12. Iшкi су жолдары шегіндегі акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.
14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды
пайдалану
1. Iшкi су жолдарында салынып жатқан жасанды құрылыстар (көпiрлер, бөгеттер, айлақ құрылыстары, арналар, гидроэнергетика құрылғылары, су бетіндегі және су астындағы өту жолдары, байланыс және электр берiлiсiнiң желiлерi, құбырлар, су жинағыштар және басқа да гидротехникалық құрылыстар) салу мен пайдалану және оларды пайдалануға байланысты жүргiзiлетiн жұмыстар, руда емес құрылыс материалдарын өндiру уәкiлеттi органның келісімi бойынша жүзеге асырылады.
2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi уәкiлеттi органның келісімi бойынша өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi уәкiлеттi органның келісімi бойынша:
1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге;
3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға;
4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi.
4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi, уәкiлеттi органмен келісілген су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi.
5. Iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi құрылыстарды пайдалану уәкiлеттi органның келісімi бойынша жүзеге асырылады.
6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бiрнеше мемлекеттiң аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.
4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі
15-бап. Жалпы ережелер
1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.
Кеме, егер ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiн, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған;
2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi.
2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi:
1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.
3. Кеме қатынасы қауiпсiздiгiн бақылауды уәкiлеттi орган өзiнiң аумақтық бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:
1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес iшкi су жолдарын күтiп ұстауды;
2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн шлюз арқылы өткізудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар жасасқан шартқа сәйкес тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бiрдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.
16-бап. Кемелердi техникалық қадағалау және сыныптау
1. Кемелердi техникалық қадағалау мен сыныптауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Iшкi су жолдарында пайдалануға арналған iшкi суларда жүзетiн кемелер және "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелер:
жолаушылар тасымалдайтын;
бас қозғалтқышының қуаты 55 киловатт (75 а.к.) және одан да асатын жолаушылар тасымалдамайтын, өздiгiнен жүзетiн iшкi суда жүзетiн кемелер;
сыйымдылығы 80 тонна және одан да асатын өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелер олардың кiмге тиесiлiгi мен меншiк нысанына қарамастан, кемелердi техникалық қадағалау мен сыныптауға жатады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген кемелердi техникалық қадағалау мен сыныптау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кеме қатынасы тiркелiмi уәкiлеттi орган бекiтетiн техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиiс кемелердi жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережелердi және кемелерге орнату үшiн материалдар мен бұйымдар дайындау туралы ережелердi әзiрлейдi.
5. Кеме қатынасы тiркелiмi, тұлғалар осы баптың 4-тармағында көзделген ережелердi орындамаған кезде, кемелердi, кеме тетiктерiн, құрылғылар мен техникалық құралдарды пайдалануға тыйым салуға, сондай-ақ кемелердi пайдалануға рұқсат ететiн құжаттарды беруден бас тартуға немесе бұрын берiлгендерiнiң күшiн жоюға құқылы.
17-бап. Кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау
Iшкi су жолдарында iшкi суда жүзiп жүрген өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелердiң, iшкi су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, серуендiк, спорттық және құйып тасымалдау кемелерiнiң, паромды өткелдер мен басқа да жүзу объектiлерiнiң, оның iшiнде шағын көлемдi флоттың пайдаланылу қауiпсiздiгiн, олардың қозғалтқыштарының түрiне, бас қозғалтқыштарының қуатына және мұндай кемелердiң сыйымдылығына қарамастан, бақылауды аумақтық бөлiмшелер:
1) iшкi су жолдарында кемелер ұшыраған көлiк оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алу;
2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиiсiнше күтiп ұстауды бақылау арқылы жүзеге асырады.
18-бап. Кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң және порттағы
тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн қадағалау
Кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң және порттағы тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн, оның iшiнде шетел кемелерiнiң кіруi үшiн ашық портта, сондай-ақ өзен сағасында орналасқан портта Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарының сақталуын қадағалауды порт капитаны уәкiлеттi орган бекiткен порт капитаны туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
19-бап. Экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз
етiлуiн бақылау
1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) iшкi су жолдарында табиғатты қорғау мақсатындағы объектiлердiң қызмет аймағында олардың орналасуы мен жұмыс iстеуiн бақылауды;
2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
3. Iшкi су көлiгiнде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жүзеге асырады.
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
Кемелердi лоцмандық алып өту жөніндегі қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.
2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кемелердi лоцмандық алып өту талаптарына сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.
Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.
5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.
Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.
Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман кемелердi лоцмандық алып өту туралы ережелерде айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.
7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерістерi;
2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;
3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
8. Лоцмандық қызметтiң жұмысын қадағалауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.
Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметін дереу хабардар етедi.
2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.
5-тарау. Кеме
22-бап. Кеменi бiрдейлендiру құралдары
1. Кеменiң атауының, тiркелiмге алынған пунктiнiң, бiрдейлендiру нөмiрiнiң, шақыру сигналының және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бiрдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнiң болуы мiндеттi.
2. Кеменiң атауын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның меншiк иесi бередi.
3. Кеменiң бiрдейлендiру нөмiрiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган бередi.
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бiрдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
23-бап. Кеме құжаттары
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген және iшкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде олардың тiзбесiн, нысандарын, оларды беру және жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейтiн кеме құжаттары болуға тиiс.
2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.
3. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
4. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
5. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кірушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын
көтерiп жүзу құқығы
1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуiне жол берiледi.
2. Кемелердiң шет мемлекеттiң туын көтерiп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгіндегі кемелерге берiледi.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына мемлекеттік тiркелген сәтiнен бастап туындайды.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi уәкiлеттi орган бередi.
7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттік тiркеу кезiнде уәкiлеттi орган кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк бередi.
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.
9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiмен белгiленедi.
10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын жоғалтады.
11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;
2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келісім берген;
3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбiр екi жыл сайын, бiрақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.
13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келісім беру және кеменi жалға алушы мемлекеттiң заңдары кемеге мұндай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды
мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің
ипотекасы
25-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
2. Кемеге немесе кеменiң бiр бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркеу сәтiнен бастап туындайды және уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi берген куәлiкпен расталады.
Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың дубликатын беруге құқылы. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртібі кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiмен белгiленедi.
3. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль тарту немесе сарапшының қорытындысымен расталған соған тең құрылыс жұмыстары жүргiзiлген жағдайда жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу кезiнде тиiстi куәлiк берiледi.
4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.
Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру оған меншiк құқығының сенiмгерлiк басқарушыға өтуiне әкеп соқпайды.
5. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi тiркелуге тиiс.
6. Кемелердi басқару мен оларды пайдалану саласындағы құзыреттi тұлға сенiмгерлiк басқарушы бола алады.
26-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу
1. Кеме оған бiрдейлендiру нөмiрiн беру арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2. Осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мемлекеттiң кемеге құқықтың туындауын, шектелуiн (ауыртпалықтарын), ауысуын немесе тоқтатылуын тану және растау актiсi түсiнiледi.
4. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменi мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
5. Уәкiлеттi орган iшкi су жолдарында пайдалануға арналған iшкi суларда жүзетiн және "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi:
1) жолаушылар тасымалдайтын кемелердi;
2) бас қозғалтқышының қуаты 55 киловатт (75 а.к.) және одан да көп болатын жолаушы тасымалдайтын емес өздiгiнен жүзетiн кемелердi;
3) сыйымдылығы 80 тонна және одан да көп болатын өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелердi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлмеген кемелер уәкiлеттi орган жүзеге асыратын кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады.
7. Уәкiлеттi орган, егер ұсынылған құжаттардың нысаны мен мазмұны кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiнде белгiленген талаптарға сай болмаған жағдайда, мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға қатысты сот тәртібімен шағымдана алады.
9. Егер кемеге меншiк құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген болса, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркелмейдi. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркеу үшiн меншiк иесi кеменiң шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы үзiндi көшiрменi ұсынуға тиiс.
10. Шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме мұндай кемеге осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
27-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң негiздерi
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң негiздерi:
1) мемлекеттік органдардың өз құзыретi шегiнде шығарған актілері;
2) кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмiлелер;
3) мұраға құқық туралы куәлiк;
4) соттың заңды күшiне енген шешiмi;
5) Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген кемеге құқық туралы куәлiк болып табылады.
28-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік
тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi
1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке мынадай құжаттap:
1) сауалнама;
2) кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк;
4) өлшеу куәлiктерi ("өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелер үшiн);
5) сыныптау куәлiгi;
6) теңiз, өзен кемелерiн және шағын көлемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн алымдар сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
7) жолаушылар куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн) қоса берiлуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде кеменi жалға алушының кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшiне, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар:
1) кеменi жалға алу шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) кеменiң меншiк иесiнiң және кеменiң немесе оған ауыртпалықтардың тiркелген ипотекасының кепiл ұстаушысының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;
3) жалға алу шарты бойынша кеменi қазақстандық жалға алушының аты мен тұрғылықты жерiн не атауын және орналасқан жерiн растайтын құжат;
4) шет ел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменiң атауын айқындау туралы уәкiлеттi органның шешiмi;