Сақтанушының тәуелсіз сарапшыны қатыстыруы мүмкін болмаған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудан бас тартуға құқылы емес.
5-2. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші тәуелсіз сарапшының қызметін дербес пайдалануға құқылы. Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалатын шығыстарды сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өзі көтереді. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалауды сақтандырушы мойындаса және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу кезінде пайдаланатын болса, онда сақтандырушы осы шығыстарды көтерген тұлғаға сараптамаға жұмсалған шығындарды өтейді.
Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сақтандырушы дербес бағалауды жүргізуге құқылы. Пайда алушы сақтандырушы жүргізген бағалаумен келіскен кезде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бағалауды жүргізуге жұмсаған шығыстарын сақтандырушы өтемейді.»;
6-тармақта:
«өзі не сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздер «өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келтірілген зиянды бағалау үшін» деген сөздер «зақымдалған мүлікті қарау және келтірілген зиянды бағалау үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Сақтандырушы зақымдалған мүлікті қараған және жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаған не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің бастамасы бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған осындай бағалаудың нәтижелерін алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сақтандыру актісін жасап, оны және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін береді.»;
9) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өтініші негізінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды алған және зақымдалған мүлік қарауға берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды бағаламаса, сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы.»;
10) 24-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«мүгедек балаға» - 300;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 400-ден көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 400-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 1000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушіні жерлеген адамға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерінде, бірақ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде өтейді.»;
11) 25-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);";
8) тармақша «құжаттың көшірмесі» деген сөздерден кейін», соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.»;
12) 26-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімді шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жүзеге асыруға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.»;
13) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.».
6. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептеме жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.»;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.».
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы он бірінші абзацының талабы «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы ақпанның 20-сы.
№ 128-III ҚРЗ