Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы
(2006.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi халықтың денсаулығын сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, Министрлiктiң құзыреті шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады.
Министрлiктің мынадай ведомстволары: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация комитетi және Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті болады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазыналық комитетiнiң органдары мен банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар шешімдер қабылдайды.
5. Министрліктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды, медицина ғылымын, медициналық және фармацевтикалық білім берудi дамыту стратегияларын, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу;
өз құзыретi шегiнде дәрілiк заттар айналымы саласындағы, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу мәселелерi жөніндегі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі, жұқпалы, паразитарлық, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеу тәртібін және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзу тәртібін айқындау жөнiндегі нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту;
медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемi тiзбесiн әзiрлеу;
медицина ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестiру;
мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметке;
дәрілiк заттар айналымы саласындағы қызметке;
медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегі қызметке басшылықты жүзеге асыру;
денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;
ауруханаiшiлiк менеджментті және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмділігін бағалауды қоса алғанда, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту;
медициналық және фармацевтикалық білім берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеу және бекіту;
денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi, олардың құрылымдарын, үлгілік штаттарды және штаттық нормативтердi, сондай-ақ дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын әзiрлеу және бекіту;
халыққа медициналық қызмет көрсетудiң көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, білiкті тұрақты, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн әзiрлеу және бекіту;
азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргiзудiң және көтермелеудiң салалық жүйесiнiң нысандарын әзiрлеу және бекіту;
медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету жолымен денсаулық сақтауды реформалау жөніндегі шараларды әзiрлеу және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн емдеу-алдын алу ұйымдарының практикасына енгізудi ұйымдастыру;
Мемлекеттік фармакопеяны, Дәрілік заттардың мемлекеттік тiзiлiмiн, дәрілік заттар жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы бекіту;
негізгi (өмiрлiк маңызды) дәрілiк заттардың тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен амбулаториялық емдеу кезiнде дәрілiк заттар, мамандандырылған емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту;
амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету және дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықтала отырып, санаторийлiк-курорттық емдеу көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тiзбесiн бекіту;
азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
біліктiлiк емтихандарын өткізу тәртібін айқындау;
денсаулық сақтау объектілерiн аккредиттеу және жекешелендiру саласындағы саясатты пысықтау;
халықты иммундау және Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан сақтау саясатын әзiрлеу;
өз өкілеттiгi шегiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді бекіту;
денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындау және заңнамада белгіленген тәртiппен оларды жасасу;
2) мынадай салада мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
өз қызметi аясында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықта болу;
төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
халық денсаулығының жай-күйiн талдау, медициналық-статистикалық ақпаратты әзiрлеу және жинау мен өңдеудi ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп берудi жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
өз құзыретiндегі мәселелерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
медициналық сараптамалардың түрлерi бойынша қызметтi ұйымдастыру;
денсаулық сақтау кадрларын даярлауды және білiктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу;
ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына басшылықты жүзеге асыру және олардың қызметiн үйлестiру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар арқылы меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестірудi жүзеге асыру;
халықтың туу мен өлiм-жітімiн талдау және болжау;
өз құзыреті шегiнде жұмылдыру даярлығын жоспарлау, ұйымдастыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру тапсырмаларын орындаудың қажетті шарттарын және денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды белгiлеу.
11. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Министрлiктiң өз құзыреті шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
2) халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, салалық және секторалдық және өзге де бағдарламаларды iске асыру мәселелерiнде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, салааралық және өңіраралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне және денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынуға;
4) Министрлiктiң құзыретiне кiретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге;
5) Министрлiктiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
6) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердi үйлестiру мақсатында медицина ғылымы саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардың қатарынан консультативтiк-кеңесшi орган - денсаулық сақтау проблемалары жөнiндегі ғылыми кеңес құруға;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне сiңiрген айрықша еңбегі үшiн медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен марапаттауға;
8) денсаулық сақтау саласына шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде, дәрілік заттарға салық салу және баға белгілеу жөнiнде, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге, олардың жарғыларын бекітуге;
9) денсаулық сақтау саласында бәсекелестіктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкi
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
13. Министрлiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Министрліктiң өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк жасауға құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Министрлiкті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы әрi өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап бередi.
17. Осы мақсатта министр:
1) Министрлiктің құрылымын бекітедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттіктерi шеңберiн белгілейдi;
2) Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Министрлiктiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
18. Министрлікте консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады, оның саны мен дербес құрамын министр бекiтедi. Алқаның шешімдері қаулылармен ресiмделедi және министрдiң бұйрықтарымен iске асырылуы мүмкiн.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық
бөлiмшелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Ақмола облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлімі болып қайта ұйымдастырылсын.
14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнің Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Маңғыстау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 508-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнің "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының баспа үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 6-құжат) 3-тармағының 3) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 366 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 500 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
5. "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 553 қаулысының 3-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегі агенттігінің Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 17 шілдедегi № 795 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістердiң 3-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Дәрi-дәрмек" дәрілiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 354-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 57-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Ақмола мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 123-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
10. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 210-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.