III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара); 2005.19.05. № 478 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгерді
5. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді.
6. Комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
7. ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870 қаулысымен алып тасталды
8. Комиссияның жұмыстық мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, Комиссияның мәжілісіне дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 қаулысымен 9-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
9. Комиссия өзінің мәжілістерін мәжілістiң бекітілген жоспарына сәйкес және қажеттілігіне қарай өткізеді.
10. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы - шешуші мәнге ие.
11. Комиссияның шешімі оның мәжілісінің хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Төраға мен хатшы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. № 187; 14.09.99 ж. № 1389; 07.12.99 ж. № 1870; 24.01.01 ж. № 122; 26.12.01 ж. № 1697; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.07.04 ж. № 751 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 қаулысымен12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн.