Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 323 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 88 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 42, 403-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы «жүргізудің тәртібі туралы ережені» деген сөздер «жүргізу ережесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», Заң күші бар Жарлығын» деген сөздер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «жүргізудің тәртібі туралы қоса беріліп отырған Ережені», «Зиянды» деген сөздер тиісінше «жүргізу ережесі», «Қоса беріліп отырған Зиянды» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізудің тәртібі туралы ережеде:
тақырыбындағы «тәртібі туралы ереже» деген сөздер «жүргізу ережесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің органдары», «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің органдарына», «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің органдарында» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган», «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «қоршаған табиғи ортаны» деген сөздер «қоршаған ортаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастры көмілген заттар мен ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың типі мен түрін сипаттайтын мәліметтерді және мыналарды қамтиды:
1) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін объектілердің және ағын суды көметін орындардың жалпы сипаттамасын: орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға жұмсалатын шығындарды, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуын және орналасуын;
2) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін объектілердің және ағын суды көметін орындардың физикалық сипаттамасын:
оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, жатқан тереңдігін және коллекторлы қабаттың тиімді қуатын, оның алаңын, ұсақ тесіктілік коэффициентін, төсеніш және жабылғыш сутіректің сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағынының жылдамдығын, көмуді сақтауды және басқа сапалық және сандық көрсеткіштерін;
3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, ағын судың сипаттамасын: өнімнің атауын, технологиялық өндіріс немесе нәтижесінде өнім пайда болатын процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамы, улы құрауыштарды сақтау, өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтауда басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі және басқа сипаттамалар), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын.»;
7-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
9-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |