"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 Қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 390 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оның жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын Қоғамның жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының елу пайыз үлесiн қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 200000 (екi жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде ақша бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорнымен Қоғам құру туралы құрылтай шартын жасасуды;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берудi;
3) Қоғамды құру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-61-жолмен толықтырылсын:
"21-61 "Бәйтерек" бiрлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 281-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне
281. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ";
3) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 54-жолмен толықтырылсын:
"54. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ (Астана қаласы) 50%;
4) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"Акцияларының мемлекеттік пакетi Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне иелiк
етуге және пайдалануға берiлген акционерлік қоғам
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамы, Астана қаласы".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |