«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 1176 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 1176 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Комиссия төралқасына:
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Евниев - Қазақстан Республикасының
Арман Қайратұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы шығарылсын.
3. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат):
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Магда - Қазақстан Республикасының
Сергей Николаевич Әділет вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы, Асанов Жақып Қажманұлы шығарылсын.
4. "Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі
мына:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахматоллаұлы Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің
төрағасы, Қазақстан
Республикасы Президентінің
"Болашақ" халықаралық
стипендиясы бітірушілерінің
қауымдастығы" қоғамдық
бірлестігінің президенті
(келісім бойынша);
деген жолдағы "агенттігінің төрағасы" деген сөздер "агенттігі төрағасының бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы шығарылсын.
5. "Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының
Сабыржан Мәдиұлы Әділет вице-министрі
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының
Ғабит Мұхамбетұлы Индустрия және сауда
министрлігі Техникалық
реттеу және метрология
комитетінің төрағасы
Тортаев Бауыржан - Қазақстан Республикасы
Қадырұлы Статистика агенттігі
төрағасының орынбасары;
көрсетілген құрамнан Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы, Отто Иван Иванович, Баймағамбетов Серік Нұртайұлы, Құсайынов Әбілғазы Ғалиақпарұлы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы шығарылсын.