6) шартпен көзделген конденсат көлемнiң 30%-тен кемiн қайтару немесе тараптардың келісімінде басқа қаралмаса, температура кестесiне қатысты 20%-тен астам (қайтарманың қызып кетуi) артық жылу тасымалдауды қайтару;
7) жылу тұтыну жүйелерiне қызмет көрсету үшiн дайындалған персонал болмау;
8) жылу пайдалану жүйелеріндегі қондыру пайдалану және қызмет көрсетудегi ақауларды жою жөніндегі Мемэнергияқадағалаудың және энергиямен жабдықтау мен энергия беру органдарының ұйғарымдарын белгiленген мерзiмдерде орындамау;
9) Мемэнергияқадағалау және энергиямен жабдықтау ұйғарымдарының өкiлдерiн жылу тұтыну жүйелерiне немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарына жiбермеу;
10) адамдар өмiрiне қауiп төндiретiн аварияларды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолданбау;
11) күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығы туралы қорытындысыз жылу пайдалану қондырғыларын және жүйелердi энергия берушi ұйымның жылу желісіне жұмысқа қосу жағдайларында оған жылу энергиясын толық немесе iшінара тоқтатуға құқылы.
Сонымен қоса, электрмен қамтамасыз етушi ұйым, ескертiлген мыналарды бұзған жағдайларда жылу энергиясын, 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) - тармақшаларда, шартта басқа көзделмесе, жылу берyдi тоқтатуға немесе шектеуге дейiн үш тәулiктен кем емес уақытта тұтынушыларды хабарландырып; - 10) тармақшада - дереу тоқтатуға құқылы.
33. Жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргiзу үшiн резерв қорек болмаған кезде, жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшiн абоненттердi ажыратулардың саны, ұзақтығы және тәртібі көзделуi тиiс.
34. Жылу қондырғыларын жөндеу жөніндегі жұмыстар тек жазғы уақытта ғана орындалуы тиiс.
Жылу энергиясын берудегi үзiлiс оны осы туралы ажыратудан бұрын 24 сағаттан кешiктiрмей ескертiле отырып, тұтынушы үшiн мүмкiндiгiнше жұмыстан тыс уақытта жүргiзiлуi тиiс.
Жылу қуаты мен энергиясының жетiспеушiлiгiнде жылумен жабдықтау жүйесiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымда, осы туралы тұтынушыны мiндеттi түрде хабардар ететiн, белгiленген тәртiппен әзiрленген, тұтынушыларды шектеу немесе ажырату кестелерi болуы мiндеттi және қажет кезде қосымша резерв көздерi ретiнде қолданысқа енгiзiлуi тиiс. Сонымен бірге жылу энергиясын кем бергенi үшiн резерв көздерiн пайдалану бойынша қосымша жұмсалған қаражат пен шығынның орнын толтыру жасасылған шартқа сәйкес кінәлi ұйымға жүктеледi.
35. Өз желісінде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану үшiн энергия беру ұйымы ажырату себептерi туралы оған мiндетті түрде хабарлап, абоненттiң жылу тұтыну желісін, жасасылған шартқа сәйкес кейiн толық берiлмеген жылу және кем берiлген энергия үшiн шығынның орнын толтыру үшiн қайра есептеумен, уақытша ажыратуға құқылы.
8. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi
ұйымдардың жаyапкершiлiгi
36. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар шартқа және оған қоса берiлген температуралық кестеге сәйкес тұтынушыға жылу энергиясын босатуды қамтамасыз етуге, берiлетiн жылу тасымалдағыштың параметрлерiн сақтауға, жылу тасымалдағыштардың параметрлерiнiң шарттықтарда келісілгеннен, егер тараптар келісімiнде басқа белгiленбесе, (берiлген жылу тасымалдағышының температурасы, берудегi және қайтарудағы қысым) +/- 5%-тен артық ауытқуына жол бермеуге мiндеттi.
37. Саласы төмен немесе осы Ереженiң 37-бабының ережелерінен ауытқулар бар жылу энергиясын алған кезде тұтынушы ол туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар етедi. Ол шаралар қолданбаған жағдайда, тұтынушының негiзделген өтiнiшiне сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым оған шартқа сәйкес айыппұл төлейді.
38. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның кiнәсiнен технологиялық мақсаттарға арналған будың шарттық параметрлерi төмендеген кезде тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға алдын ала хабарлап жылу энергиясын тұтынуды тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осы Ереженiң 40-бабына сәйкес тұтынушы алдында жауап бередi.
39. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар энергиямен жабдықтауда оның кiнәсiнен үзiлiстер болған жағдайда тұтынушыға шартқа сәйкес айыппұл төлейдi.
Тұтынушыны энергиямен жабдықтаудағы шартта көзделмеген үзiлiстер болған жағдайларда технологиялық жабдықтардың бұзылуына немесе саласыз өнiмдердi жаппай шығаруға әкеп соқтырған кезде, 42-тармақта көзделген жағдайдан басқа, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (ҚРАК) 9-бабының 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтейдi.
40. Берiлушi жылу тасымалдағыштың параметрлерiнiң келісілген мағынадағыдан ауытқу уақыты жылу энергиясын тұтынуды шектеу және оны толықтай босатпаудың себептерi, жылу жүйелерiн бөлу шекараларында тіркеу аспаптары және энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым мен тұтынушының жедел журналдағы шектеудiң басы мен соңын жазуы бойынша айқындалады.
Ескерту:
1) жылу энергиясын орта тәулiктiк тұтыну шектеудiң алдындағы үш жұмыс тәулiгіндегі тұтыну бойынша анықталады;
2) энергиямен жабдықтаушы ұйымның кiнәсi болып, тұтынушылармен уақтылы келісілмеген және жылумен жабдықтау шартында көзделмеген, оның жабдықтары мен желiлерiнiң мәжбүрлi тоқтауы, орындалмаған жөндеу немесе басқа да технологиялық бұзушылықтар танылады.
41. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушы алдында мына себептерден туындаған жылу тасымалдағыш параметрлерiнiң төмендеуi және жылу энергиясын толықтай босатпау үшiн материалдық жауапкершілiк артылмайды:
1) төтенше және осы кезде алдын алу мүмкiн емес жағдайларда (табиғи құбылыстар, соғыс әрекеттерi ж.т.б.);
2) тұтынушы персоналының немесе бөгде адамдардың қате әрекетiмен олардың тұтынушылардың жылу және су құбырларын бұзуымен;
3) осы Ережелердiң 33-тармағында көзделген жылу энергиясын шектеу немесе берудi тоқтату ережелерiмен.
42. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар тұтынушы алдында тұтынушы шартты тұтынудан асуға жол берген немесе ол үшiн белгіленген жылу тұтыну режимдерiн сақтамаған кезеңдегi төмен параметрлi жылу энергиясын босатқаны үшiн немесе ол үшiн белгiленген жылу энергиясын пайдалану режимiн сақтамағаны үшiн жауапкершілiк артылмайды.
43. Тұтынушы жылумен жабдықтаушы ұйымның уақытша пайдаланудағы жылу жүйелерiне немесе жылу көзiне қосылған жағдайда төмен параметрлi жылу энергиясын босату немесе жылуды толықтай босатпау үшiн тұтынушы алдындағы материалдық жауапкершiлiк жылу энергиясымен пайдалану шартына қосымша келісіммен белгiленедi.
44. Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйымдар жылу энергиясын толықтай босатпау жөніндегі тұтынушының өтiнiшiн үш күндiк мерзiм iшiнде қарауға мiндеттi және толықтай берiлмеу фактiсi дәлелденген жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнің 9-бабының 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтейдi.
9. Пайдаланылған жылу энергиясы үшін есеп айырысулар
45. Тұтынушылармен оларға босатылған жылу энергиясы (ыстық су, бу) үшiн есеп айырысулар уәкiлетті мемлекеттік орган бекiткен белгiленген тәртiппен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
46. Энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар тоқсан басталғанға дейiн оннан кем емес күнтізбелi күнде тұтынушыларға жылу энергиясына тарифтердiң өзгергенi туралы хабарлауға тиiс.
47. Жылу энергиясын жылытуға, желдетуге, технологиялық қажеттерге алатын тұтынушылар үшiн бір ставкалы тарифтер белгiленедi. Тарифтер бу көзiнiң параметрлерi бойынша - iрiктемелi, өткiр, редукцияланған болып бөлiнедi.
