ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Президенттің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламент палаталарының хаттары мен Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде тиісті тапсырманы Кеңседе тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына, ал «өте шұғыл» деген белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.
Мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс
28. ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын
қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау тәртібін регламенттейді.
Өтініш - бұл «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Кеңсеге жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.
Сұрау салу - бұл «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ақпарат иеленушіге айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер және сұрау салулар Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
Жеке тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі - ТБН) реттік нөмірден және «ЖТ» әріптік индексінен тұрады.
Заңды тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және «ЗТ» әріптік индексінен тұрады.
Анонимдік өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.
«Ақпаратқа қол жеткізу» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат беру туралы өтініш тіркелген жағдайда тіркеу нөміріне «С» әріптік индексі қосылады.
Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш және сұрау салу қайта түскен кезде «екінші», «үшінші» және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің және сұрау салудың бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де «Қайталама» деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға алдыңғы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:
1) алдыңғы өтініш және сұрау салу бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;
2) түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш және сұрау салу иесі жауап алмаған болса, бұрын жіберілген өтініштің және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;
3) алдыңғы өтінішті және сұрау салуды қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш және сұрау салу қайталама болып саналады.
Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері және сұрау салулары бірінші өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары өтініш беруші ЭЦҚ-ның, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің және заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірінің тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.
Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер және сұрау салулар бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің және сұрау салудың (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті және сұрау салуды қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет (1-қосымша).
Жеке тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтінішті және сұрау салуды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, өтініштермен жұмыс істеу секторының өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкерінің тегі мен инициалдары көрсетілген талон (1а-қосымша) беріледі.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер бірінші өтінішті және сұрау салуды тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші және сұрау салуы бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары қайталама болып саналады. Сол автордың әртүрлі мәселелер бойынша өтініштері және сұрау салулары бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш және сұрау салу түскен кезде бірінші өтініш және сұрау салу негізгі өтініш және сұрау салу ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке және сұрау салуға толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш және сұрау салу келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш және сұрау салу ретінде қаралады.
Сол бір мәселе бойынша авторға толымды жауап берілген көп мәрте келген өтініштер және сұрау салулар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне және сұрау салуларына «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға оның алдындағы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің өтініштермен жұмыс істеу секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде түбегейлі жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері және сұрау салулары қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге үш күн мерзімде хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Өтініштер және сұрау салулар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе БҚҚБ алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді және сұрау салуларды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, БҚҚБ-нің өтініштермен жұмыс істеу секторы арқылы жүргізіледі.
7. Жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін БҚҚБ-нің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. БҚҚБ-ның өтініштермен жұмыс істеу секторы басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша нақты мерзімдері көрсетілген, «баяндалсын», «хабардар етілсін» деген және Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін және басқа да белгілері бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштерге, сұрау салуларға және карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, бұл туралы БҚҚБ-ның өтініштермен жұмыс істеу секторы хаттың есеп карточкасының сырт жағына белгі қояды, тиісті түзету енгізеді және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепке алу деректерін енгізеді.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын болып белгіленеді және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.
Егер жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтініштің қаралуы аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Сұрау салуға жауаптар күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.
Сұрау салуға жауап беру кезінде қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу талап етілген жағдайда, Басшылық қарау мерзімін күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Сұратылатын ақпаратты беру Кеңсенің құзыретіне кірмейтін сұрау салу ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті орталық және/немесе жергілікті атқарушы және/немесе өзге органға жіберіледі, бір мезгілде бұл туралы сұрау салуды жіберген өтініш беруші хабардар етіледі.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай:
1) өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірі қабылданады.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген тәртіппен сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылады.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады, бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті және сұрау салуды бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге және сұрау салуларға жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде және сұрау салуларда қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері және сұрау салулары бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен сұрау салулар және оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін болмайтын, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылмаған, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері және сұрау салулары анонимдік деп саналады және оған мұндай өтініште және сұрау салуда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда өтініштермен жұмыс істеу секторы зерделеп, БҚҚБ-нің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер және сұрау салулар қаралуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен сұрау салулары және оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Анонимдік өтініштер және сұрау салулар өтініштермен жұмыс істеу секторында зерделенеді және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне БҚҚБ-нің меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын, азаматтардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Кеңсенің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісіндегі ақпараттық тақтаға ілінеді.
Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, өтініш пен сұрау салудың және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.
17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің БҚҚБ-і жүзеге асырады.
18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(карточканың бет жағы)
Түскен өтінішті және сұрау салуды
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
ТІРКЕУ
_____________________________________________________________________
Т.А.Ә. Тіркеу нөмірі Тіркелген күні
Өтініш берушінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
Өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды
_____________________________________________________________________
Әлеуметтік жағдайы Өтініштің және сұрау салудың қысқаша түсініктемесі
_____________________________________________________________________
Ұсыныс, өтініш, шағым, үн қосу, сұрау салу
Өтініш қай тілде жазылған
Қарарды орындаушының шифрі
_____________________________________________________________________
(карточканың сырт жағы)
Күні | Өтінішті және сұрау салуды кім жіберді, кімге | Қолхат |
Істі сақтау/том:
Орындалуы дейін ұзартылды
Бақылаудан алынды:
Тексерудің қорытындысы:
Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1а-қосымша
(талонның бет жағы)
ТАЛОН* (түбіртек) ТАЛОН (корешок) (талонның нөмірі/номер талона) Өтініш және сұрау салу/обращение и запрос __________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты-жөні не атауы / фамилия, инициалы либо наименование заявителя) __________________________________ «__» _____ 20__ ж./г. __________________________________ Өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкердің лауазымы, Т.А.Ә., қолы / должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего обращение и запрос __________________________________ __________________________________ (қолы / подпись) Талонды алушының қолы / подпись получившего талон ____ «__» сағ/час «__» мин. «__» _____ 20__ ж./г. | ТАЛОН* (жыртылмалы талон) ТАЛОН (отрывной талон) (талонның нөмірі /номер талона) Өтініш және сұрау салу/обращение и запрос __________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты-жөні не атауы / фамилия, инициалы либо наименование заявителя) __________________________________ қабылданды / принято. Қабылдаған / принял (лауазымы, тегі және аты-жөні / должность, фамилия и инициалы) __________________________________ __________________________________ (субъектінің атауы, мекенжайы және қызметік телефоны / наименование субъекта, адрес и служебный телефон) __________________________________ Ескертпе / примечание Өтініш және сұрау салу бойынша шешім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде қабылданатын болады. Решение по обращению и запросу будет принято в сроки, установленные законодательными актами Республики Казахстан. «__» ____ 20__ ж./г. ___________________ (қолы/подпись) |
(талонның сырт жағы)
* Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 14 маусымдағы № 66 бұйрығына қосымша Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесіне 3-қосымша Интернет ресурстың мекенжайы: http:\\service.pravstat.kz Адрес Интернет ресурса: http:\\service.pravstat.kz 1012 нөміріне SMS хабарлама SMS сообщение на номер 1012 Станционарлық телефон арқылы 8 800-080-7777 нөміріне Со станционарного телефона на номер 8 800-080-7777 Мобильді телефон арқылы 1414 нөміріне С мобильного телефона на номер 1414 Ескертпе\примечание: Барлық байланыс операторларына құны 15 теңге болатын SMS-хабарламаны қоспағанда, аталған көрсетілетін қызметтер тегін жүзеге асырылады. Указанные услуги, за исключением SMS-сообщения стоимостью 15 тенге на все операторы связи, осуществляются бесплатно. | |
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(карточканың бет жағы)
КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 20_жылғы «__»____________№________ (қабылданған күн) Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты_____________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы______________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________ ______________________________________________________________ Өтініштің қысқаша мазмұны______________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Қабылдау жүргізген адамның тегі__________________________________ ______________________________________________________________ |
(карточканың сырт жағы)
Кімге және не тапсырылды, күні__________________________________ ______________________________________________________________ Өтінішті қарау нәтижелері________________________________________ ______________________________________________________________ Жауапты қашан және кім берді____________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ |