3-1. Борышкерді соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган қызметі осы Заңмен реттелетін конкурстық басқарушыны тағайындайды.
4. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізуге байланысты шығыстары конкурстық iс жүргiзудiң әкiмшiлiк шығындарына жатады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертiлдi
97-бап. Кредиторлар комитетi
1. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдау, оны өткізуге бақылауды қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган борышкер ұсынған кандидатуралар арасынан осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады және бекітеді.
2. Бірінші отырысында кредиторлар комитеті дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін өткізуге келісім береді не борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шешім қабылдайды.
4. Кредиторлар комитетi шешiмдердi осы Заңда белгiленген тәртiппен қабылдайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 98-бап алып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 99-бап өзгертiлдi
99-бап. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм
қабылдаудың салдары
1. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар туындайды.
2. Борышкердi соттар тыс тарату рәсiмi осы Заңның 6-тарауында белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде осы Заңның 87-бабымен соттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді кредиторлар комитеті қабылдайды.
Борышкердің өндіріп алу мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің сомасын кредиторлар комитетінің бекітуі оны есептен шығаруға негіз болып табылады.
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың
банкротқа ұшырау ерекшеліктері
100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы
1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.
2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 101-бап өзгертiлдi
101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау
1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiн көшiрме сұратып алады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 102-бап өзгертiлдi
102-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу
1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.
3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының
ерекшеліктері
103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.
103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту
Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу
1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату
1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 10-тарау алып тасталды
11-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 01.7.98 ж. № 256-1 Заңымен 106-бап өзгертілді
106-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
1. Осы Заң сот iс қозғаған iстерге қолданылады, ал ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырыла бастаған iстерге осы баптың 2-тармағында көзделгенiнен басқа реттерде қолданылады.
2. Заңның 75-81-баптары сот қозғаған iстердi жүргiзуге, ал егер сатудан түскен қаражат кредиторлардың арасында бөлiнбесе, осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жүзеге асырыла бастаған соттан тыс рәсiмдерге қолданылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 107-баппен толықтырылды ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 107-бап өзгертiлдi
107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының