7. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.»;
10) 11-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша»(сақтандыру ұйымы үшін)»деген сөздердің алдынан «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «ұйымдары үшін) жүзеге асыруға құқылы.»деген сөздер «ұйымдары үшін);»деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
11) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
3. Сақтандыру ережелерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді.
Осы абзацтың талабы «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.»;
12) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты жетекші сақтандыру ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының талаптары негізінде жасалады.»;
13) 15-бапта:
1-тармақта:
«сақтандыру қызметін көрсету» деген сөздер «сақтандыру шарттарын жасасу және орындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруі пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібіне қойылатын талаптар ескеріліп жүзеге асырылады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
14) 4-тарау мынадай мазмұндағы 16-1 - 16-3-баптармен толықтырылсын:
«16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру
1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.
2. Сақтандыру брокерінің атауы «сақтандыру брокері» деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.
3. Сақтандыру брокеріне өз атауында «ұлттық», «орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын
талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.
2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.
16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын
қалыптастыру
1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.
2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.
3. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне және сақтандыру брокері қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
15) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын
талаптар
1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.
Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:
1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;
3) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;
6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемдерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;
7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;
8) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;
9) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда, оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауды;
10) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;
12) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесуді;
13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуді;
14) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;
15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қарау және реттеу жөніндегі құжаттар дайындауды;
16) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
3. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.
4. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде айқындалуға тиіс.»;
16) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар
1. Жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы (сақтандыру ұйымдары) лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі соның (солардың) сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы (барлық сақтандыру ұйымдары) туралы ақпарат беруге;
3) сақтанушының талап етуі бойынша жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті.»;
17) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің аудитін қатарынан үш жылдан артық бір ғана аудиторлық ұйымда жүзеге асыруға құқылы емес.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлататын;
3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын және басқа да ақпараттарды растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.»;
6-тармақтағы «органның» деген сөзден кейін «нормативтік құқықтық актілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 21-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасының резидентінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А» рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
19) 22-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтағы «ресми» деген сөз «құқықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 24-баптың 2-тармағындағы «ішкі аудиттің» деген сөздер «ішкі аудит қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 25-баптың 5-тармағындағы «акцияларға бақылау жасау құқығы бар» деген сөздер алып тасталсын;
22) 35-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
23) 36-бап алып тасталсын;
24) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.»;
25) 43-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;";
5) тармақшадағы «жарғылық және меншікті капиталдың» деген сөздер «жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеудің тәртібін белгілейді;";
10) тармақша «сақтандыру брокерлерінің,»деген сөздерден кейін «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;";
14) тармақша «субъектілерін» деген сөзден кейін», сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;";
22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді;
23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;";
26) 44-бапта:
1-тармақтағы «ұйымы мен сақтандыру брокерінің» деген сөздер «ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Сақтандыру қызметі субъекті» деген сөздер «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздерден кейін», сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 45-бап алып тасталсын;
28) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті
өзге де нормалар мен лимиттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
2. Пруденциялық нормативтерді:
1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;
3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.
Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтер белгілеуге құқылы.
3. Төлем қабілеттігі маржасы сапасы мен өтімділігі бойынша сыныптамасы ескеріліп есептелген активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.
4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.
5. Жекелеген сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының ең көп мөлшері актуариймен есептеледі және төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауға тиіс.
Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы тармақта көрсетілген нормативтен асатын сақтандыру тәуекелінің тек қана бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге құқылы.
Өздігінен ұстап қалудың ең көп мөлшері есептік күнге, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасасу күнінің алдында екі ай бұрын есептеледі және осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты қолданыста болған барлық кезең ішінде әрбір келесі есептік күнге сақталуға тиіс.
6. Топтап сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір сақтандырылушыға жеке есептеледі.
7. Ортақ сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасынан түскен үлес негізінде есептеледі.
8. Уәкілетті орган төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне және ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымдарының цеденттің алуы үшін есептеген сақтандыру сыйлықақыларының олардан цеденттің алуына есептелген комиссиялық алымдар шегерілгендегі жиынтық мөлшері толық қаржы жылы аяқталғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің сексен бес процентінен аспауға тиіс.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
29) 47-баптың 3-тармағындағы «сақтандыру резервтерінің қаражатын орналастыру тәртібіне» деген сөздер «олардың құрылымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 48-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
31) 50-баптың 2-тармағындағы», облигациялар, өзге де борыштық және солардан туындайтын бағалы қағаздар мен вексельдер» деген сөздер алып тасталсын;
32) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық
жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсынымдар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған, шығындылық коэффициенттері өзгерген жағдайларда уәкілетті орган:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу туралы;
2) жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
3) дивидендтер төлеуді тоқтату және сақтандыру резервтерін ұлғайту туралы;
4) жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығыстарды қысқарту туралы;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кез келген басшы немесе өзге де қызметкерлерін тұрақты немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
6) тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсынымдар беруді қоса алғанда, акционерлерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар қабылдауды ұсынуға құқылы.
2. Нақты аралық нәтижелер бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды нәтижелерге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды көрсеткіштерді орындаудағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы не бизнес-жоспарға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар жіберуге құқылы.»;
33) мынадай мазмұндағы 53-2 және 53-3-баптармен толықтырылсын:
«53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
1) жазбаша міндеттеме талап етуді;
2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
3) жазбаша ескерту шығаруды;
4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің жазбаша міндеттемесі орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған кемшіліктерге және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.