“Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 390 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "төленетін күнге" деген сөздер "Құрылтай шарты мен Жарғыға қол қою күніне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |