«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және
2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы № 1107 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында:
01 «Әлеуметтік қамсыздандыру» ішкі функциясында:
213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» әкімшісі бойынша:
004 «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасында:
104 «ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері» кіші бағдарламасындағы «116 114» деген сандар «121 114» деген сандармен ауыстырылсын;
105 «Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері)» кіші бағдарламасындағы «338 581» деген сандар «358 581» деген сандармен ауыстырылсын;
108 «Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшілері» кіші бағдарламасындағы «3 087 000» деген сандар «3 287 000» деген сандармен ауыстырылсын;
110 «І және II топтағы мүгедектер» кіші бағдарламасындағы «5 024 628» деген сандар «5 019 628» деген сандармен ауыстырылсын;
113 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар» кіші бағдарламасындағы «5 634 441» деген сандар «5 434 441» деген сандармен ауыстырылсын;
114 «Төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар» кіші бағдарламасындағы «8 549 996» деген сандар «8 529 996» деген сандармен ауыстырылсын;
02 «Әлеуметтік көмек» ішкі функциясында:
007 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасында:
100 «Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар» кіші бағдарламасындағы «4 321 800» деген сандар «4 371 800» деген сандармен ауыстырылсын;
101 «Бір жасқа дейінгі баланы күту yшін төленетін мемлекеттік жәрдемақылар» кіші бағдарламасындағы «6 339 665» деген сандар «6 289 665» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 130-қосымшада:
2-тармақ «13-бабы;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12, 16-баптары;» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 145-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «2005 жылғы 10 наурыздағы № 2-121/05» деген сөздер «2006 жылғы 25 қаңтардағы № 2-33/06» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |