319-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол
сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
320-бап. Өкiмет өкiлiн қорлау
1. Өкiметтiң өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстiң осы бабында және басқа да баптарында өкiметтiң өкiлдерi деп, оған қызмет жағынан тәуелсіз адамдарға қатысты заңмен белгiленген тәртiпте өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы танылады.
2. Өкiмет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
321-бап. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану
1. Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсіз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен жаңа 321-1-баппен толықтырылды
321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның
заңды талаптарын орындамау
Прокурорлық қадағалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан алты айға дейiнгі кезең iшіндегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
322-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленушi лауазымды
адамға қатысты қолданылатын қауiпсіздiк шаралары
туралы мәлiметтердi жария ету
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленушi лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсіздiк шаралары туралы мәлiметтердi, осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекетiне байланысты белгiлi болған адамның жария етуi -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды
сатып алу немесе өткізу
Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Мемлекеттік наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткізу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе
бүлдiру
1. Азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлiгiн немесе жеке басының басқа маңызды құжатын ұрлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, немесе мөрлердi ұрлау, жою, бүлдiру немесе жасыру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi,
мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан
жасау, дайындау немесе өткізу
1. Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе сату -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
326-бап. Әскери қызметтен жалтару
1. Осы қызметтен босату үшiн заңды негiздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;
б) ауруды сылтаурату жолымен;
в) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеу органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
327-бап. Өзiнше билiк ету
1. Өзiнше билiк ету, яғни заңмен белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiретiн өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыруы -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 328-бап өзгертілді
328-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкiмет
өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен
иелену
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
329-бап. Мемлекеттік туды заңсыз көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-II Заңына сәйкес 330-бап өзгертілді
330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасынан әдейi заңсыз өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.03.01 ж. № 164-II Заңына сәйкес 330-1-баппен толықтырылды
330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бір айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзімге қамауға алуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-II Заңына сәйкес 330-2-баппен толықтырылды
330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екі айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не өзінің қызмет өкілеттігін пайдаланып жасаса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-II Заңына сәйкес 330-3-баппен толықтырылды
330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін
тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бес айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы -
жеті жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
құқыққа қарсы өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары
мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест атауын заңсыз пайдалану -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
333-бап. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу
Қалааралық байланыстың кабель желiлерiн бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше
шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін бұзу
1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiрсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне немесе демонстрацияларға белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға алып келсе -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге
басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына
кедергi келтiру
Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
336-бап. Қоғамдық бірлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік
органдардың қызметiне заңсыз араласуы
1. Қоғамдық бірлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың функцияларын иемденуi, сол сияқты мемлекеттік органдарды саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табыстарының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Қоғамдық бірлестiктiң басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңдарымен (бұр. ред. қара) 337 - бап өзгертілді
337-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестiктер құру немесе
олардың қызметiне қатысу
1. Қызметi азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болған дiни немесе қоғамдық бірлестiктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты дiни негiздегi партия, не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партиялар немесе кәсiптiк одақтар құру немесе оған басшылық жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық, әлеуметтiк, таптық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде жүзеге асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттің қауiпсіздiгiне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бірлестiк құру, сол сияқты осындай бірлестiкке басшылық жасау -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде аталған бірлестiктердiң қызметiне белсене қатысу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) 337-1-баппен толықтырылды
337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бірлестiктiң не өзге
де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына
байланысты олардың қызметiне тыйым салу
немесе тарату туралы сот шешімінен кейiн
олардың қызметiн ұйымдастыру
1. Қоғамдық немесе дiни бірлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiн ұйымдастыру, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгілi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгі мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоғамдық немесе дiни бірлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiне қатысу, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қоғамдық немесе дiни бірлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметіне қатысуды өз еркiмен оқытқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.