5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар:
1) өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүддесіне нұқсан келтіретін не басқаларға артықшылық беретін әрекеттер жасаған, басшыны жұмыстан босату үшін негіз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған;
2) өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайларда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша борышкердің істерін және мүлкін басқарудан шеттету Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
Лицензияны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша сот тәртібімен жүргізілуі мүмкін.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.
2. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негізделген деп танылған талаптары енгізіледі.
Борышкерден ақша сомасын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
3. Банкроттық рәсiмдерiн немесе соттан тыс тарату рәсiмiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.
4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган не сот қарайды.
Соттың немесе уәкілетті органның шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңымен 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілеті орган өзінің құзыреті шегінде:
1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды;
4) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде және оны соттан тыс тарату рәсімінде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметін, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және бекітеді және дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың рәсімінде және оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
6) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісімен жасайтын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуін қарайды;
6-1) дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін белгілейді;
6-2) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімі мен соттан тыс тарату рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;
7) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есебін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады);
7-1) сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
8) оңалтушы басқарушының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
8-1) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
9) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
10) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
11) тізілімге кредиторлар талаптарын енгізу туралы кредиторлар мен оңалтуды (конкурстық) басқарушылар арасындағы келіспеушіліктерді қарайды;
12) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
14) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
15) осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;
16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта өткізу кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
18) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
19) осы Заңның 6-бабында көрсетілген жағдаяттар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады.
20) білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлау ережесін бекітеді;
21) сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін бекітеді;
22) өз құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асырады;
23) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкімшісінің өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады;
24) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды
10-2-бап. Банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін және дәрменсіз борышкердің соттан тыс таратылуын бақылау
1. Уәкілетті органның банкроттық рәсімінің жүргізілуін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
2. Бақылаудың мақсаттары осы Заңда белгіленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсімдерінің, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің міндеттерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін банкроттық рәсімінің тараптары, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі деп кредиторлар, борышкер, мүлік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
4. Банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерінде тіркелу есебі;
2) төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдардың мониторингі;
3) камералдық бақылау;
4) банкроттық рәсімінде, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау;
5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру.
Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау болып табылмайды;
6) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылау.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды
10-3-бап. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкердi
таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеру
1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімдік тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
2. Тексеру жүргізу үшін мынадай деректемелер жазылған нұсқама негіздеме болып табылады:
1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
3) борышкердің толық атауы және тіркеу нөмірі;
4) тексеруші адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты.
Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші басшысы не оны ауыстыратын адам қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландыруға тиіс.
3. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіле алады.
4. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
6. Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің нәтижелері туралы акт жасалады, ол нөмірленіп, тігіліп және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының мөрі басылып тексеру актілерін тіркеудің арнайы журналында тіркеледі.
7. Тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде, банкроттық саласындағы құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілеттік орган қолданыстағы Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, нұсқама шығарады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2-тарау. Кредиторлар комитеті
ҚР 11.07.01 № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi
11-бап. Кредиторлардың комитетiн құру
1. Банкроттық рәсiмдерiнде, оңалту рәсiмiнде және соттан тыс тарату рәсiмiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Кредиторлар комитетiнiң құрылуы:
1) банкроттық рәсiмi кезiнде осы заңның 70-бабымен;
2) оңалту рәсiмi кезiнде осы заңның 43-бабымен;
3) соттан тыс тарату рәсiмi кезiнде осы Заңның 97-бабымен реттеледi.
2. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жөніндегі өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар және борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор енеді.
3. Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ санынан тұрады.
4. Кредитор кредиторлар комитетiнiң мүшесi ретiнде банкроттық рәсiмдерiне, оңалту рәсiмiне не соттан тыс тарату рәсiмiне қатысудан бас тартуға құқылы.
5. Құрылған және бекітілген кредиторлар комитетiнiң құрамына осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары ескерiле отырып, конкурстық кредиторлар арасынан жаңа мүшелер енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Кредиторлар комитетiнiң отырыстары
1. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекітілген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
2. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:
1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға;
2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;
3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртібін белгiлеуге мiндеттi.
3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi
Кредиторлар комитетi:
оңалту рәсiмiн жүргiзу, ұзарту немесе тоқтату туралы сот алдында өтiнiш жасауға;
сотқа оңалтуды басқарушының кандидатурасын ұсынуға, соттан тыс тарату рәсiмiн жүргiзу кезiнде конкурстық басқарушының кандидатурасын тағайындауға;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлардың өкiлiн сайлауға;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушыдан борышкердiң қаржы жағдайы және банкроттық рәсiмiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берудi талап етуге;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;
борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң сомасын бекітуге;
конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны iске асыру жоспарын бекітуге;
банкроттық рәсімін, оңалту рәсімін, соттан тыс тарату рәсімін өткізу үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;
осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы
1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, ол құқылы болады.
2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.
3. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi "бiр комитет мүшесi - бiр дауыс" деген принцип бойынша жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Борышкердiң басқа барлық кредиторлардың кредиторлар комитетiнiң отырысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқығы бар.
3-тарау. Банкроттық туралы істерді сот
тәртібімен қарау
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Банкроттық туралы iс қозғау тәртібі
1. Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi негізінде осы Заңнын 4-бабында көрсетілген жағдайларда, және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар - азаматтық-құқықтық мiндеттемелер жөніндегі кредиторлар ие болады.
3. Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот ден тану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi.
4. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
Кредиторлар (кредитор), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар
Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган;
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Борышкердiң өтiнiшi
1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа немесе уәкiлеттi органға жүгiнуге мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.
2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;
3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы;
6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;
7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы мәлiметтер;
9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi (қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;
10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;
11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер уәкілетті органға өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттік бажды төлегендiгiн;
3) берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң қанағаттандыра алмайтындығын;
4) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
2. Борышкердiң өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердiң оны банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына негiз болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң, топтар бойынша негiзгi және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетiлетiн соңғы есептi кезең iшіндегі қаржы есептемесi;
3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) борышкердiң құрылтай құжаттары;
5) борышкер табиғи монополия субъектісі немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектісі болып табылатын жағдайда борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап монополияға қарсы органның он күн ішінде беретін қорытындысы қоса тіркеледі.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. 2006.10.01 № 115-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы
1. Борышкердiң банкрот деп тану туралы осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.
2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртібімен сот сұратып алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi
1. Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.
2. Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.
3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2) борышкердiң атауы және оның тұрғылықты жері;
3) өтiнiш берген кредитордың атауы және оның тұрғылықты жері;
4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);
7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
10) борышкерге талаптар қою айғағы;
11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.
4. Кредитор борышкерге және уәкілетті органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
5. кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттік баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру
1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.
2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. . 2006.10.01 № 115-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi
1. Прокурор:
1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерiн көздеп;
3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
2. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғау
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
2. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертілді