Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 Қаулысы
(2006.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 88 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса беріліп отырған Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1285 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және
пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң жүргізу
ережесі
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көмудiң мемлекеттік кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттік кадастр) жүргiзудiң тәртібін анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттік кадастрды жүргiзу жер қойнауларының мемлекеттік қорын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кадастрды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган республикалық және аймақтық жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Мемлекеттік кадастр жедел ақпарат алу, қоршаған ортаны қорғау саласында шешiмдер қабылдау, жеке ұйымдар, аймақтар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша зиянды заттар радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су көмiлген жерлердiң жай-күйiне жоспарлы бақылау жүргiзу үшiн негiзгi құжат ретiнде қызмет етедi.
Мемлекеттік кадастрдың мәлiметтерi жер қойнауы туралы бiртұтас сандық ақпарат жүйесiне (мәлiметтер банкiне) енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Мемлекеттік кадастрдың есепке алуына зиянды заттарды радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерi мен пайдаланылған ағын су жер қойнауына сiңiрiлетiн жерлер жатады.
ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастры көмілген заттар мен ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың типі мен түрін сипаттайтын мәліметтерді және мыналарды қамтиды:
1) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін объектілердің және ағын суды көметін орындардың жалпы сипаттамасын: орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға жұмсалатын шығындарды, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуын және орналасуын;
2) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін объектілердің және ағын суды көметін орындардың физикалық сипаттамасын:
оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, жатқан тереңдігін және коллекторлы қабаттың тиімді қуатын, оның алаңын, ұсақ тесіктілік коэффициентін, төсеніш және жабылғыш сутіректің сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағынының жылдамдығын, көмуді сақтауды және басқа сапалық және сандық көрсеткіштерін;
3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, ағын судың сипаттамасын: өнімнің атауын, технологиялық өндіріс немесе нәтижесінде өнім пайда болатын процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамы, улы құрауыштарды сақтау, өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтауда басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі және басқа сипаттамалар), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын.
6. Мемлекеттік кадастр зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын сулар үшiн Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзiрлеп, бекiтетiн жеке-жеке нұсқаулық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтер жыл сайын (есеп жылынан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде) 1-қаңтарға қарасты жағдай бойынша екi данада қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдардан және зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнен келiп түседi. қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда ұйымдардан келiп түскен мәлiметтер негiзiнде әкiмшiлiк облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық мемлекеттік кадастрлар жасалынады.
8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік кадастрдың дұрыс толтырылуына жауап бередi және:
ұйымдардан мәлiметтердiң уақтылы келiп түсуiне бақылауды;
мемлекеттік кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеудi және сақтауды;
есептеу техникасын пайдалану арқылы және жер қойнауын пайдаланушыларға анықтама-ақпараттық қызмет көрсету негiзiнде мемлекеттік кадастрдың мәлiметтерiн өңдеудiң автоматтық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
9. ҚР Үкіметінің 2006.25.04. № 323 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)