48. Тұтынушыларға босатылатын жылу энергиясына тарифтер тұтынушылардың температураның кестесiне сәйкес жүйе суының конденсатын толық қайтаруынан шыға отырып белгiленедi.
49. Бу мен ыстық судың тұтынушылары қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес белгiленетiн шарттық тариф бойынша конденсаты немесе ыстық суды қайтармаумен немесе тым қызған жылу тасымалдағышты қайтарумен байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйымның шығындарын өтейдi.
50. Тұтынушының (абоненттің) арналы жүйелеріндегі жылу энергиясының шығындары онымен және субабоненттер арасында, егер келісімде басқа қарастырылмаса, олардың жылу энергиясын тұтыну үлесi мен жылу жүйесiнiң ұзындығына үйлесiмдi бөлiнедi.
10. Тұтынушыларға босатылатын буда жылу
энергиясының көлемiн анықтау
51. Тұтынушыға босатылған жылу энергиясының көлемi жылу желiлерiн бөлу шекарасында есептеледi. Желiлердi бөлу шекарасынан кейiн жылу энергиясының барлық шығыстары мен шығындары, егер келісімде басқа қарастырылмаса, тұтынушыға жатқызылады.
52. Тұтынушыға келетiн будағы жылу энергиясының көлемi бу көлемiнiң оның жылу мөлшерiне көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
53. Қайтарылатын конденсат үшiн тұтынушыға төлем мөлшерi оның жылу мөлшерiн ескере отырып шартпен айқындалады.
54. Жылумен жабдықтау шарттарында жылу тасымалдағыштың әрбір түрi және параметрi бойынша барынша сағаттық жүктеме, сондай-ақ тұтынушыға босатылатын жылу энергиясының жалпы көлемi белгiленедi.
55. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз жылу тасымалдағыштың әрбір түрi және параметрi бойынша бу мен ыстық судағы жылу энергиясын шартпен белгiленгеннен артық ең жоғары сағаттық жүктемелер тұтыну үшiн, егер шартпен басқа көзделмесе, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға шартпен рұқсат етiлген ең жоғары сағаттық жүктемеден артық тұтынылған энергияның бес еседен артық емес құнын төлейдi.
56. Шартпен көзделген iрiктемелiнiң орнына тұтынушыға оның келісімiнсiз қатты немесе редуцияланған бу босатылған кезде тұтынушылармен есеп айырысулар тұтынушы шын мәнiнде алған бу үшiн тариф бойынша жүргiзiледi.
57. Тұтынушы есептеу аспаптарының ақауларын анықтаған кезде дереу энергиямен жабдықтаушы және энергия босатушы ұйымдарды хабардар етуге тиiс.
58. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріндегі ауытқулар, егер аталған ақаулар Мемстандарт органдары белгiлеген нормалардан аспаса, мүмкiн деп саналады.
59. Есептеу аспаптарын тексеру туралы өтiнiш беру белгiленген мерзiмде тұтынушыны ол тұтынған энергия үшiн төлем төлеуден босатпайды.
60. Жылу тұтыну жүйелерiн өз бетiмен қосу немесе оларды есептеу аспаптарына дейiн қосу үшiн тұтынушы жылыту маусымы басталғаннан өз бетiмен қосу анықталған сәтке дейiн төлейдi.
Жылу пайдалану желісін өз бетiмен қосып алғаны үшiн тұтынушының актiге қол қоюдан бас тартуы оны белгiленген тәртiппен төлем төлеуден босатпайды.
11. Тұтынушыларға босатылатын ыстық судағы жылу
энергиясының көлемiн анықтау
61. Есептеу аспаптары болмаған кезде тұтынушыларға босатылатын ыстық судағы жылу энергиясының көлемi берiлетiн желi суының көлемiнiң оның жылу температурасы мен жылу сыйымдылығына және қайтарылатын жүйе суының көлемiн оның жылу температурасы мен жылу сыйымдылығының айырмасының көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
Су босатудың ашық жүйесiнде тұтынушыға босатылатын ыстық судағы жылу энергиясының көлемi су көлемiнiң оның жылу мөлшерiне және босатылатын және кейiнгi жылу сыйымдылығы мен су температурасының айырмасының көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
62. Ыстық судағы жылу энергиясымен пайдаланған кезде және энергиямен жабдықтаушы ұйымның температура кестесiн сақтауда тұтынушы қайтарылатын желi суын кесте бойынша оның дәрежесiнен аспайтын температурамен қайтаруға мiндеттi.
