Аталған тармақта көрсетiлген баланстық шекарасы сәйкес келмеген жағдайда олар тiкелей шартта айқындалады.
41. Тұтынушы осы ереже мен басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес өз қарамағындағы электр қондырғылардың техникалық жағдайына, қауiпсiздiк техникасына және олардың пайдаланылуына, энергия мен қуатты тұтынудың шарттағы шамасына, жедел тәртiптiң сақталуына жауап бередi.
42. Тұтынушы барлық есеп схемасының бұзылуы мен есептеу құралдарындағы ақаулар туралы, жабдықтаушы желiлердiң сөнiп қалуымен байланысты болатын авариялар туралы, энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдарға қарайтын және бөлменiң ішіндегi немесе тұтынушының аумағындағы жабдықтың анықталған барлық ақаулары туралы дер кезiнде энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымға хабарлауы тиiс.
43. Электр берушi желiлердi, энергиямен жабдықтаушы ұйымның басқа тұтынушысына өткізу арқылы энергия беретiн бөлу пункттері мен абоненттің трансформаторлық қосалқы станцияларын жөндеуге жіберу, сондай-ақ аталған жабдықты жөнделгеннен кейін қосу желілеріне абонент жалғанған энергия беруші ұйыммен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
44. Тұтынушы жедел түрде қосу және энергия беруші ұйымның балансындағы, тұтынушының аумағында орналасқан электр желілерінің құрылысы мен жөндеу жөніндегі өндіріс жұмыстары үшін энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымның қызметшісін күннің кез келген мезгілінде қосалқы станцияның транзиттік бөлігіне кедергісіз кіре алуын қамтамасыз етуі тиіс. Энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым жұмыс аяқталған соң жұмыс істелген аумақ пен бөлмені тиісті қалпына келтірулері тиіс.
45. Электр энергиясын тұтынушылар:
1) ток қабылдағыштар мен коммерциялық есептегіш құралдардың тиісті техникалық жағдайын ұстауға, техникалық жағдайға қойылатын нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын талаптарды орындауға;
2) электр қуатын, электр энергиясы мен жылу энергиясын сатып алу-сату шартымен айқындалатын энергия тұтыну режимін сақтауға;
3) электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес жіберілген, берілген, тұтынылған электр қуатына, электр және/немесе жылу энергиясына өз уақытында ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электрлік және электр қондырғыларының техникалық жағдайы мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жасауды жүзеге асыру үшін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Мемлекеттік энергоқадағалау комитеті қызметкерлерін коммерциялық есептеу құралдарына жіберуге міндетті.
Электр энергиясын тұтынушылардың:
- тиісті сападағы электр энергиясын шартта көрсетілген шамада және мерзімде алуға;
- энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардан электр энергиясын дұрыс жібермеуден немесе сапасыз энергияны жіберуден туындаған шығынның орнын толтыруды талап етуге;
- электр энергиясын жіберумен және тұтынумен байланысты туындаған талас мәселелерді шешу үшін сот органдарына өтініш беруге құқығы бар.
46. Энергия беруші ұйым тұтынушылардың аумағында жөнделген аварияға қарсы автоматика құралдарының жұмысын тексерілуіне, қалыптылығына, дұрыстылығына жауап береді. Тұтынушы осы құралдардың сақталуы үшін жауапкершілік арқалайды.
47. Өндіріс пен электр қондырғылардың өзіндік шарттары - электрді тарту, жер асты, жарылу қаупі бар және басқа да өндірістер - болған жағдайда тұтынушылардың осы электр қондырғыларын пайдалану және олардың қауiпсiз қызмет көрсетуi жөнiнде белгіленген тәртiппен бекітілген арнайы нұсқаулары болуы тиiс.
7. Есептеу құралдарын орнату және пайдалану
48. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымнан келетiн және/немесе энергия берушi ұйым жiберетiн электр энергиясын есептеу үшiн қажетті құралдармен, ал электр энергиясын тәулiк бойынша пайдаланған кезде тәулiк бойғы сағат бойынша тұтынуды бақылап отыруға мүмкiндiк беретiн құралдармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Есептеу құралдары жоқ тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия берушi ұйымның желiлерiне жалғауға рұқсат етілмейдi.
