Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 1176 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 1176 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен алып тасталды (бұр ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 553 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)