5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
53-3-бап. Санкциялар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануды уәкілетті орган не сот осы Заңға сәйкес жүргізеді.
2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензияны кері қайтарып алуды;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды қолдануға құқылы.»;
34) 54-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «жазбаша нұсқамасын» деген сөздер «жазбаша ескертуі мен жазбаша нұсқамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «сақтандыру қызметін» деген сөздерден кейін «және сақтандыру брокерінің қызметін» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы «төлемеген» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздер «лицензиаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 55-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.»;
36) 56-бапта:
1-тармақтағы «оның лицензиат назарына жеткізілген не баспасөзде жарияланған» деген сөздер «оны уәкілетті орган қабылдаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.»;
37) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) уәкілетті органның сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамасы мен жазбаша ескертуі орындалмаған;";
38) 61-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.»;
39) 62-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.»;
40) 64-бап алып тасталсын;
41) 67-баптың 4-тармағында «лицензияларды» деген сөзден кейін «бір апта мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарымен мүлкін он күннен аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болса, уақытша әкімшілік міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.»;
43) 70-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «тағайындау» деген сөзден кейін «мен босату» деген сөздермен толықтырылсын;
44) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «кепілдік төлемдері» деген сөздер «кепілдік, өтемақы төлемдері және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 74-бапта:
3-тармақтағы «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздерден кейін «және сақтандыру брокері» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздерден кейін «және сақтандыру брокері» деген сөздермен толықтырылсын;
46) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Шығындылық коэффициенті
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылық коэффициентін есептейді.
2. Шығындылық коэффициенті - барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіш.
Шығындылық коэффициентін есептеудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
47) 77-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары, сақтандыру агенттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректерді қалыптастыруға және өз қызметіне байланысты құжаттардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Міндетті түрде сақталуға тиісті құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімін уәкілетті орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісе отырып белгілейді.».
4. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым;";
7) тармақшадағы «сақтанушысымен» деген сөз «кредиторымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақша «пайдаланылатын ақша сомасы» деген сөздерден кейін», сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстар сомасы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 1) тармақшасы «реттейтін» деген сөзден кейін», соның ішінде кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір өкілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Қордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді.
4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;
4) 6-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және төтенше жарналарының ставкаларын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;";
5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қордың кепілдіктері
Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқанда (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алғанға және соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.»;
6) 8-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.»;
7) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Кепілдік беру төлемін жүзеге асыру негіздері және
тәртібі
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.
Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан күнге дейінгі, бірақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан аспайтын кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.
2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, растайтын құжаттар болғанда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды алу үшін кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы - сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
6. Кепілдік төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. Кепілдік төлемін жүзеге асырудың тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
7. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды.
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.»;
9) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша
тәсілдері
1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап екі ай мерзімде Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасалған міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс қалған уақыт кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы баптың 1-тармағында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда Қор қатысушы-сақтандыру ұйымына өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Өтемақы төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес жаңадан жасалған міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінің негізінде айқындалады. Өтемақы төлемін жүзеге асыру тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Жаңадан жасалған шарттың қолданылу мерзімі жаңа шартты жасасқан күннен бастап, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс мерзім аяқталған кезге дейінгі кезеңді құрайды.
Егер сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын толық төлемесе, Қор сақтанушы төлемеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын шегере отырып, өтемақы төлемін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда, міндетті сақтандыру шартын жасасқан қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысының төленбеген сомасын талап етуге құқылы.
4. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген көлемдегі осындай шарт бойынша жауапты болады.
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына міндетті сақтандыру шарты қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Қордың қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шарт қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге жасасқан шарт бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы Қорға міндетті жарналар төлемейді, тек шартты міндеттемелерді қалыптастырады.
6. Өтемақы төлемдерін жүзеге асырған күннен бастап жүзеге асырылған өтемақы төлемі көлемінде сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы Қорға ауысады.
Қор өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарату комиссиясына ұсынады.
7. Уәкілетті орган дереу, бірақ қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің көшірмесін Қорға жібереді.
8. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ мекен-жайларын көрсете отырып, сақтанушылар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайларында, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының бұрын жасасқан шарттың аяқталмаған қолданылу кезеңіне жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш жасауға құқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.»;
10) 18-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;";
3) тармақшадағы «қажетті ақпарат» деген сөздер «қажетті ақпарат пен құжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, көлемде және мерзімде уәкілетті органға Қордың қызметі туралы мәліметтер мен есептілікті (Қордың қаржылық есебін қоспағанда) беруге;
4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;";
5) тармақша «жылдық» деген сөзден кейін «бухгалтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша «Осы Заңда» деген сөздерден кейін «және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша «Осы Заңда» деген сөздерден кейін «және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «пайдалануға» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.»;
11) 19-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;";
2-тармақ 6) тармақшадағы «беруге» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.».
5. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағындағы «сақтандыру қызметін» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кемінде екі мерзімді баспа басылымында жыл сайын жариялауға міндетті.»;
3) 10-баптың 5-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын;
4) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтандырушыларымен) жасасуға жол беріледі.»;
5) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелінеді.»;
6) 16-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «қажетті» деген сөзден кейін», соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздер «осы Заңда белгіленген мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 22-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандырушы мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалайды не аталған бағалауды өз есебінен тәуелсіз сарапшыны қатыстыра отырып ұйымдастырады. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау үшін жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.