49. Бір ғана энергиямен жабдықтау көзiнен әртүрлi тарифтiк топтағы бірнеше тұтынушы энергияны пайдаланған жағдайда әрбір тарифтiк топ үшiн есептеу құралы орнатылуы тиiс.
50. Есептеу құралдарын энергия берушi ұйым орнатуы тиiс.
Есептеу құралдары мен оларды орнату бағасын тұтынушы төлейдi.
51. Есептеу құралдарын қосу мен олардың қайтадан енгiзілген объектiлерге қосылуын тексерудi бұл жұмыстардың өндiрiсiне құқығы бар ұйымдар орындайды.
Есептегiштердi Мемлекеттік стандарт органдары белгiлеген мерзiмде тексеруде және ауыстыруды энергия берушi ұйым немесе тұтынушымен шарт бойынша осы қызмет түрiне рұқсаты бар басқа да мамандандырылған ұйым орындайды.
52. Есеп схемасы мен электр есептегіштер тұтынушының кiнәсiнен бұзылса, оларды жөндеу, ауыстыру және мемлекеттік тексеру тұтынушының есебiнен жүзеге асырылады.
53. Электр энергиясын есептеудiң бақылау құралдарын тұтынушылар пайдаланады және соларға қызмет көрсетедi.
54. Энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында есеп айырысу үшiн активтi және реактивтi энергияға (қуатқа) есеп жүргiзу есепке алу нүктесiнде жүргiзіледi.
55. Есептеушi электр санағыштары электр желiлерiнiң баланстық бағыныштылық шекарасынан басқа жерге орнатылған жағдайда желi учаскесіндегі шекарадан электр санағыштарын орнатқан жерге дейін электр энергиясының жоғалуы көрсетiлген желi учаскесінің балансындағы иесi есебiне шарт негiзiнде жатқызылады.
56. Электр энергиясын субабонентке берумен байланысты абоненттің электр желiсіндегі электр энергиясының жоғалуы шарт негiзiнде субабоненттерге олар тұтынған үлеспен жатқызылады.
57. Есептеуші электр санағышта қаптамаларының бекіткіштеріне орнатылған Мемлекеттік стандарт органдарының пломбасы болуы керек, ал электр санағыш қысқыштары мен ток трансформаторларының қақпағында энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымның пломбасы.
58. Есептеуші құралдарды қоректендіріп отыратын кернеу трансформаторларының ажыратқыш тартпасын, сондай-ақ есептеу құралдарының сымдарындағы қысқыштарды орағанда энергия беруші ұйым оны пломбамен бекітеді.
59. Есептеу құралдары мен есептеу құралдарын жабдықтайтын өлшеуіш трансформаторларға мемлекеттік тексеру Мемлекеттік стандарт белгілеген мерзімде жүргізіледі.
60. Электр энергиясын есептеу схемасын өзгертумен немесе бұзумен байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде абонент жұмысты бастамас бұрын бұл туралы энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия беретін ұйымды жазбаша түрде хабардар етіп, тиісті рұқсат алуға міндетті.
61. Жөндеу жұмысын жүргізу кезінде электр энергиясын есептеу энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия беретін ұйыммен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
62. Тұтынушы сараланған тәулік бөліктері мен белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша пайдалану үшін электр энергиясының шығынын есептеудің көптарифті есептегіш құралдарын орнатуға құқылы.
8. Электр энергиясын беруді шектеу және тоқтату ережелері
63. Электр энергиясын беру тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес үзіліссіз жүргізіледі.
Тұтынушылардың электр қабылдауының санаттары бойынша энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы нормативтік-техникалық құжаттармен талаптарымен сәйкес келуі тиіс.
64. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушы мен электр желілері ұйымын жазбаша түрде ескертіп, оған электр энергиясын толық тоқтатуға немесе бөліп беруге мына жағдайларда құқықты:
1) шартпен белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін ақы төлеудің жоқтығынан;
2) электр тұтыну мөлшерінің шарттан тыс электр энергиясының жұмсалуы және оның төленбеуі немесе электр тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы;
3) электр желілері ұйымдарының желісіне өз бетімен ток қабылдауды жалғап алуы немесе шартта келісілген белгісінен тыс қуатты көбейтуі;
4) ток қабылдауды есеп жүргізу аспаптарынан тыс жалғауы немесе электр энергиясына есеп жүргізу схемасының бұзылуы;
5) тұтынушының кiнәсi бойынша электр энергиясының сапалық көрсеткішін белгiсiне дейiн төмендеткенде электр желiлерi ұйымдары мен басқа да тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуi бұзылғанда;
6) электр энергиясына есеп жүргiзу аспаптарына электр желiлерi ұйымдарының өкiлдерiн жiбермеу.
65. Мемлекеттік энергия қадағалау органдары тұтынушыға электр энергиясын толық тоқтатуды немесе бөлiп берудi 64-тармақтың 5) тармақшасында қарастырылған жағдайда мiндеттеуге құқықты, сондай-ақ мына жағдайларда да:
1) апат, өрт тудыратын және адамдардың өмiрiне қауiп төндiретiн тұтынушылардың электр қондырғыларының қанағаттандырғысыз күйi;
2) тұтынушылардың электр қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі біліктi қызметкерлердiң жоқтығы;
3) Мемэнергияқадағалау органдарының нұсқамасын орындамағанда немесе тұтынушылардың электр қондырғыларына мемлекеттік энергия қадағалау өкiлiн жібермегенде.
66. Жабдықтарды жөндеу жөнiндегі жоспарлы жұмыстарды өткiзy үшiн резервтiк қоректенудiң жоқтығы және жаңа тұтынушыларды қосу кезiнде электр желiлерi ұйымдары осы мақсатта абоненттердi энергиямен жабдықтаудың санын және ағыту ұзақтығын шартта келiсуге тиiс.
Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйым алдағы ағытулар туралы кемiнде үш күн бұрын олармен күнiн және электр энергиясын берудегі үзiлiс уақытын келiсу үшiн тұтынушыны ескертуге міндетті.
Егер де тұтынушы ескерту алғаннан кейiн үш күн мерзiмде электр энергиясын берудiң күнi мен үзiлiс уақытына келiсуiн бермесе, электр желiлерi ұйымы оны өз бетiмен белгiлеуге құқықты. Электр энергиясын берудің үзiлiсi мүмкіндiгiне қарай жұмыстан тыс уақытта абонентті ағытуға дейiн бұл туралы кемiнде 24 сағат бұрын ескертуiмен жүргізiлуi тиiсті.
67. Апаттарды алдын ала ескерту немесе жою жөнiндегі кiдіртуге болмайтын шараларды қабылдау үшiн электр желiлерi ұйымдары тұтынушының электр қондырғысын 24 сағат iшiнде абонентке ағытудың себептерi туралы жазбаша түрде кезектей хабарлай отырып, ағытып тастауға құқықты.
Ерекше өндiрiстердi толық ағытып тастауға жол бермеу апаттық және технологиялық брондардың актiсiнде көрсетiлуi тиiстi.
68. Электр желісінің жоғары жүктемесiнiң сағатын шарт бойынша пайдалануға рұқсат етiлген қуатын тұтынушы арттырған жағдайда электр желiлерi ұйымы тұтынушыдан шартпен белгіленген белгiге дейiн жүктемесiн төмендетудi талап етуге құқықты.
Электр желілерi ұйымдарының шартпен белгіленген немесе берiлген шектеуiнiң мөлшеріне дейінгi жүктемесін төмендетуді тұтынушы уақытында орындауы тиіс. Электр желiлерi ұйымдарының жүктеменi төмендету туралы талаптарын 10 минут iшiнде орындамаса электр желiлерi ұйымдары тұтынушыны желiден бөлiп берудi немесе толық ағытып тастауды жүргiзуге құқықты.
9. Энергиямен жабдықтаушы және электр
желiлерi ұйымдарының жауапкершiлiгi
69. Абонентке электр энергиясын беруде электр желiлерi ұйымдарының кiнәсiнен үзiлiс кезiнде соңғысы орындау үшiн немесе орындауға жатпайтын шарттық мiндеттемелерге жауапкершiлiк алады.
70. Электрмен жабдықтаушы ұйым егер де оның кiнәсiнен тұтынушыны энергиямен жабдықтауда үзiлiс болып қалса, берiлмей қалған электр энергиясы үшiн ұйым тұтынушыға бес есе құнынан аспайтындай мөлшерде, егер бұл туралы шартта басқаша қарастырылмаса, айыппұл төлеуге мiндеттi.
Үзілiс уақыты тұтынушы мен электр желiлерi ұйымдарының құжаттары бойынша тұтынушыға энергия берудi тоқтатқан кезден бастап міндеттi мөлшердегi кернеуі мен жиілiгiнде энергия беру қалпына келтіргенге дейiн анықталады.
71. Қолданылған электр энергиясы үшiн толықтай алдын ала ақы төлеу талаптарын орындаған кезде тұтынушы құқы шарт мiндеттемелерiнің орындалмауымен бұзылса, электр желiлерi ұйымдарынан оған келтірілген шығындарды толық қайтаруды талап ете алады.
72. Электр желiлерi ұйымы тұтынушылар алдында босатылмаған электр энергиясы үшiн мына жағдайларда жауапкершiлiк алмайды:
1) төтенше жағдайлар туындағанда (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи апаттар, электр энергетикасы объектiлеріндегi өндiрiстiк апаттар);
2) тұтынушының қызметкерлерiнiң немесе тұтынушының объектілерінде бөгде тұлғалардың дұрыс жұмыс істемеуi, дұрыс қоспау, ағытып тастау немесе қайта қосу, ауа желiлеріндегі сымның ағытылып тасталуы, ауа және кабельдiк желiлердiң механикалық зақымдануы және басқа;
3) тұтынушыларға электр энергиясын берудiң осы Ережедегi 64 және 65 тармақтарында қарастырылған шектеу немесе тоқтату талаптарына.
73. Электр энергиясын электр желiлерi ұйымдарының кiнәсiмен толық босатпау орташа тәулiктiк шарттық мөлшерi мен осы тәулікте толық босатпау орын алған кездегi энергияны нақтылы тұтынуы арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.
Барлық қалған жағдайларда электр энергиясын беруде жол берiлген және осы тәулiктегi нақтылы тұтынуы мен соңғы үш жұмыс тәулiгi үшiн электр энергиясын тұтынудың орташа тәулiгi арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.
74. Энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым үш күн мерзiм ішінде электр энергиясының толықтай берiлмегендiгі жөніндегі тұтынушының өтiнiшiн қарауға мiндеттi және факт анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiнiң 9-бабы 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтеуi керек.
75. Электр энергиясын тұтынудағы шектеу уақыты мен толық босатпау себептерi электр желiлерi ұйымы мен тұтынушының жедел құжаттары бойынша анықталады.
76. Егер де тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану немесе тұтынушылардың электр қондырғыларындағы басқа да технологиялық бұзылулар кезiнде электр желiлерi ұйымдарының желісіне жалғанған басқа тұтынушыларға электр энергиясын толық босатпау орын алғанда соңғысының кiнәсiнен электр қондырғыларының техникалық пайдалану ережесi мен техника қауiпсiздігiн тұтынушының бұзуы нәтижесiнде бұл тұтынушы басқа тұтынушылардың электр желiлерiне төлеген сомасының көлемiнде электр энергиясын толық босатпау үшiн энергиямен жабдықтаудың шартына сәйкес жауапкершiлiк алуы мүмкiн.
77. Электр желiлерi ұйымы ГОСТ 13109-97 қарастырылған электр желiсіндегі баланстық қажеттілiктер шекарасындағы электр энергиясы параметрлерiнiң белгiсiн қолдап отыруға мiндетті.
78. Электр желiлерi ұйымы мен тұтынушының электр желiлеріндегі баланстық қажеттілiктерi шекарасындағы электр энергиясының шарттық сапалық көрсеткiштерi қолданылатын ГОСТ 13109-97 және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады.
79. Электр желiлерi ұйымы мен тұтынушы өзiнiң баланстық қажеттiлiктерi шекарасында электр энергиясының сапасына мерзiмдiк бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. Электр энергиясының сапасын мерзiмдiк тексеру шартпен, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай жылына кемiнде екi рет белгiленедi.
80. Төменгi жиіліктегі жұмыс уақыты электр желiлерi ұйымдарының және тұтынушының аспаптары бойынша анықталады.
Төменгi: жиiлiкпен жiберiлген электр энергиясының саны есеп айырысу кезеңіндегі орташа тәулiктiк жұмсалуы бойынша анықталады.
81. Төменгі жиiлiктегi жұмыс уақыты статистикалық немесе тiркейтiн аспаптар көрсеткiшi бойынша анықталуы мүмкiн. Тексерудің нәтижесi электр желілерi ұйымдары мен тұтынушылардың жасаған актілерiмен рәсiмделедi.
