Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1507 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 Қаулысымен күші жойылды
Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және
техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу
құқығына лицензиялар берудiң
Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік лицензияларының ретiн, оны берудiң шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi.
2. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметі ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындауды жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады.
3. Лицензиялардың түрлерi:
1. Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi:
Субъектiлер бойынша:
1) жеке тұлғаларға берiлетiн;
2) заңды тұлғаларға берiлетiн лицензиялар.
2. Қызмет ауқымы бойынша:
заңды және жеке тұлғалардың күзет сигналын беру құралдарын монтаждаy, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар.
3. Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын;
2) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бір аумағымен шектелетiн.
4. Лицензиялар беру жөніндегі уәкiлеттi орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады.
Лицензиар заңдарға және осы Тәртiпке сәйкес өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттiктер берудiң тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңды және жеке тұлғалар тек атауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты бар арнайы техникалық құралдарды ғана пайдалана алады.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі
5. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысуға лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндеттi:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбіртек;
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 5-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) көрсетiлген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензия алу кезінде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына лицензиаттың сәйкестiгін растайтын құжаттар.
6. Заңды тұлға құрусыз қызметтiң осы түрiмен айналысатын жеке тұлғалар, лицензияны заңды тұлға үшiн белгiленген тәртiппен алады.
7. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
8. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда лицензиат бір айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бір ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат төлқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.
9. Лицензия беруден бас тарту:
Лицензия:
1) осы Тәртiпте белгiленген біліктілік талаптарына сай келмейтiн заңды немесе жеке тұлғаларға;
2) егер өтiнiш берушiге қатысты оған кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса;
3) егер кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе;
4) егер 5-тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етiлмесе берiлмейдi.
10. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады. Өтiнiш берушi ол бойынша лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
11. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
12. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмеген немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнген жағдайда, ол бір ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
13. Лицензия:
1) лицензия қайтарылып алынған;
2) лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
14. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады.
15. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi.
16. Лицензия:
1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған;
2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған;
3) лицензиар ол бойынша лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
17. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
18. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негiзiнде қайта күшiне енедi.
3. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және
техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен
айналысу құқығына лицензия алу кезiнде заңды және
жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
19. Заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алуға үмiткер ұйым басшысының жұмыстың осы бейiнiне сәйкес келетiн жоғары білімi болуы мiндеттi;
2) радио жиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болуы;
3) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсат етiлуi және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі болуы;
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 19-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.
20. Жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) өтiнiш берушiде осы жұмыстың бейiнiне сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық білімiнiң болуы мiндеттi;
2) өтiнiш берушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсаты және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі болуы.
3) радиожиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындылары;
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 411 қаулысымен 20-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.
4. Есепке алу және бақылау
21. Осы Тәртiптiң негiзiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бірыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi.
22. Әрбір берiлген лицензия бойынша лицензиар өтiнiшпен бірге ұсынылған барлық құжаттар сақталатын байқау iсiн жүргiзедi. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады.
23. Осы Тәртiпке сәйкес лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
24. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды ұсынуды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
25. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиар лицензияның көшiрмесiн бередi.