Берiлетiн жылу тасымалдағыштың температурасы энергиямен жабдықтаушы ұйым шартпен қабылдаған температуралық кестеге сәйкестендiрiледi.
Температураны реттеу күн мен түннiң сыртқы температуралары сегiз градустан артық айырмада тәулiгiне екi рет және температураның ауытқулары температурасы сегiз градустан кем ауытқу кезiнде тәулiгiне бір рет жүргiзiледi.
63. Орта тәулiктiк кестеге қарсы босатылатын жүйе суының температурасы көтерiлгеннен тұтынушыға шарттық көлемнен артық босатылған жылу энергиясын, егер шартта өзгеше көзделмесе тұтынушы төлемейдi. Шарттық көлемнен артық жылудың есебi тараптар қабылдаған әдiстеме бойынша есептеледi.
64. Жылуды ұқсатудың әртүрлi тәсiлдерінiң баланстық шектеріндегі тиiстiлiгi есебiнен температурасы қырық бес градусқа дейiнгi ыстық судың тұтынушыларға босатылатын жылу энергиясы үшiн есеп айырысулар жылу энергиясына тарифтердi бекіткен ұйымның келісіммен шарттық жеңiлдiктерге сәйкес жүргiзiледi.
65. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесiнде тұтынушы, шарттың ережелерiнде айтылған, бастапқы судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындық жөніндегі шығындарды төлеуге мiндеттi.
66. Жабық жүйелерде тұтынушы шартта көрсетiлген көлемнен су бөлудiң мөлшерiн асырып жiберген кезде немесе желi суын өз бетiмен бөлгенде тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға судың бес еседен жоғары емес құнын төлейдi.
67. Жылу тасымалдағыштың нормадан артық кемуiн энергиямен жабдықтаушы ұйым анықтайды және актiге тұтынушының көзiнше жазады.
12. Тұтынушылар қайтаратын конденсаттың көлемiн анықтау
68. Жылу энергиясын жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану кезiнде тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымға конденсаттың 95%-нен кем емесiн (егер келісіммен басқаша белгiленбесе) қайтаруға, ал ол өз кезегiнде қабылдауға мiндеттi, ал буды технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланған кезде конденсатты қайтару шартпен белгiленген көлемде және сапада жүзеге асырылады.
69. Қайтарылатын конденсат шартпен белгiленген көлемге және сапаға сәйкес келуi тиiс.
70. Егер тұтынушы қайтарған конденсаттың көлемi шарттық дәрежелерден асатын болса, конденсаттың шартпен белгiленген сапасы сақталған кезде, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жылу энергиясы үшiн ол төлейтiн сомасынан конденсаттың құнының мөлшерiнде шарттық көлемнен артық қайтарылған жеңiлдiк бередi.
71. Электр станциясына сапасы шарттық ережелерге сәйкес келмейтiн конденсат келген кезде тараптардың келісімi бойынша қайтарылған конденсаттың көлемiне шарттық төмендетiлген коэффициент қолданыла алады.
13. Төлем құжаттарын көрсету және төлеу тәртібi
72. Энергиямен жабдықтаушы ұйым босатылған жылу энергиясы үшiн тұтынушылармен есеп айырысуды төлем құжаттары бойынша жүргiзедi.
Есеп айырысулардың ережелерi мен нысандары жылумен жабдықтау шартында белгiленедi.
73. Банктерде есеп шоттары бар жылу энергиясын тұтынушылар төлемдi есеп айырысу құжаттары бойынша шартқа сәйкес жүргiзедi.
74. Қайтарылған конденсаттың сапасы мен мөлшерiн ескере отырып жылу энергиясы үшiн есеп айырысу, есепті кезең аяқталғаннан кейiн жасалады.