Төменгi жиiлiктегi электр энергиясының сапасы төменгi жиiлiктегi жұмыс актiсiн рәсiмдеу кезіндегі тәртібі сияқты анықталады.
82. Тұтынушының өндiрiстiк қажетi үшiн төменгi жиіліктегі электр энергиясын босату жағдайында бір уақытта бір немесе бірнеше көрсеткіштерi бойынша, электр желiлерi ұйымдарының кiнәсi бойынша тұтынушы 2.2. тармағына сәйкес электр желiлерi ұйымдарынан электр энергиясы тарифiне шегерiм талап етуге құқықты.
83. Электр желілерi ұйымы тұтынушылар алдында тәулiгiнде төменгі сападағы электр энергиясын босатқанда тұтынушы осы аралықта электрдi тұтынудың белгiленген тәртібін сақтамаса, электр энергиясы мен қуатының шарттық тұтыну мөлшерiн арттыруға жол берсе, электр желілерi енгiзген электрдi тұтынуы мен қуатын шектеудiң кестесiн орындамаса материалдық жауапкершiлiк алмайды.
84. Электр желiлерi ұйымы тұтынушылар алдында шартта көрсетілгендей жоғары немесе кернеудiң төменгi мөлшерiнің қарсы көлеміндегі электр энергиясын босатқанда, егер де тұтынушы электр желiлерi ұйымдарының желісінен тұтынатын шартта ескертiлген реактивтік қуатының (энергиясын) маңызында өзiнiң теңелтетiн қондырғыларын (синхронды қозғағыш, синхронды өтеуiш т.б) ұстап тұра алмаса материалдық жауапкершiлiк алмайды.
10. Электр энергиясы мен қуат үшiн есеп айырысу
85. Электр энергиясы үшiн тұтынушылармен есеп айырысу белгіленген тәртiппен бекітілген тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Тұтынушыларға жiберiлген электр энергиясы үшiн есептесу шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымның төлем құжаттары бойынша жүргiзiледi.
Жiберiлген электр энергиясы үшiн есептесу кезеңiнiң ұзақтығы, мерзімі мен есептесу нысаны электрмен жабдықтауға жасаған шартта айқындалады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым кемiнде он күн қалғанда тұтынушыны электр энергиясына тарифтердiң өзгертiлгендiгi туралы хабардар етуi тиiс. Бұл жағдайда энергиямен жабдықтауға шартты қайта жасау талап етілмейді.
86. Тұтынушылар жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатына екi ставкалы тариф бойынша электр энергиясын пайдаланғаны үшін есеп айырысады.
Тұтынушылар жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатына бір ставкалы тариф бойынша электр энергиясын пайдаланғаны үшiн есеп айырысады.
87. Екi ставкалы тариф 1 кВт шарттық жоғары қуаты үшін ақы төлеуден, электр желілерi ұйымдары желісінің жоғары жүктемесін қатысушы - негiзгi ставкадан, және тұтынушыға жiберiлген активтi электр энергиясының 1 кВт сағаты үшiн ақысы - қосымша ставкадан тұрады.
Шарттық қуатындағы электр энергиясының мөлшерi мен абонент жүктемесiнiң оның қосымша абоненттерінің жүктемесiн қосқандағы кестесiн толтыру коэффициентiнiң шарттық негізде алынған электр желiлерi ұйымдарының желісіне жоғары жүктеме кезеңіндегі есептесудің сағаттық қуатына электр желiлерi ұйымдарымен келісілген түрiнде болады.
Электр желiлерi ұйымдарымен келісілген қуат мөлшерiн тұтынушы екi ставкалық тариф бойынша есептеу кезiнде төлейдi, энергиямен жабдықтаудың шартында немесе оның қосымшасында қарастырылған мерзiмде абонентке дейiн жеткiзіледi.
88. Екi ставкалы тариф бойынша тұтынушылардың өндiрiстiк қажеттерге, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, алайда өндiрiстiк орындарға байланысты: цехтарға, зауыт басқармасына, қоймаларға, гараждарға, сондай-ақ меншiгі теміржол өтпелi жолдары мен технологиялық электрлендiрiлген көлiк кәсiпорындарының аумағын жарықтандыру мен басқа да қажеттерге жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатында жұмсалатын электр энергиясына төленедi.
