«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 Қаулысы
(2009.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;
2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi;
3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары.
2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық
күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы қорғау құралдары:
1) резина таяқшалары;
2) инкассация мен құндылықтар тасымалдауға арналған бронды машиналар;
3) 1 және 5 қорғау сыныбының қорғау жилеттерi;
4) 1 және 3 қорғау сыныбының қорғау шлемдерi.
5) қол кісендері.
2. Арнаулы техникалық құралдар:
1) күзеттiк, дабылдық белгi беру жүйелерi;
2) өтудi бақылау жүйесi;
3) қосарлы қолдану техникасына жатпайтын теледидарлық
байқаудың бейне бақылаулық және бейне күзеттiк жүйелерi;
4) қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылыстарды айқындайтын детекторлар;
5) радиоактивтi, химикалық және басқа улағыш заттарды
айқындайтын детекторлар;
6) хабарландыруды беретiн жүйелер.
Ескерту:
1. Резина таяқшаны қолдану кезiнде олармен құқық бұзушының басынан мойнынан және бұғаналы жерлерiнен, iшi мен жыныс органдарынан ұруға тыйым салынады.
2. ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi құжаттарының
нысандары мен үлгiлерi
1. Жеке күзет ұйымының, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсi.
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады.
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады.
Сыртында, бет жағында:
КУӘЛIК
УДОСТОВЕРЕНИЕ
деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттік рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келісіледi.
2. Жеке күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
Куәліктің екі жағында жазулары бар көлемі 105 х 75 мм. бланкіге баспаханалық тәсілмен көк түсті бланкіде орындалады. Жапсырылатын фотосуреттің көлемі 3,5 х 4,5 см. құрайды.
Жеке күзетші ЛИЦЕНЗИЯ
УДОСТОВЕРЕНИЕ
КУӘЛІГІ частного охранника Серия ____ № __
Серия АА №000001 Берілген уақыты
Дата выдачи "___"________
Тегі/Фамилия___________________
Аты/Имя _______________________ На занятие ______________
Әкесінің/Отчество______________ (көрсетілген
аты _________________________
қызметтің түрі
вид оказываемых услуг)
фото
Бастық/Начальник ______________ Аймағында күзет ісімен
(уәкілетті Айналысуға құқығы бар
наименование Имеет право заниматься
______________________________ охранной деятельностью
органның атауы на территории ___________
уполномоченного органа) _________________________
_________________________
Қолы/Подпись _________________
Действительно до
"____"___________________
М.о. Берілген уақыты Дейін күшінде
М.п. Дата выдачи
_______________________
"____"_________________
________________________________
!Күзет қызметін жүргізуші !
!субъектінің атауы !
! !
!____________________ !
!______________________________!
!_____ !
!
!Мекен-жайы !
!______________________________!
!2000 ж. "___"_______ !
!Лицензия № _____ !
!______________________________!
! № ______ КУӘЛІК !
! !
!Т.А.Ә. _______________________!
!______________________________!
!______________________________!
!М.о. __________ лауазымында !
! Бастық _____________ !
!______________________________!
__________________________
! КУӘЛІК !
! УДОСТОВЕРЕНИЕ !
! !
! !
__________________________
ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
Бекітілген
Күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау
мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары
Күзетші, басшы лауазымдарындағы жеке күзетшілерді, күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мынадай біліктілік талаптарына сай келетін мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі:
сабақтар өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;
оқыту бағдарламасында көзделген арнайы және техникалық құралдардың болуы;
атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған атыс тирінің болуы;
оқытылатын пәнге сәйкес біліктілігі мен білім беру деңгейі бар оқытушылар құрамының болуы.
Бір оқыту курсының ұзақтығы өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын жеке күзетшілер, күзетшілер және жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінің басшылары үшін 99 оқу сағатын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 146 оқу сағатын құрайды.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық білім негіздері - 10 сағат;
қызметтік даярлық - 19 сағат;
арнайы техника және байланыс негіздері - 4 сағат;
криминалистика - 8 сағат;
атыс даярлығы - 24 сағат;
арнайы дене шынықтыру даярлығы - 20 сағат;
медициналық даярлық - 4 сағат;
терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.
Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық білім негіздері | 10 | 10 | - |
2. | Қызметтік даярлық | 19 | 14 | 5 |
3. | Арнайы техника және байланыс негіздері | 4 | 3 | 1 |
4. | Криминалистика | 8 | 5 | 3 |
5. | Атыс даярлығы | 24 | 10 | 14 |
6. | Арнайы дене шынықтыру даярлығы | 20 | 6 | 14 |
7. | Медициналық даярлық | 4 | 3 | 1 |
8. | Терроризмге қарсы даярлық | 10 | 5 | 5 |
| Жиыны | 99 | 56 | 43 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері |
1. | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары | 2 | 2 | - |
2. | Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік | 2 | 2 | - |
3. | Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері | 2 | 2 | - |
4. | Қызметтік қаруды және арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері | 2 | 2 | - |
5. | Жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 10 | 10 | - |
2. Қызметтік даярлық |
1. | Мемлекеттік емес күзет қызметін ұйымдастыру, оның міндеттері мен негізгі бағыттары | 1 | 1 | - |
2. | Құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу | 2 | 2 | - |
3. | Күзет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. Күзет қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі | 2 | 2 | - |
4. | Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тексеру жүргізудің негіздері мен тәртібі | 2 | - | 2 |
5. | Күзет қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдары. Құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу | 2 | 2 | - |
6. | Стационарлық күзетілетін объектілерде, айналып өтетін постыларда және ұтқыр топтарда қызмет өткеру тәртібі | 3 | - | 3 |
7. | Қызметті ұйымдастыру және оны өткерудің ерекшеліктері: а) банктерде және басқа да зор материалдық құндылықтар сақталатын орындарда; б) сауда мекемелерінде | 2 | 2 | - |
8. | Оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау | 2 | 2 | - |
9. | Қысылтаяң жағдайлар. Жағдайға баға беру психологиясы. Қысылтаяң жағдайдың дамуын болжау. Өзін-өзі ұстай білу | 2 | 2 | - |
10. | Кәсіптік мәдениет және әдеп | 1 | 1 | - |
| Барлығы | 19 | 14 | 5 |
3. Арнайы техника мен байланыс құралдарының негіздері |
1. | Қазіргі заманғы белгі беру құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары. Бөтен адамдар кірген жағдайда іске қосылу белгілері | 1 | 1 | - |
2. | ОБП және дербес белгі беру құралдары арқылы объектілердің күзетілуін ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті белгі беру құралдарын құру жолымен аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары | 1 | 1 | - |
3. | Күзетте қолданылатын сымды және радиобайланыс құралдары | 1 | 1 | - |
4. | Күзет-өрт дабылы құралдарының объектілердің күзетін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 4 | 3 | 1 |
4. Криминалистика |
1. | Оқиға болған жерді тексеру әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау | 3 | 3 | - |
2. | Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері | 2 | 2 | - |
3. | Сөзбен сипаттау портретін іздестіру мақсатында пайдалану | 3 | - | 3 |
| Барлығы | 8 | 5 | 3 |
5. Атыс даярлығы |
1. | Атыс негіздері. Баллистика | 2 | 2 | - |
2. | Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі | 4 | 4 | - |
3. | Қызмет қаруының мақсаты, ұрыстағы ерекшелігі, құрылысы | 4 | 2 | 2 |
4. | Қызмет қаруының материалдық бөлігі | 3 | - | 3 |
5. | Қарумен атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері | 2 | 2 | - |
6. | Қарудан оқ ату тәсілдері мен ережелері | 2 | - | 2 |
7. | Қызметтік қаруды ұстау кезіндегі қауіпсіздік шаралары | 2 | - | 2 |
8. | Тапаншадан, автоматтан және винчестерден оқ атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі | 2 | - | 2 |
9. | Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу жөніндегі сынақ. Практикалық атыстар | 3 | - | 3 |
| Барлығы | 24 | 10 | 14 |
6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы |
1. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын және қол кісендерін қолданудың құқықтық негіздері | 1 | 1 | - |
2. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын, қол кісендерін қолданудың негіздері мен тәртібі | 2 | 1 | 1 |
3. | Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданушы қызметкерлердің құқықтары мен жауапкершілігі | 1 | 1 | - |
4. | Сырттай тексеру тәсілдері. Қауіпсіздік шаралары | 2 | 1 | 1 |
5. | Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану | 2 | - | 2 |
6. | Әр түрлі қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау | 2 | - | 2 |
7. | Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған адамның соққы беруінен қорғану | 2 | - | - |
8. | Қарумен қауіп төндіруден қорғану және қылмыскерді қауіпсіздендіру әрекеті | 2 | - | 2 |
9. | Қылмыскердің босатылуы, оны ұстау және ілесіп жүру кезінде әріптесіне көмектесу | 3 | 1 | 2 |
10. | Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 20 | 6 | 14 |
7. Медициналық даярлық |
1. | Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек | 1 | - | 1 |
2. | Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны таңу | 1 | 1 | - |
3. | Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек | 1 | 1 | - |
4. | Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері | 1 | 1 | - |
| Барлығы | 4 | 3 | 1 |
8. Терроризмге қарсы даярлық |
1. | Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты | 2 | 1 | 1 |
3. | Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы дабыл алған кездегі іс-әрекет тәртібі | 3 | 1 | 2 |
4. | Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 10 | 5 | 5 |
Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің басшыларын арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
құқықтық білім негіздері - 32 сағат;
жеке күзет ұйымының, бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру негіздері - 39 сағат;
жеке күзет ұйымының, бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері - 12 сағат;
психологиялық даярлық - 6 сағат;
терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.
Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың
күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық
күзет бөлімшесінің басшыларын даярлаудың оқу жоспары
Р/с № | Бөлімнің атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1. | Құқықтық білім негіздері | 32 | 16 | 16 |
2. | Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері | 39 | 23 | 16 |
3. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері | 12 | - | 12 |
4. | Психологиялық даярлық | 6 | 2 | 4 |
5. | Терроризмге қарсы даярлық | 10 | 5 | 5 |
| Жиыны | 99 | 46 | 53 |
Р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
дәрістер | практикалық сабақтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері |
1. | Қазақстан Республикасының күзет қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, міндеттері және қағидаттары. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтары | 8 | 4 | 4 |
2. | Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері | 8 | 4 | 4 |
3. | Еңбек заңнамасының негіздері | 4 | 2 | 2 |
4. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлері қолданатын мәжбүрлеу шараларының құқықтық сипаттамасы | 2 | 2 | - |
5. | Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық әрекетке жатпайтын мән-жайлар. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануының құқықтық негіздері | 2 | 1 | 1 |
6. | Қылмыстың ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) | 4 | 2 | 2 |
7. | Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуы және инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі техникалық талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтер | 2 | 1 | 1 |
8. | Емтихан | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 32 | 16 | 16 |
2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері |
1. | Жеке күзет ұйымдарының, бөлімшелерінің қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, жіктеу, күзетуге қабылдау. Шарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау | 8 | 4 | 4 |
2. | Жеке күзет қызметін басқару | 8 | 4 | 4 |
3. | Әр түрлі мақсаттағы объектілерді күзету және оларда кезекшілік атқару ерекшеліктері | 6 | 2 | 4 |
4. | Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері | 4 | 2 | 2 |
5. | Жеке күзет ұйымының, бөлімшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету | 4 | 4 | - |
6. | Күзет ұйымдарының құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы | 3 | 3 | - |
7. | Жеке күзет ұйымдарындағы, бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есептің негіздері | 4 | 2 | 2 |
8. | Күзет қызметтерінің маркетингі негіздері | 2 | 2 | - |
| Барлығы | 39 | 23 | 16 |
3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері |
1. | Қызметтік және арнайы даярлық ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 4 | - | 4 |
2. | Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 4 | - | 4 |
3. | Өртке қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 2 | - | 2 |
4. | Террорға қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | 2 | - | 2 |
| Барлығы | 12 | - | 12 |
4. Психологиялық даярлық |
1. | Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы-бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері. | 1 | 1 | - |
2. | Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі, маңызы және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. «Қиын» бағыныстыларға психологиялық ықпал ету әдістері | 1 | 1 | - |
3. | Жеке тұлғаның қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы. Қысылтаяң жағдайдың ұғымы. Қысылтаяң жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындық. Психоэмоционалдық қобалжуды басу | 4 | - | 4 |
| Барлығы | 6 | 2 | 4 |
5. Терроризмге қарсы даярлық |
1. | Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері | 2 | 2 | - |
2. | Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары | 2 | 1 | 1 |
3. | Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы дабыл алған кездегі әрекет ету тәртібі | 3 | 1 | 2 |
4. | Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі | 3 | 1 | 2 |
| Барлығы | 10 | 5 | 5 |