75. Тұтынылған жылу энергиясы үшiн уақытылы төлемеген кезде тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға кешiктiрген әрбір тәулiк үшін өсім төлейді. Өсімнің мөлшері жылумен жабдықтау шартымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1822 қаулысымен
бекітілген
Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен мәтін бойынша "газбен жабдықтау", "газбен жабдықтаумен", "газ", "газды", "газдың" деген сөздер алынып тасталды
1. Жалпы ереже
1. Осы ЕРЕЖЕ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалды және коммуналдық қызмет көрсету тәртібін, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету (бұдан былай - қызмет көрсету) ақысын белгiлейдi, сондай-ақ қызмет берушiлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай анықтамалар қолданылады:
коммуналдық қызмет көрсету - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан былай - электрмен жабдықтау), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңайындағы, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектілеріне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету;
қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан былай энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткізу болып табылады.
тұтынушы - коммуналдық қызметтi пайдаланатын азамат,
қызмет көрсетудi беру режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбір тұрпаты үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi;
энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су (бұдан былай - энергия) жеткізу және сату;
энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, суды тұтынушыларға жеткізудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым;
энергия - электр және жылу энергиясы, электр рыногында тауар болып табылатын су.
3. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау және қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Ережелерде жазылмаған мәселелер Электр энергиясын пайдалану ережелермен және қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық кесімдермен реттеледi.
2. Қызмет көрсетудi ұсыну тәртібі және шарттары
4. Қызмет көрсетудi беру Қызмет көрсетудi беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарттың (бұдан былай - Шарт) негiзiнде жүргізiледi.
Тұтынушылар ПМК басқармасына немесе жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы.
Шарт осы Ережеге қайшы келмеуi, ал оның мәтiнi аумақтық монополияға қарсы органдармен келісілуi тиiс.
Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келісімiмен басқаша көзделмесе) және осы Ережелердiң 35 және 38-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға:
1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлерiне;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына;
4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;
5) газбен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк берiлетiн газдың қысымына және жылу техникалық сипаттарына арналған нормативтiк-техникалық құжаттар арқылы белгiленетiн параметрлерге;
6) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға;
7) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.
6. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.
7. Қызмет көрсетудi ұсыну режимiнен мүмкiн деген ауытқулар мiндеттi тәртiппен шартта көзделуi тиiс.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
8. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және ПМК-мен немесе Тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi.
Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.
9. Есепке алу құралдарын қондыру мiндеттемелерi энергия берушi ұйымға жүктеледi.
Есепке алу құралдарын қондыруды қаржыландыру энергия берушi ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тұтынушы энергия берушi ұйымның сатып алынған және қондырылған есепке алу құралы үшiн кеткен шығынын энергиямен жабдықтауға жасалған шарт бойынша энергияға белгiленген тариф арқылы толтырады.
10. Тұтынушы жеке есепке алу құралдарын өз бетiмен сатып алуға және орнатуға құқылы. Мұндай тұтынушылар үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын тариф арқылы өтеу шартқа сәйкес есептеу құралдарын орнату үшiн ғана жүргізіледі.
11. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердiң дәлiздерi мен жекеленген пәтерлерге орнатылады.
Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиiс.
12. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн ПМК жауапкершiлiк арқалайды.
13. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз біреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе сол үй кiретін ПМК бір ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келісімiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желісіне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.
14. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
4) канализациялау - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;
5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн сым ұшында.
15. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, шарт бойынша қызмет берушi мен тұтынушы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес келтiрiлген нақты зиянның орнын толтыруы тиiс.
16. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының алдында энергия жеткізушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан (стихиялық құбылыстар, әскери iс-қимылдар және т.с.с.) туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды.
4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртібі
17. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
18. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi арасындағы келісім бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.
19. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi.
20. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргiзiледi. Бірнеше рет ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келісіледi.
21. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi.
22. Есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшiн алу мен энергия үшiн есептеулердi жазуды пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi.
Есеп Тұтынушыға, ал ол болмай қалған жағдайда онымен бір пәтерде тұратын тұтынушы отбасының кәмелеттiк жасқа толған мүшесiне тапсырылады.
Екi есептiк кезең iшiнде Тұтынушының кiнәсiнен пәтердегi немесе жеке үйдегi есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу мүмкiн болмаған кезде, Тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен оның берiлуiн тоқтатуға құқылы.
23. Тараптардың келiсуi бойынша есептеу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде Тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi Тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде Тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.