89. Тұтынушылармен 750 кВ.А және одан жоғары, сондай-ақ 750 кВ.А қуатына дейiн жалғанған ғимараттар мен орындарға, өндiрiске байланысты емес - тұрғын поселкелер, жеке тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер, келушiлерге арналған үйлер, емханалар, кинотеатрлар, медпункттер, асханалар, мектептермен, бала бақшалар мен яслилерге жарықтандыру мен басқа да қажеттерге жұмсалатын электр энергиясы үшiн есеп айырысу баға көрсеткішімен белгiленген тиiстi топтағы тұтынушылар үшiн бір ставкалық тарифтер бойынша жүргiзiледi.
90. Егер де цех немесе басқа объектiлер кәсiпорыннан бөлек орналасса және олармен жалпы тарату желісі болмаса, бұл цехтармен немесе басқа жекелеген объектiлермен есеп айырысу тиiстi тұтынушылар үшiн кәсiпорындардың есебiнде қабылданған тарифiне қарамастан тарифтер бойынша жүргізiледi.
91. Электрлендiрiлген теміржол көлiк тартылыс мақсатында жұмсалған электр энергиясына жарық қосу мен тартылыс көмекші станцияларының жеке қажеттерiне қоса бір ставкалы тарифтер бойынша ақы төлейдi.
Осы тарифтер бойынша кеме жүретiн гидро қондырғыларына-каналдарға, шлюздарға, кеме көтергіштерге тиiстi жұмсалатын қажеттерге жұмсалған электр энергиясына ақы төленедi.
92. Электрлендiрiлген қалалық көлiгi (трамвай, троллейбус, метрополитен) жарық пен тартылыс көмекшi станциялары мен жолдарының басқа да қажеттерiне қосқандағы тартылыс мақсаттарына жұмсалатын электр энергиясына бір ставкалық тарифi бойынша төлейдi.
Метрополитен эскалатор қозғалысына, платформаларды, вестибюлдерді жарықтандыруға және басқа да техникалық қажеттерге жұмсалатын электр энергиясына осы тариф бойынша төлейдi.
Электрлендiрiлген қалалық көлiктiң басқа қажеттеріне жұмсалатын электр энергиясы тұтынушылардың тиiстi топтарындағы тарифтер бойынша төленедi.
93. Энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінiң жоғары жүктемесiне қатысатын шарттық қуаты есеп жүргiзетiн аспаптардың көрсеткiшiмен анықталатын тұтынушылардың нақты орташа салмақтағы жарты сағаттық жоғары жүктемесi бойынша шартта ай сайын тіркелiп отырады және электр желiлерi ұйымдары үнемi бақылау жасайды.
94. Энергиямен жабдықтаушы ұйым өз желісінiң жоғары жүктемелерiнiң таңертеңгiлiк және кешкiлiк сағаттарында тұтынушының жүктемесi үшiн бақылау орнатуға құқықты.
95. Егер электр желісінің жоғары жүктемесiнiң сағатында тұтынушының нақты жүктемесi шартта қарастырылған есеп айырысу кезеңiнiң аяғында маңызынан артқан жағдайда 1кВт үшiн белгiленген баға көрсеткішінің ақысы бойынша есеп айырысу айындағы тұтынушының нақты жоғары жүктемесiне ақы төлеу сомасына қайта есептесу жүргiзiледi.
Қосымша қуатқа ақы төлеу электр желiлерi ұйымдарынан әрбір нақты жағдайлардағы тиiстi рұқсатты алмай шарттық қуатымен салыстыру бойынша одан әрi пайдалануды арттыруға құқық бермейдi.
Тұтынушыда тұтынатын жоғары қуатын тiркейтiн аспаптар немесе есеп жүргiзу жүйелерi болған кезде ақы төлеу олардың көрсеткіші негiзiнде жүргiзiледi.
Тұтынушы желісінiң жоғары жүктемесiнiң сағатына жоғары нақты жүктемесiн тiркейтін есеп жүргiзетін аспаптары жоқ болған кезде ақы төлеу шарттық қуат мөлшерiнде жүргiзiледi.
96. Электр энергиясы үшiн есеп айырысу кезiнде электр желiлерi ұйымдарының желісіне күштелген шектеу енгiзiлген жағдайда электр желiлерi ұйымдары электр энергиясын тұтынудың белгiленген мөлшерін тұтынушының сақтау және тұтынушының жоғары жүктемесiн тiркейтiн есеп жүргiзетiн аспаптардың болу талаптары кезiнде шектеу енгiзiлген кездегi азайту мөлшерiне төленетiн қуат мөлшерi азаюға тиiстi, тұтынушының шарттың жүктемесiн азайту ескерiлуi керек.
