ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бақылау секторы Үкімет Регламентінде көзделген әр түрлі іс-шаралар жоспарларын бекітуді көздейтін енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын тіркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтіндерінде және іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктерді, оның ішінде негізделмеген орындау мерзімін, аяқталу нысанының дұрыс еместігін және орындаушыларды дұрыс белгілемеуді анықтаған кезде бұл жобалар әзірлеушіге тіркеусіз қайтарылады.
Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір актісіне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады және тіркеу-бақылау карточкасын толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
1) бақылаудағы актінің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;
2) бақылаудан алу туралы ақпарат;
3) бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ескертпелер, ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілерін, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер өтпелі болуы және толық шешіліп, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.
Президенттің тапсырмаларын, оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде Кеңсенің орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қағаз және/немесе электрондық түрдегі бақылаудағы құжаттарды және олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы жауаптар мен есептер Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары тұтас құжаттың орындалуын бақылау бекітілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі, ал олардың электрондық құжат нысанындағы көшірмелері бекітуге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарын орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге және БҚҚБ-ға жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған болса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы басшылыққа хабарлауға және 2 (екі) күн мерзімде осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан хаттар және/немесе жауаптар алғаннан кейін есепке олардың уақтылығы, орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді.
Қараудың нәтижелері бойынша жауапты орындаушы нақты тұжырымдары мен ұсыныстары бар қызметтік жазбахат (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың бақылаудағы әрбір тармағы бойынша) және/немесе тиісті қарар жобасын дайындап, Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді. Бақылаудағы және бақылауға алынбаған құжаттар бойынша қарардың және/немесе қызметтік жазбахаттың жобасын дайындау және Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына енгізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелгенінен кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау қорытындыларының нәтижесіне байланысты жауапты орындаушы орындау мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет және Кеңсе басшылығына:
1) Президенттің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша - оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан Президенттің немесе Тұңғыш Президент - Елбасының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;
2) Президенттің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын.
Президенттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылау түрлерін ауыстыру, орындау мерзімін ұзарту, бақылаудан алу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады;
3) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және басшылықтың тапсырмалары бойынша - хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.
Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын бақылаудан алуды, мерзімін ұзартуды Премьер-Министр ғана жүзеге асырады.
Бұл ретте мемлекеттік органдар тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімі көрсетіле отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етіледі;
4) мемлекеттік органның Үкімет басшылығының тапсырмасын сапасыз орындағаны немесе орындамағаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет басшылығының атына тиісті қарар не жазбахат дайындайды.
Жазбахатта:
1) тапсырманы қамтитын құжаттың атауы (хаттама, қаулы, Премьер-Министрдің өкімі және т.б.), құжаттың нөміріне, күніне және тапсырманың тармағына сілтеме;
2) жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;
3) бастапқы орындау мерзімі;
4) орындаудың ұзартылған мерзімдерінің күндері (егер болса);
5) «орындалды», «ішінара орындалды», «орындалған жоқ» деген нақты тұжырымдармен тапсырманы орындау нәтижелері бойынша бағалау;
6) орындау мерзімін ұзарту немесе орындаудың жаңа мерзімін белгілеу туралы ұсыныс;
7) Үкімет басшылығының тапсырмасын орындау мерзімін қайта ұзартқан жағдайда, жауапты мемлекеттік саяси қызметші - мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныс көрсетіледі.
БҚҚБ Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы қарарының негізінде ЭҚАБЖ деректер базасында орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты белгілейді (орындаудың жаңа мерзімі белгіленген кезде мемлекеттік органға ұзарту көрсетілмейді);
5) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша - Парламент депутаттарына жауап жобасын немесе белгіленген тәртіппен дайындалған Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын ұсынады.
Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігінің себептері мен негіздері, сондай-ақ жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.
Премьер-Министр және оның аталған мәселеге жетекшілік ететін орынбасары болмаған жағдайда, жауапты орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты Кеңсе Басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның қол қоюына енгізеді.
Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол (бұрыштама) қоюға уақтылы ұсынылуы, сондай-ақ хат-хабарға қол қойылғаны туралы орындаушыларды уақтылы хабардар ету үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне жүктеледі.
Президенттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде қолбелгі қояды.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Осы Нұсқаулықтың 12-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тапсырманы орындауға және оны Кеңседе алып жүруге тікелей жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Орындалу мерзімі көрсетілген, басшылықтың қарарлары не бақылауға қою туралы нұсқау не «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және тағы сол сияқты белгілері бар құжаттарды адресаттарға жіберу алдында олар міндетті түрде БҚҚБ-ға тапсырылады, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» немесе «БАҚЫЛАУДАН АЛЫНДЫ» деген мөртаңбаны қояды.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды БҚҚБ жүзеге асырады.
Орындау мерзімі көрсетілген және/немесе мемлекеттік органдарға не лауазымды адамға мерзімі көрсетілмеген ақпаратты (нормативтік құқықтық актілердің, баяндаманың, есептердің жобасын және т.с.с.) Үкіметке (Кеңсеге) енгізу туралы тапсырма берілетін Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен кеңестер хаттамаларының барлық тармақтары, сондай-ақ кеңес өткізген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) немесе хаттаманың бақылаудағы тармағын орындау бекітілген құрылымдық бөлімше меңгерушісінің (немесе оның бақылауға жауап беретін орынбасарының) ұсынысы бойынша хаттамаларда көрсетілген өзге тармақтар бақылауға қойылады.
Хаттаманың тармақтарын бақылауға алу туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы хаттаманың жобасын дайындау кезінде ЭҚАБЖ-да ресімделеді және орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
«ҚПҮ» белгісі бар хаттамалар БҚҚБ-ға қағаз түрінде және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-1-тармақ жаңа редакцияда
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырыстары хаттамаларының, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі мен Экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.
Президенттің жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімі жүзеге асырады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. БҚҚБ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге құқығы бар.
Тиісті қорытындылар, кінәлі лауазымды адамдарға, оның ішінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар бақылаудың нәтижесі болып табылады.
БҚҚБ Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде бақылау жүргізудің жоспар-кестесін ресімдеп, Кеңсе Басшысына бекітуге енгізеді.
Келесі есепті жылға арналған жоспар-кесте орталық және жергілікті атқарушы органдарда алдыңғы жылдағы орындаушылық тәртіп көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша бекітіледі.
Бұл ретте жоспар-кесте қажеттілігіне қарай түзетілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 18-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары) бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері апта сайын әр жұмада сағат 16.00-ден кешіктірмей бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы адам қол қойған бақылаудағы әрбір тармақ бойынша ақпаратты БҚҚБ-ге береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына БҚҚБ апта сайын әр бейсенбіде сағат 12.00-ге дейін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 18-3-тармақпен толықтырылды
18-3. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай БҚҚБ-ға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бақылаудағы тапсырмаларды орындауы туралы ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 18-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 18-4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4. Кеңсе Басшысы ай сайын Премьер-Министрге Президенттің, Үкімет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы әрi сапалы орындалуы, заңнамалық және нормативтiк құқықтық актілер жобаларының әзiрленуi, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы бойынша жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-1-тармақ өзгертілді
19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, Премьер-Министрдің орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ өзгертілді
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі бар орган жауапты болып табылады.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі болмаса, тапсырмада тізбеленген органдардың барлығы өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.
Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.
Тапсырмада «келісілген», «бірыңғай» деген анықтауыштар болған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша тапсырмада тізбеленген бірлесіп орындаушы барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмада тізбеленген мемлекеттік органдар аталған мәселе бойынша тиісті ұстанымның әзірленуін және кеңеске шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):
1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;
2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;
3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;
4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.