338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк
одақтарына жәрдем көрсету
Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соқса -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу
жүргiзуге кедергi жасау
1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi тергеуге кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның қызметiне араласу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге
асырушы адамның өмiрiне қол сұғу
Судьяға, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне қол сұғу -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу
жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету
әрекеттерi
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, сол сияқты оның туыстарына арына қатысты өлтiремiн деп, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмнiң орындалуына, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетiн адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсіз күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдарға өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
342-бап. Сотты құрметтемеу
1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Судьяны қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
343-бап. Судьяға, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды
жүргiзушi адамға, сот приставына, соттың атқарушысына
қатысты жала жабу
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға қатысты жала жабу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзілумен не үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
344-бап. Көрiнеу кiнәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Көрiнеу кiнәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
345-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 347-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
1. Тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзуші адамның тарапынан күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбірленушiнi, куәгердi жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беруге қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр етуi -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. алып тасталды
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 347-1-баппен толықтырылды
347-1-бап. Қинау
1. Тергеушідің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару қүқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтірумен;
г) кінәлі адам жүкті әйелге қатысты көрінеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса,-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 348-бап өзгертілді
348-бап. Айғақтарды бұрмалау
1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң айғақтарды бұрмалауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Қылмыстық iс бойынша алдын ала анықтау жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың , iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып ,үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3.Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 349-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас
жемқорлық қылмысқа арандату
1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімiнсіз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -
жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
350-бап. Көрiнеу әдiлетсіз сот үкімін, шешiмiн немесе өзгедей
сот актiсiн шығару
1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсіз сот үкімін, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 351-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткізу
1. Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткізу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдiк ниеттен туған дәл сол әрекет -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық) ұйымның мүддесiне жасалған әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 25.09.03 ж. № 484-II Заңдарымен 352-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
352-бап. Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған
қорытындысы немесе қате аудару
1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде куәгердiң, жәбірленушiнiң көрiнеу жалған жауап беруi немесе сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сол сияқты дәл сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрiнеу қате аударма -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Куәгер, жәбірленушi, сарапшы немесе аудармашы алдын ала анықтау, алдын ала тергеу немесе соттық талқылау барысында, сот үкiм немесе шешiм шығарғанға дейiн берген жауаптардың, қорытындының немесе аударманың жалғандығы туралы өз еркiмен мәлiмдесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 353-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
353-бап. Куәгердiң немесе жәбірленушiнiң жауап беруден бас
тартуы
Куәгердiң немесе жәбірленушiнiң сотта немесе алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде жауап беруден бас тартуы -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 354-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
354-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға,
жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу
не мәжбүр ету
1. Куәгердi, жәбірленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәгердi, жәбірленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсіз күш қолданылып жасалған әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң
деректерiн жария ету
Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келісімiнсіз жасалған болса -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
356-бап. Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға
қатысты қолданылатын қауiпсіздiк шаралары туралы
мәлiметтердi жария ету
1. Судьяға, сот приставына, сот атқарушысына, жәбірленушiге, куәгерге, қылмыстық процеске басқа да қатысушыларға қатысты, сол сияқты олардың туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсіздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не
тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соттың үкімі бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару -
жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан
немесе қамаудан қашу
1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;
в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгіндегі б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
359-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден
жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына
қасақана бағынбау
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушi адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына қасақана бағынбауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң
қалыпты қызметiнiң тәртібін бұзу
1. Бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкерiне қатысты, сондай-ақ сотталған адамның түзетiлуiне кедергi жасау немесе оның қоғамдық мiндеттердi орындағаны үшiн кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.