97. Егер тұтынушының электр қондырғылары меншiктi блокстанциядан және электр желiлерi ұйымдарының желісінен қоректенсе тұтынушы оның қосымша абоненттерiнiң екi ставкалық тарифi бойынша есептелетiн қуатын қоса электр желiлерi ұйымдарынан алатын шарттық қуатына төлейді.
Мұндайда электр желiлерi ұйымдарымен келісілген кесте бойынша өткiзілетін блокстанциялардың негiзгi жабдықтарын жоспарлы жөндеу кезеңiнде есеп айырысу маңызы үшiн жөндеу кезеңінде желiден жүктеменiң артқан шарттық мөлшерi қабылданып, шартта тіркеледi. Қалған уақытта негiзгі блокстанциялардың қалыпты жұмыс жағдайында желiдегi шарттық қуат мөлшерi қабылданады.
98. Шарт негiзiнде осындай жүктеме кестесiнiң тұтынушылар-реттеушiлерi болып табылатын, электр желiлерi ұйымдарының желiсіне тәулiктiк жоғары жүктемелерге қатыспайтын және электр желiлерi ұйымдарымен келісілген кесте бойынша жұмыс iстейтiндер екi ставкалық тарифтің қосымша ақысы бойынша ғана электр энергиясына төлейдi.
Тұтынушы - жүктеменi реттеушiнiң электр қондырғыларының жұмыс режимi шартта көрсетiледi.
99. Шартта ескертiлген төленетiн қуатының мөлшерiн өзгерту қажеттілiгi кезiнде тұтынушы бұл туралы энергиямен жабдықтаушы және электр желiлерi ұйымдарына қуатын өзгертудi белгіленген мерзiмге дейiн бір ай бұрын тапсырыс бередi.
Тұтынушының мәлiмдеуiмен төленетiн қуатты азайтуы талап етiлгендегі негiзгі ақы төлеу есептелетін кездегi есеп айырысуға қабылданады, егер бұл азайту электрдi тұтыну мөлшерiн төмендетуiмен және жоғары жүктеменi белгілеуiмен есеп жүргiзетін аспаптардың болуы кезiнде кемiнде бір айға созылады.
100. Бірнеше қоректену желiлерi кезiнде шарттық жүктеме үшiн электр желiлерi ұйымдары желісінiң тәулiктiк жоғары жүктеме сағатындағы тұтынушының араласқан отыз минуттық жоғары жүктемесi қабылданады.
101. Тұтынушының нақтылы араласқан жартысағаттық жүктемесiне бақылау жасау электр желiлерi ұйымдары желісінiң жоғары жүктеме сағатындағы тұтынушының жоғары отыз минуттық жүктемесiн тіркейтiн санағыштар бойынша жүргiзiлуi тиiстi. Осындай электр санағыштардың екi немесе одан да көп болуы кезiнде оған жүктемелердi жинақтайтын (жинақтаушы) немесе автоматтандырылған есеп жүргізу жүйесi мен электр энергиясын тұтынғаны үшiн бақылау жасайтын арнайы құрылғылар орнатылуы тиiс.
Аталған құралдардың көрсетуiмен бақылау жасаудың тәсiлi мен талабы энергиямен жабдықтаудың шартында тіркелуге тиiс.
102. Егер кәсiпорын цехтарын орналастыру және оларды энергиямен жабдықтау схемасының талаптары бойынша кәсiпорынның аралас жоғары жүктемесiн белгiлеу тұтастай мүмкiн болмаған жағдайда шарттық қуаттың мөлшерiне есеп айырысу тұтынушының жеке цехтарының нақтылы жүктемелерi бойынша жүргiзiледi.
103. Егер екi ставкалық тариф бойынша электр энергиясы үшiн есептескен абонент қосымша абоненттерге бір ставкалық тарифтер бойынша энергияның бір бөлiгiн жiбередi, ол энергиямен жабдықтаушы және электр желілерi ұйымдарына электр желiсінiң жоғары жүктемелерiне қатысатын осы қосымша абоненттердiң маңызды жүктемелерінiң азайған қуатын төлейдi.