27. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда уәкілетті орган жоба шешімін Орталық бөлімшесіне қайта ресімдеуге жібереді.
Орталық бөлімшесінің маманы осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну туралы мемлекеттік органның және (немесе) ұйымдардың ақпаратына сәйкес дәлелді бас тартуды көрсете отырып, осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады.
Үкімет қаулысында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тартылған электрондық құжатты ұсынбаса, жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді Орталық бөлімшесінің маманы сканерленген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларының негізінде қабылдайды.
28. Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге береді.
29. Жәрдемақылар төлеуді уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
30. Жәрдемақылар облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде Орталық жасаған кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.
31. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы ағымдағы ай үшін ай сайын төленеді.
Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге, мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлеу айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлім сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге жатады және бір рет төленеді.
Төлем тағайындайтын немесе оны жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.
32. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын дайындайды және оны осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге жібереді.
33. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған, алушы ауысқан жағдайда, Орталық бөлімшесі осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса) толықтырылған электрондық іс макетімен бірге осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге жібереді.
34. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады, бұл жөнінде Орталық бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшін хат дайындайды.
35. Бала күтімі жөніндегі көрсетілген жәрдемақыны алушылар құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың өзгергендігі туралы Орталық бөлімшесін күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Алушы бала күтімі жөніндегі жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
36. Орталық уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім жасайды.
Орталық ай сайын 25-күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады.
37. Министрлік қаражатты тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегінде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.
38. Орталық облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестені жасайды және белгіленген тәртіппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
39. Бөлінген қаражат бойынша Министрлік пен уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.
40. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
41. Жәрдемақыларды беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
42. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.
3. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға өтініш
беру, тағайындау және төлеу тәртібi
43. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау үшін жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасайды.
44. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
Мүгедек баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруға белгілеген кезде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған ана немесе әке, бала асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) тиісті мемлекеттік мекемеден құжаттамалық деректер расталған жағдайда бала отбасында демалыста болған кезеңде мүгедек бала тәрбиелеушінің жәрдемақысына құқығы бар.
45. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
46. Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішке жәрдемақы тағайындауға құқығы бар адамдар өзінде жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) болған кезде мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруына ықтиярхат);
сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді;
3) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлігі;
4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алуды растайтын құжат;
5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы үшін баланың мүгедектігі туралы анықтама;
7) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Түпнұсқада ұсынылған құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмелері Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге өтініш берушіге қайтарылады.
47. Үшінші тұлғалар жәрдемақы тағайындау үшін өтініш және қажетті құжаттарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі, Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
48. Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден жәрдемақылар тағайындау үшін қабылданатын құжаттардың толықтығын тексеріп, сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Ереженің 46-тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
49. Орталық бөлімшесі, өтініш беруші берген құжаттар пакетін толық ұсынған кезде, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркейді.
50. Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттар пакетімен электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.
51. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесі келіп түскен құжаттар пакетін тексереді. Құжаттар тізбесі толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді қарамастан құжаттар пакетін қайтарады. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлама Орталық бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса, Орталық бөлімшесіне электрондық өтінімді жібереді.
52. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күні осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда іске нөмір береді және өтініш берушінің түпнұсқада ұсынған өтінішін, құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады.
Жәрдемақы үшін электрондық іс макеті өтініш берушінің Орталық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Орталық бөлімшесінің маманы осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақының мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ-мен куәландырады.
Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі - шешім жобасы) білдіреді.
Орталық бөлімшесінің басшысы жәрдемақы мөлшерін есептеудің, шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін Орталық филиалына жібереді.
53. Орталық филиалы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын қарайды, есептің және шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте шешімнің жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
54. Уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды, өтініш уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
55. Шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі - шешім) білдіреді. Шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
Автоматты режимде шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
56. Уәкілетті органның маманы шешімді осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.
Уәкілетті орган Орталықтың бөлімшесіне шешіммен қоса электрондық іс макетін жібереді.
57. Егер ұсынылған электрондық іс макетінде уәкілетті орган шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша себептерін көрсете отырып, құжатты (құжаттарды) қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылып Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.
Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Орталық бөлімшесі өтініш беруші және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша құжаттар ұсынған кезде осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық іс макеті шешім жобасымен қайтару себептері көрсетіле отырып, Орталық бөлімшесіне қателерді жою үшін электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
58. Орталық бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді.
59. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Бұл ретте уәкілетті органның шешімімен электрондық іс макеті осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетіліп, Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Уәкілетті органның жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне, Халыққа қызмет көрсету орталығына қайтарылады.
Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
60. Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге береді.
61. Жәрдемақы төлеуді уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
62. Жәрдемақы облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде Орталық жасаған жәрдемақылар төлеу жөніндегі кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.
63. Жәрдемақы ағымдағы ай үшін ай сайын төленеді.
Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге, мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлеу айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлім сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге тиіс және бір рет төленеді.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар тұрған жағдайда, жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
Төлем тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бірінші бөлім ретінде бір уақытта төленеді.
64. Ең төменгі жалақының мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын дайындайды және оны осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге жібереді.
65. Шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылатын немесе жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, Орталық бөлімшесі осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысанда шешім жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса) оның ішінде мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірмесімен толықтырылған электрондық іс макетімен бірге осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге жібереді.
66. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл жөнінде Орталық бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшін хат дайындайды.
67. Жәрдемақы алушылар алу құқығына және (немесе) көрсетілген жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың өзгергендігі туралы Орталық бөлімшесін күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Алушы жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
68. Орталық уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім жасайды.
Орталық ай сайын 25-күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады.
69. Министрлік қаражатты тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегінде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.
70. Орталық облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестені жасайды және белгіленген тәртіппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
71. Бөлінген қаражат бойынша Министрлік пен уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.
72. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
73. Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
74. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.
4. Балаларға арналған жәрдемақыға өтініш білдіру, оны тағайындау және төлеу тәртібi
75. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
Отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар ескеріледі, ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
76. Балаларға арналған жәрдемақы өтініш берілген айдан бастап жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп есептеледі.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш білдіру кезінде барлық қажетті құжаттарды қабылдаған ай өтініш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақыларды төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
77. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты тұратын жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН болған кезде өтінішті және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат);
сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;
3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) құжаттардың түпнұсқаларының негізінде толтырылған осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;
5) осы Ережеге 18, 19-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
6) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
8) жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді.
Үшінші тұлғалар жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттарды жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы сканерден өткізеді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер ұсыныла отырып тоқсан сайын расталады.
78. Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді.
79. Тұрғылықты жерінде балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш және осы Ереженің 77-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтініш білдіреді.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, оларды тіркейді, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен үзбелі талон өтініш берушіге қайтарылады.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі өтініш берушіден балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін қабылданған құжаттарды екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға жібереді.