексте көзделген тәртiппен шартты мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынылуы мүмкiн.
42-бап. Еңбекпен түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен шарттарын
бұзғаны үшiн және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшiн жауаптылық
1. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзу мыналар болып табылады:
жазбаша ескертуден кейiн дәлелдi себептерсiз қылмыстық-атқару инспекциясына келмеу;
жазбаша ескертуден кейiн осы Кодексте белгiленген мiндеттердi бұзу;
жұмысқа келмеуi немесе мас күйiнде немесе нашақорлық не уытқұмарлық масаң күйде келу.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзғаны үшiн сотталушыларға түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында аталғандардың кез келгенiн бұзғаны үшiн жазбаша ескерту хабарланған соң түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн қайталап бұзуға жол берген, сондай-ақ тұратын жерiнен жасырынған, жүрген жерi белгiсiз адам түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы деп танылады.
4. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
8-тарау
БАС БОСТАНДЫFЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ
АТҚАРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
8-тарау Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңының редакциясында
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жерi бойынша өтейдi.
2. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге мiндеттi.
43-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13-III Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жiберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебiнен өздерi барады. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама бередi.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгiленген мерзiмде барып жетпеген жағдайда iшкi iстер органдары оны iздестiрудi жүзеге асырады.
3. Сотталған адам ұсталғаннан кейiн бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдар оның ұсталған жеріндегі сотқа берiледi.
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзiмiн есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзiмi қылмыстық-атқару инспекциясының үкiмдi орындауға қабылдаған кезiнен бастап есептеледi.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерiнде бiр тәулiктен артық өз бетiмен болмаған уақыты жаза мерзiмiне есептелмейдi.
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтiн адамдар қадағалауда болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы ұдiлет министрлігінiң нормативтiк құқықтық актілерімен бекітілген режимдiк талаптарын орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерiн ауыстырмауға;
оқудан және жұмыстан бос уақытта тұратын жерiнде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi белгiлеген мерзiмде тiркелу және тәрбиелiк iс-шаралар өткізуге қатысу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
жұмыс немесе оқу кестесiнiң өзгеруi туралы қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiн жиырма төрт сағат iшiнде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатты өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттi.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегiнде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етiледi. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң келісімiмен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдардың еңбек жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегi, осы Кодекспен белгiленген ережелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның iшiнде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң келісімiмен жүзеге асырылады.
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдармен тәрбие жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдармен тәрбие жұмысын жүргiзедi.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелiк сипатта жүргiзiлетiн iс-шараларға белсендi қатысуы көтермеленедi және түзелу деңгейiн анықтаған кезде ескерiледi.
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін адал орындағаны үшiн сотталған адамдарға мынадай көтермелеу шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу;
демалыс және мереке күндерiн тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерлерде өткізуге рұқсат беру;
демалысын тұратын жерiнiң шегiнен шығып өткізуге рұқсат беру шараларын қолдана алады.
2. Сотталған адамдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсақ жазамен ауыстыруға ұсынылуы мүмкiн.
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазаны өтеу тәртібін бұзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгiс беру;
демалыс және мереке күндерiнде тұратын жерiнiң шегiнен шығуға бiр айға дейiнгi мерзiмге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудiң бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкiн екендiгi туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн сотқа материалдарды табыс етедi.
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушi адамдарға көтермелеу
және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолданылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезiнде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның терiс қылық жасағанға дейiнгi мiнез-құлқы ескерiледi. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған терiс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиiс. Жаза терiс қылық анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал егер терiс қылыққа байланысты тексеру жүргiзiлсе - оның аяқталған күнiнен бастап, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат iшiнде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей атқарылады.
3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару және
бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен шарттарын бұзу
1. Демалысын немесе демалыс және мереке күндерiн өткiзген орыннан дәлелсiз себептермен дер кезiнде келмеу, сондай-ақ жұмыс орнынан немесе тұратын жерiнен өз бетiнше кетiп қалу, спирт iшiмдiктерiн бiрнеше рет пайдалану мен есiрткi заттарын медициналық емес мақсаттарда пайдалану, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тарту бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
2. Еңбек тәртібін, қоғамдық тәртiптi және сотталған адам үшiн белгiленген тұру ережелерiн кемiнде үш peт бұзу, сондай-ақ кейiн жасалған әрбiр тәртiп бұзушылық алдыңғы сына жаза тағайындалғаннан кейiн жасалған жағдайда оған жаза тағайындалғаны үшiн сот жүктеген мiндеттердi орындаудан бас тарту жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас бостандығын шектеу
түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушiлердi қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Қадағалауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу кезiнде оны iшкi iстер органдары прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн.
3. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн прокурордың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi.
9-тарау
ҚОСЫМША ЖАЗАЛАРДЫ АТҚАРУ
56-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен,
дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградалардан айыру туралы сот үкімін атқару
1. Сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкiм шығарған сот үкiм заңды күшiне енген соң оның көшiрмесiн сотталушыға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, біліктілік сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.
2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден біліктілік сыныбынан айыру туралы жазба жасайды, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.
3. Запастағы әскери қызметшi жөніндегі сот үкімінiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша әскери комиссариатқа жiберiледi.
4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.
56-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару тәртібі
1. Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн сот атқарушысына жiбередi, бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлайды. Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.
2. Мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны орындауды мүлiктiң тұрған жерi бойынша сот атқарушысы жүргiзедi.
57-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 57-II, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 276-II Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
1. Сотталушының мүлкi, соның iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегi салымдары мен кез келген меншiк нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркiленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық iс-әрекет объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлiк сот үкімі бойынша тәркiленуге жатады.
2. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған мүлкi тәркiленуге жатпайды (қоса тiркеледi).
3. Соттың үкімі бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шешiледi.
58-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
59-бап. Сот атқарушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару жөніндегі iс-әрекетi
1. Сот атқарушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, сот атқарушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды.
2. Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады.
3. Сот атқарушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
4. Мүлiктiң сот атқарушысы жасаған тiзiмiн судья бекiтедi.
5. Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот атқарушысының ұсынуы бойынша сот атқарушысының өзi тұратын сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен анықтайды.
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
1. Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрi пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.
2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
60-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 57-ІІ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 276-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
1. Өзiнде сот үкімімен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi.
2. Аталған мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады.
61-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 57-ІІ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 276-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, сот атқарушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.
3-бөлiм
ҚАМАУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУ
10-тарау
ҚАМАУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРI
63-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеу орындары
1. Қамауға сотталған адамдар жазаны соттау орны бойынша қамау үйлерiнде өтейдi.
2. Сотталушы жазаның бүкiл мерзiмiн, әдетте, бiр қамау үйiнде өтейдi.
3. Қамауға сотталушы бiр қамау үйiнен екiншiсiне көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ сотталушының сол қамау үйiнде одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше мән-жайлар кезiнде жол берiледi.
64-бап. Қамау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен ережелерi
1. Қамауға сотталғандар қатаң оқшаулау жағдайында ұсталады. Күзетпен ұсталатын адамдардың өзге санаттарынан еркектер, әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және соттылығы бар адамдар бөлек орналастырылады.
2. Сотталғандарға түрмеде жалпы режим жағдайында бас бостандығынан айыруды өтеушi адамдар үшiн осы Кодексте белгiленген ұстау жағдайлары қолданылады. Адвокаттармен кездесулердi қоспағанда, сотталғандардың кездесуiне болмайды; посылка, сәлемдеме, бандерольдер алуға рұқсат етiлмейдi, бұған олардың бiрiншi кезекте қажеттi заттары мен маусымдық киім-кешек салынғаны қосылмайды. Сотталғандарды жалпы және кәсiптiк оқыту жүзеге асырылмайды; күзетсiз жүруiне рұқсат етiлмейдi. Сотталғандар жеке шотында бар қаражатына ай сайын бiр айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға құқығы бар.
3. Сотталғандар күн сайын ұзақтығы бiр сағаттан кем емес, ал кәмелетке толмағандар - бiр жарым сағаттан кем емес сейiлдеудi пайдаланады.
4. Ерекше жеке мән-жайлар кезiнде қамауда ұстауға сотталғандарға жақын туыстарымен (жұбайымен, зайыбымен) телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етiлуi мүмкiн.
65-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеушi адамдарды еңбекке тарту
Қамауды атқарушы қамау үйiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды ұзақтығы аптасына төрт сағаттан аспайтын уақытқа қамау үйлерiне шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға ақы төлемей тартуға құқылы.
66-бап. Қамауға сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
1. Сотталғандарға жақсы мiнез-құлқы үшiн алғыс, бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу, телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету түрiнде көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
2. Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшiн қамауда ұстауға сотталғандарға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге айыптылық, оқшаулау орнына шығару түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Қамауда ұстауға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі осы Кодекстiң 110 және 113-баптарымен реттеледi.
67-бап. Қамауға сотталған адамдарды материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету және оларға медициналық қызмет көрсету
1. Қамауға сотталғандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жазасын жалпы режимдегi түрмелерде өтеушi адамдар үшiн - белгiленген нормаларға сәйкес, ал кәмелетке толмағандар үшiн тәрбиелеу колониялары үшiн белгiленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қамауға сотталғандар медициналық көмекпен қамтамасыз етiледi.
4-бөлiм
БАС БОСТАНДЫFЫНАН АЙЫРУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУ
11-тарау
БАС БОСТАНДЫFЫНАН АЙЫРУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ
АТҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
68-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару орындары
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазаны қамалғанға дейiн өздерi тұрған немесе өздерi сотталған облыстың Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде өтейдi. Сотталғандардың денсаулық жағдайы бойынша немесе олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ерекше жағдайларда, сондай-ақ өздерiнiң келісімi бойынша олар жазаларын өтеу үшiн басқа облыстың тиiстi түзеу мекемесiне жiберiлуi мүмкiн.
2. Қамалғанға дейiн тұрған жерi бойынша немесе сотталған орны бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда сотталғандар жақын маңайдағы түзеу мекемелерiне жiберiледi.
3. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жазаны өтеу үшiн тұратын жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi.
69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi
1. Түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер түзеу мекемелерi болып табылады. Тергеушiлiк оқшаулау орындары шаруашылықтық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындауға қалдырылған сотталғандар жөніндегі түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады (осы Кодекстiң 72-бабы).
2. Түзеу колониялары кәмелетке толып сотталғандардың бас бостандығынан айыру жазасын өтеуiне арналған. Олар жалпы, қатаң және айрықша режимдегi колония-қоныстар, колониялар болып бөлiнедi.
3. Колония-қоныстарда абайсызда жасаған қылмысы үшiн жетi жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ сотталғандардың осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағы негiзiнде және сонда белгiленген тәртiп бойынша жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан ауыстырылғандары жазасын өтейдi.
4. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында әдейi жасаған кiшiгiрiм немесе орта ауырлықтағы қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ абайсызда жасаған қылмысы үшiн жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу алты айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар жазасын өтейдi.