Учаскелік комиссиялар осы Ереженің 87-тармағында көрсетілген тәртіппен қорытынды дайындайды.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен алынған құжаттар бойынша өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуларды қалыптастырады.
80. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші ұсынған мәліметтердің ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес болмауын растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы құжаттардың түпнұсқаларын және өтінішті ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне жүгінген кезде балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруге жазбаша келісімін алу қажеттігі туралы кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін құлақтандырып, сол арқылы хабарламаны жолдайды.
81. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) келісу туралы өтінішін қабылдайды, құжаттардың түпнұсқаларын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жібереді.
Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган не Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес тиісінше нысандар бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.
82. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден балаларға арналған жәрдемақылар тағайындау үшін қабылданатын, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерінің сапасын өтініш беруші осы Ереженің 77-тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен құжаттар пакетін тексереді және құжаттар тізбесі толық түскен жағдайда балаларға арналған жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша журналдарда тіркейді.
83. Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттарын электрондық өтініммен қоса балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
84. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттар пакетін тексереді және құжаттар тізбесі толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді қарамастан жоқ құжатты көрсетіп хабарлама жібереді және құжаттар пакетін қайтарады. Хабарлама уәкілетті орган маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
85. Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса, балаларға жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді жібереді.
86. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға алған құжаттарды тіркеп, қабылдағаннан кейін ақпараттық жүйелерден алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді басып шығарады және екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға жібереді.
87. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комиссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Азаматтар күнтізбелік бір жылдың ішінде қайталап өтініш білдірген кезде учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда өтініш беруші ұсынған деректерді нақтылау кезінде жүргізіледі.
Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне ұсынады.
88. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы өтініш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан не кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен кезде істі қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның басшысы электрондық құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі іс макетіндегі құжаттардың сәйкестігін, сканерленген құжаттардың сапасын, балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім өтініш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан не кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган бес жұмыс күн ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсете отырып) қабылданған шешім туралы өтініш берушіні тікелей немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы не кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі арқылы осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.
89. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелерінде жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжатты ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, қабылданған шешім туралы өтініш берушінің тікелей өзіне не Халыққа қызмет көрсету орталығы не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысанда хабардар етеді.
Үкімет қаулысында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тарту туралы электрондық құжатты балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынбаса, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы сканерлеген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларының негізінде қабылдайды.
90. Әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
Толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.
91. Балаларға арналған жәрдемақыны алушылар балаларға арналған жәрдемақы мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
92. Балаларға арналған жәрдемақыны төлеуді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың уақтылы
тағайындалуы және төленуі үшін жауапкершілік
93. Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар, Орталық және оның бөлімшелері мен филиалдары, сондай-ақ жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісінше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудің және берудің уақтылығы үшін жауапты болады.
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
1-қосымша
Бала туғанда және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін оның
күтімі бойынша берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындауға
өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. _____________ «___»
Азамат __________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні ____ ж. «___» _______________
Баланың Т.А.Ә. _________________ және туған күні ____ ж. «___» ______
Өтініш берген күн 20__ ж. «___» ________
_________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________
(себептерді көрсету)
байланысты бала туғанда және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындаудан бас тартылды.
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған.
______________________________________________ ______________________
(уәкілетті ұйымдағы жауапты тұлғаның лауазымы) (Т.А.Ә.)
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
2-қосымша
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық
жүйелеріне сұрау салу
1. Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш берушіден бала туғанда және баланың күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны тағайындауға құжаттар қабылдаған кезде «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша сұрау салуды мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) асырап алынған, өгей және қамқорлыққа алынған балаларды қоса алғанда, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;
3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туылған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балалар бойынша) өтініш беруші балаларының ЖСН бойынша тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
4) өтініш берушінің неке қиюын (бұзуын) (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) тіркеу туралы;
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу бойынша;
6) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік деректемелері туралы мәліметтерді алу үшін қалыптастырады.
2. «Электрондық үкімет» порталына бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға өтініш берген кезде электрондық өтініште көзделген мәліметтер тізбесі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) асырап алынған, өгей және қамқорлыққа алынған балаларды қоса алғанда, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы;
3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туылған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балалар бойынша) өтініш берушінің балаларының ЖСН бойынша тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
4) өтініш берушінің неке қиюын (бұзуын) (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) тіркеу;
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу бойынша;
6) бала асырап алу туралы тиісті органдардың шешімі туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік деректемелері.
3. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш берушіден балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға құжаттар қабылдаған кезде «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне және (немесе) ұйымдарға өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша сұрау салуды мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;
3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туылған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балалар бойынша) өтініш беруші балаларының ЖСН бойынша тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
4) өтініш берушінің неке қиюын (бұзуын) (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) тіркеу туралы;
5) мүгедектікті растау туралы;
6) кірістері туралы (еңбекақы және әлеуметтік төлемдер);
7) стипендиясының болуы және оның мөлшері туралы;
8) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу бойынша;
9) қосалқы шаруашылықтың болуы және саны туралы;
10) кәсіпкерлік қызметтен кірістері туралы;
11) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы мәліметтерді алу үшін қалыптастырады.
Мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардың АЖ мен ЕДБ АЖ-ден сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ және «электрондық үкіметтің» шлюзінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесінің, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының ЭЦҚ-мен расталады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
1. АЖ - ақпараттық жүйе;
2. ЕДБ АЖ - екінші деңгейі банктердің ақпараттық жүйесі.
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
3-қосымша
Бала туғанда, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы
тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау туралы өтініштерді тіркеу
журналы
Өтініш № | Тіркеу күні | Өтініш білдіру күні | Бөлімше коды | Өтініш берушінің ЖСН | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Өтініш берушінің туған күні | Төлем түрі | Жәрдемақы мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Іс № | Инспектордың Т.А.Ә. | Жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін толтырылады | Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінішті қабылдаған жағдайда толтырылады |
Тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіту күні | Ескертпе (тағайындалды/бас тартылды | МО немесе ұйымдардың АЖ-не өтінішті жіберу күні | МО АЖ-ден мәліметтердің түсу күні | МО АЖ-ден мәліметтердің өзгеруі немесе мәліметтердің болмауы туралы ескертпе (иә/жоқ) |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| | | | | | |
| | | | | | |
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
4-қосымша
ХҚО
қабылдаған құжаттарды қайтару туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. _____________ «___»
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________
Туған күні ___________________________________________________________________________________________
Құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________ себебінен қайтарылды.
(себебін көрсету)
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған
_______________________________________________ _________________
(жауапты тұлғаның лауазымы) (Т.А.Ә.)
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесіне
5-қосымша
ЭҮП арқылы бала туғанда және (немесе) бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтімі бойынша берілетін біржолғы жәрдемақыны
тағайындауға арналған өтініштің нысаны
Қазақстан Республикасы
___________________ облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік
қорғау департаменті
Бөлімше коды _______________________________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәлімет (белгі қою):
ата-ана ____ қорғаншы (қамқоршы) _____________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________
Туған күні ___________________________________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________________________________
Маған бала туғанда және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны республикалық бюджет қаражаты есебінен тағайындауды сұраймын.
бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және (немесе) бала күтімі жөніндегі тағайындалатын бала туралы мәліметтер
Т.А.Ә. және туған күні: ________________________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________________________________
Баланың туу кезектілігі: ________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәлімет
Р/с № | ЖСН | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініші берушіге туыстық қатынасы | Туған күні, жылы |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
4 | | | | |
5 | | | | |
Мемлекеттік органдардың растауы:
ЖТ МДҚ-дан мәліметтер
өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____ Құжаттың сериясы: _____
Құжаттың нөмірі: _______ Кім берген: _________ Берілген күні: ___________
Тұрақты тұратын мекенжайы:
Облыс ___________________________________________________________
қала (аудан) ________________ ауыл: _________________________________
көшесі (шағын аудан) __________________ __________ үй _________ пәтер
Отбасы мүшелерінің деректері
Р/с № | Т.А.Ә. | Облыс | Қала (аудан) | Ауыл | Көше (шағын аудан) | Үй | Пәтер |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
4 | | | | | | | |
АХАЖ-дан мәліметтер
Отбасы құрамына кіретін балалар туралы мәлімет:
Р/с № | Баланың ЖСН | Баланың Т.А.Ә. | Туған күні | Баланың тууын тіркеу актілік жазбасының № | Баланың тууын тіркеу күні | Қайтыс болған күні | Баланың қайтыс болуы актілік жазбасының № | Анасының Т.А.Ә. | Әкесінің Т.А.Ә. |
1 | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | |
ескертпе: балалар туралы мәліметтерде өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық балалар және жәрдемақы тағайындалатын бала туралы деректер беріледі
Неке қию туралы мәліметтер:
Р/с № | Некеге тұрғандар туралы мәліметтер | Некеге тұрғаннан кейінгі тектері | Неке қию туралы куәлікті берген орган | Неке қию туралы актілік жазбаның № | Неке қию туралы куәліктің (құжаттың) № | Неке қию туралы куәлікті берген күн |
| әке | ана | әке | ана |
| Т.А.Ә. | Туған күні | Т.А.Ә | Туған күні | Т.А.Ә. | Туған күні | Т.А.Ә. | Туған күні |
| | | | | | | | | | | | |
Некені бұзу туралы мәлімет
Р/с № | Некені бұзушылар туралы мәліметтер | Некені бұзғаннан кейін тектері берілді | Некені бұзу туралы куәлікті берген орган | Некені бұзу туралы актілік жазбаның № | Некені бұзу туралы куәліктің (құжаттың) № | Некені бұзу туралы куәлікті берген күн |
| әке | ана | әке | ана |
| Т.А.Ә. | Туған күні | Т.А.Ә. | Туған күні | Т.А.Ә. | Туған күні | Т.А.Ә. | Туған күні |
1 | | | | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | | | | |
Өтініш берушіге/асырауындағы адамға қорғаншылық/қамқоршылық туралы мәліметтер
Р/с № | Қорғаншылық/қамқоршылық туралы шешімнің нөмірі және күні | Қорғаншылық/қамқоршылық туралы шешімді берген орган | Қамқоршының Т.А.Ә., туған күні | Қамқорлығындағы/асырауындағы адамның Т.А.Ә. | Қамқорлығындағы/асырауындағы адамның туған күні |
1 | | | | | |
2 | | | | | |